Жасуша қабырғасы-берік,серпімелі жасушаға белігілі бір пішін береді.Цитоплазматикалық мембранмен бірге жасушаның осмостық қысымын ұстайды. Жасуша бқлінуі мен метоболиттерді тасымалдауға қатысады.Бактерофагтарға,бактериоциттерге,т.б заттарға деген рецепторлары болады.Жасуша қабырғасы грам-оң бактерияларда қалың,50нм.Грам-терісте 15-20нм.Цитоплазмалық мембрана- липид, ақуыздан тұратын күрделі кешен. Ақуыздар молекуласы тыс жағында орналасып липидті бөлшегінің құрылысына мозаика тәріздес ілмектеніп орналасады. ЦПМ жартылай өткізгіштік қасиеті бар құрылым, қызметі әр түрлі.I. Жасушадағы метоболизмді реттеуге қажетті тұрақты осмостық қысымды бақылайды;II. Су және тұз алмасуын реттейді;III. Бактериялардың қоректенуін қамтамасыз етеді: Жасуша ішінде қоректік заттарды шоғырландырады, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды пермеаза ферментінің көмегімен сыртқа шығарады;IV. Гидролаза ферменттерін синтездейді;V. ДНҚ-ны синтездеуге қажетті ферменттерді топтастырады;VI. Цитоплазманың ішіне қарай бағытталған, бұралып бірнеше қабаттан тұратын құрылым-мезосома түзеді. Осындай құрылымның кейбіреулері нуклеоидпен байланысқан және микробтың бөлінуіне қатысады.Цитоплазма бактерияның негізгі көлемін құрайды. Ол колоидты мембрандық жүйеден тұрады. Цитоплазмада нуклеоид, рибосома, гликоген гранулалары, әр түрлі қосындылар орналасқан. Цитоплазманың дәне тәріздес болуы рибосомамен байланысты. Прокариоттардығы рибосоманың тұнбаға түсу жылдамдығы 70S мөлшері 15-20 нм, саны әр түрлі болуы мүмкін, мысалы, ішек таяқшасының рибосомасы 15 мыңға дейін болады. Жасушадағы ақуыздардың биологиялық синтезделуі полисомалардың көмегімен атқарылады.Бактериялық жасушаның цитоплазмалық қосындылары ақуыздық мембранамен қоршалған. Цитоплазма ішінде қосындыларға қоректіқ қор жатады.Бактериялық жасушаның негізгі энергетикалық қоры-волютин. Цитоплазма Нейссер адисмен боялады.Нуклеоид-бактерияларда ядро эквиваленті.Бактерияның орталқы айммағында орнд,шумақ сияқты тығыздалған,2 жіпшелі ДНҚ.Рамановский-Гимзе адисмен боялады.Капсула - бұл негізгі химиялық компонентті полисахаридтен тұратын көп қабыршақты фибриллярлы құрылым. Бактерия денесіне оңай бөліне алады. Патогенді бактериялардың вируленттік белгісіне жатады, өйткені ол бактерияны фагоцитоздың әсерінен қорғайды. Талшықтар-цитопалзмадағы базальді денешіктерден басталатын, бактериялық жасушадан бірнеше есе ұзын, табиғатты ақуызды жіпшелер. Олар микроорганизмге жылжымалық қасиет береді. Егер де бактерияның бір шетінде бір талшығы болса - оны монотрих, екі шетінде бір немесе бір неше талшығы болса - амфитрих, бір шетінде бір топ талшығы болса - лофотрих, ал барлық жағынан шығатын болса-перитрих деп атайды. Кірпікшелер немесе фимбриялар(пилилер,қылшықтар) -бактериялардың сыртқы қабатында болатын ақуыз табиғатты өсінділер. Фимбриялардың жынысты және жыныссыз типтері болады.Споралар - спора түзу тек қана таяқша тәріздес бактерияларға тән қасиет. Спора түзу үрдісі бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл кезде цитоплазманың тиісті жерінде нуклеоид және рибосома шоғырланады, қатая бастайды, мембраналармен қоршалады, сонан соң ол мембрана кальций тұздарынан және дипиколин қышқылынан тұратын қалың қабатқа айналады. Спораларды орналасуына байланысты: орталық, субтерминальді және терминальді. Спораны анықтау үшін Ожешко әдісінқолданады.
2. Бактериялардың морфологиясы. Спирохета, хламидия, риккетсия, микоплазмалардың морфологиялық ерекшеліктері және олардың адам патологиясындағы ролі.
«Бержди анықтамасы» 9 басылымы бойынша бактериялардың жіктелуі олардың жасуша қабырғасы құрылымы және Грам әдісімен бояуына қарай 4 бөлімге топтастырылған:
•Gracilicutes, нәзік қабатты, грам теріс;
•Firmicutes, қалың қабатты, грам оң;
•Tenericutes, жасуша қабырғасы жоқ, микоплазмалар;
•Mendosicutes, жасуша қабырғасы ақаулы, архебактериялар.
Морфологиясы бойынша бактериялардың келесі пішіндерін ажыратады.