1. Микроорганизмдердің жіктелу принциптері. Прокариотты жасушалардың құрылымдық элементтерін атаңыз. Прокариоттардың эукаритоттардан басты айырмашылығы



бет8/12
Дата01.09.2023
өлшемі61,39 Kb.
#105883
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Кемшіліктері: Қарапайым, еңбекқор емес, нәзік микроорганизмдерді (стрептококктар, пневмококктар, гемофильдер, гонококктар, анаэробтар) сынауға мүмкіндік береді. Бағасы жоғары болғандықтан кеңінен қолданылмайды.
Сериялық сұйылту әдістері МИК мәнін тікелей анықтауға негізделген.Минималды ингибиторлқы концентрация(МИК)мәнін анықтау үшін антибиотиктердің берілген концентрацияларын қоректік ортаға қосады, содан кейін зерттелетін микроорганизмнің культурасымен егіледі.Инкубациядан кейін көрінетін өсудің болуы немесе болмауы бағаланады.Пайдаланылатын қоректік ортаның сипатына қарай сорпадағы сериялық сұйылту әдісі мен агардағы сериялық сұйылту әдісін ажыратады.Қолданылатын сұйық қоректік ортаның көлеміне қарай сериялық макро- және микросұйылту әдістері де ажыратылады.
Құрамында 1 мл Мюллер-Хинтон сорпасы бар пробиркаларда бактерияға қарсы препараттың сериялық екі еселенген сұйылтулары дайындалады, мысалы, 100 мкг/мл – 1-ші, 50 мкг/мл – 2-ші, 25 мкг/мл – 3-ші, 12,5 мкг. / мл - 4-ші және т.б. Содан кейін әрбір түтікке 0,1 мл сыналған бактериялық суспензия қосылады. Дақылдарды 37°C температурада 18-24 сағат бойы инкубациялайды, содан кейін нәтижелер белгіленеді. Ортаның бұлыңғырлығының болмауы препараттың берілген концентрациясы болған кезде бактериялардың өсуінің кешігуін көрсетеді.
Артықшылықтары: Әдіс зерттелетін микроорганизмді сезімталдықтың белгілі бір категориясына жатқызуға мүмкіндік беретін сапалы нәтижелер береді және коммерциялық сынақ жүйелерінде жиі қолданылады.Оқшауланған микробтың антибактериалды заттарға сезімталдығын сандық бағалауға және препараттың минималды ингибиторлық концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді.
КЕмшіліктері: жоғары стерильділікпен сұйылту процесінің маңыздылығы, антибиотиктің төмен концентрациясының әсерінен төзімді формалардың пайда болуы, бұл емдеуді қиындатады.Сыналған антибиотик затының шын титрін есептеу
11. Грам оң коктар оппортунистік қоздырғыштар ретінде, жалпы сипаттама. S. аureus-ң патогенді факторлары, клиникалық көріністері, зертханалық диагностикасы.
Аэробты және факультативті граммон кокктар тобына екі қасиет тін.1) сфералық пішіні 2)грамм он боялуы.Олар спора түзбейді және қозғалмайды.Медицинада маңызды екі тұқымдасы бар Micrococcus.Streptococcaceae.
S. аureus-барлық түрі шар секілді,грамм он,жүзім жлғырына ұқсас шоқтық түзеді.Спора түзбейді,капсуласы жоқ.Жасуша қабырғасында рибитолтейхой және глиеролтейхой қыш. Пептидогликандар болады.Саысулы-тұзды агарда,сүтті-тұзды агарда өседі.Патогендік факторы-микрокапсула,жасуша қабығыынң компонеттері,агрессия ферменттері мен токсиндері.Стафилококктар өте бейімделгіш болып келеді.антибактериалды препараттарға тұрақтылығы жылдам дамиды.Стафилакооктар басқа ШПМ секілді оппортунистік аурулар тудырады.Тері және тері асты ауруларын,тыныс алу мүшелері ауруларын,жүйке жүйесі мен сезіну орталықтарының ауруларын,сүйек-бұлшықет ауруларын,зәр шығару,жыныс жолдарының ауруларын және т.б. көптеген аурулар тудырады.Жеделдетілге әдіс,бактериологиялық әдіс,серологиялық әдіс.Зерттеу материалды:қан,ірің,несеп,мұрын-жұтқыншақтығ шырышты қабаты.
12. Стрептококтар, жіктелуі, морфологиясы, дақылдық қасиеті. S. pyogenes-ң патогенді факторлары, клиникалық көріністері, зертханалық диагностикасы.
Streptococcaceae.тұқымдасына 7 класс кірегні,адам үшін патогендісі 6.
Тұқымдастығы: Streptococcaceae.
Туыстығы: Streptococcus
Түрі:Str.pyogens.Str.pneumoniae.Str.faecalis.Str.agalactiae
Стрепптокооктар ұсақ ,шар тәрізді,тізбектеліп немесе жұптасып ораналасады,грамм он,спорат түзбейдіқозғалмайды,көптеген штаммдары капсула түзеді.Жасуша қабырғасы -ақуыздан,көмірсудан,пептидогликаннна тұрады.Л пішінге женіл ауысады.Беткейлі фимбрияларында -липотейхой қыщқылы бар.Факультативті анаэроб,көмірсу,қан,сарысу,асцит сұйықтығымен байытылған қоректік ортада өседі.Тығыз қоректік ортада ұсақ,сұр түсті кологиялар түзеді.Сұйық ортада түбіне тұнба беріп өседі.Канды агарда альфа,бетта,гамма гемолиз береді.Патогендік факторына-микрокапсула,жасуша қабырғасының компонеттері,агрессия ферменттері мен токсиндері.Фимбрия ақуызы мен М ақуыз да патогенді факторы.Басқа ШПМ сияқты оппортунистік инфекциялар тудырады.Стрептоккотық инфекциялар-жедел стрептококтык аурулар-скралатина ,баспа,созылмалы -ревматизм,созылмалы тонзилит,жедел және созылмалы іріңді қабыну аурулары.
Диагностикасы.Экспресс,бактерилогиялық,серологиялық,қосымша пневмококк инфекцияға күманданганда бактериоскопиялық және биологиялық әдіс қолданылады.Зерттеу маретиалы ретінде-қан,мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатынан сүзінді,ірің ,қақырық т.б.
13. Коринебактерияларға жалпы сипаттама. C diphtheriae – дақылдық қасиеті, патогенді факторлары, зертханалық диагностикасы, арнайы алдын алуы.
Коринобактериялар грам оң,дұрыс емес пішінді,шеттері доғалданған,Олардың ішінде валютинин болады,олар қоретік зат қоры.Қозғалмайды,спора түзбейді,қышқылға сезімталғфакультативті анаэроб,өсіп-көюею үшңн арнайы қоректік орта қажет теді.Каталаза түзеді. 20 дан астам туыстан тұрады.Басым көпшілігі шартты патогенді.
C diphtheriae-факультативті анаэроб,өсу үшін қолайлы температура 37,рН-7,6.Арнайы қоректік ортада өседі.Ру,Леффлер,ұйытылған сарысу,Бучин ортасы,Тинсдаль ортасы.Патогендік факторына -дифтериялық экзотоксин жатады.Сонымен бірге,адгезиндер,бактероциндер,агрессия ферменттері,темір байланыстырушы ақуыздар да жатады
.Зерттеу заттары-жабынды,көз,мұрын-жұтқыншақ,т.б. бөліндісі.бактериологиялық әдіс,серологиялық әдіс.АДС ,АКДС препараттары 3 айлық нәрестеден бастап,ревакцинация 10 жыл сайын.
14.Бактериальді ішектік инфекция қоздырғыштарын атаңыз.- E.coli дизентеря(шигелла),салмонелла т.б,
E.coli -қалыпты флора.Адам патологиясындағы диарагенді эшерихиялардың ролі. Эшерихиоздардың зертханалық диагностикалық принциптері.
Шартсыз патогенді штамдары-диареягендіішек таяқшалары,олар сырттан түсіп эшерихиоз деп аталатын ауруды кең тараиады.80 астам өкілдері-энтеропатогенді.ЭПІТ пен көбіне емшектегі балалар көп ауырады.
Ішек таяқшасы-тоқ ішектің қалыпты микрофлорасының өкілі,бірнеше пайдалы қызмет атқарады,ішек ауруын тудыратын бактерияларғашіріткіш бактерияларға антогонист болып келеді.В,Е,К тобындағы бактерияларды синтездеуге,шелмайды жартылай ыдыратуға қатысады.
E.coli ғылыми және тәжірибелік мақсаттарда кеңінен қолданылады.
Шартты-патогенді эшерихиялар адамдардың, жануарлардың, кұстардың, рептилиялардың,балыктардың қалыпты микрофлораларының өкілдері. Микроб нәжіс арқылы сыртқы ортаға түседі. Ішек таяқшасының суда, топырақта, ауада, ас тағамдарында, тұрмыстық заттарда кездесуі нәжіспен ластану көрсеткіші болып табылады. Шартты - патогенді эшерихиялар көбінесе эндогенді іріңді - қабыну процестерін (парентералды эшерихиоздар) қоздырады, яғни сепсис, жарақаттардың іріңдеуі, екіншілік пневмония, несеп жолдарының инфекциялары. Көбінде иммундық тапшылық жағдайда пайда болады.
Диареягенді E.coli тобы бірыңғай емес, олар патогенділік факторларына, олардың генетикалык детерминациясына, эпидемиологиясының ерекшелігіне, патогенезіне және қоздыратын ауруларының клиникалық көріністеріне байланысты 4 категорияға бөлінеді. ЭТІТ - энтеротоксигенді ішек таяқшасы;ЭПІТ - энтеропатогенді ішек таяқшасы; ЭГІТ - энтерогеморрагиялық ішек таяқшасы; ЭИІТ-энтероинвазиялық ішек таяқшасы. Бұлардан басқа толық зерттелмеген энтероагрегативті және диффузды жабысқыш ішек таяқшалары бар. ЭТІТ балалар мен ересектерде тырысқақ тәрізді аурудың қоздырғышы болып саналады. Патогенділігі термолабилді тырысқақ токсинін және термостабилді энтеротоксиндерді бөлуімен байланысты. Ащы ішектің эпителиіне жабысып, көптеп энтеротоксин бөліп, соның әсерінен тұз - су алмасуы бұзылып, сулы іш өтуге әкеледі.
ЭИІТ шигеллаларға ұқсайтын плазмидасы бар, ол тоқ ішектің шырышты қабығының жасушаларына инвазиялық процесті болдыратын беткейлік ақуыздардың синтезін кодтайды. Соның салдарынан дизентерия тәрізді ауру дамиды. ЭИІТ су арқылы және алиментарлы жолмен жұғады, АІИ дамуы мүмкін.
Инфекция көзі ірі қара мал мен қойлар. Негізгі жұғу жолы алиментарлы, яғни термиялық өңдеуден дұрыс өтпеген ет өнімдері. Соқыр ішек және тоқ ішектер зақымданады. ЭГІТ ішек эпителиімен жанасуы ЭПІТ механизміне ұқсас болады. Ақуыз (интимин), фимбриялар ішектің жұмысын бұзады, гемолизин ішектің тосқауылдық қызметінің бұзылуына әкеледі. Геморрагиялық колиттің дамуы энтеротоксин және шига тәрізді токсиннің түзілуіне байланысты. Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі 2-ден 6 күнге дейін созылады. Ауру қызудың жедел жоғарылауымен, іш өту мен құсудан басталады. Сусыздану дамиды, нәжісте қан пайда болып, бүйректің зақымдану белгілері байқалуы мүмкін. Энтералды эшерихиоздар әртүрлі болуы мүмкін - симптом- сыздықтан токсикалық-септикалыққа дейін. Колиэнтериттер балалардың ерте өлімінің себептерінің бірі болып табылады.
Зерттеуге материал:нәжіс.қосымша қан,өт,несеп,құсық,асқазан шайындылары т.б.Бактериологиялық әдіс,жеделдетілген әдіс
15.Бактериальді зоонозды аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарын атаңыз. -оба қоздырғышы,тырысқақ қоздырғышы,кампилобактериялар.бруцеллез қоздырғышы т.б.
Оба қоздырғышы жалпы сипаттамасы, патогенді факторлары, эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, микробиологиялық диагностикасы, арнайы алдын алуы. Оба -Yersinia pestis
Тұқымдасы-Enterobacteriaceae ,туыс Yersinia ,түрі yersinia pestis .Полиморфты ,талшықтары жоқ,спора түзбейді,37 гоадуста нәзік капсула түзе алады.грамм теріс.Қоздырғышы-факультативті анаэроб.Қолайлы температурасы 38.Тығыз қоректік ортада S.R колониялар түрінде өседі. Сұйық ортаның бетінде үлбір түзіп өседі.Жоғарғы вируленттілігімен ерекшеленеді.Вируленттілігінің көптеген факторлары плазмидалардығ гендерімн бақыланады.Олар жүрек,бауыр жасушаларының митохондриялар қызметін бұзады.Вируленттік факторларға микробтың антифагоцитарлық қасиетін күшейтетін жасушадан тыс аденилатциклаза,цитохромоксидаза ферм енттері және пигмент түзуі жатады.Оба қоздырушыларына кеміргіштер сезімтал.Оба инфекциясының негізші көздері кемірушілердің бірнеше түрлері,Екіншіліктерге үй тышқандары,дала суыры,қояндар т.б. жатады.Трансмиссиялық арқылы яғни бүргенің шағуы нәтижсесінде .Қарым қатынас және тағамдық жолдармен жұғады.Зақымданғаннан кейін науқас адам да инфекция көзі болып табылады.Жасырын кезеңі 2-3 күн Адамда жалпы симптомдармен бас ауруы,дене қызуы,қалтырау.бұлшықеттің ауруы және бубонды және өкпелік түрлеріне тән симптомдармен көрінеді.Бубонды кезде лимфа түйіндері зақымданады.Ауыр түрлері өкпелік оба,минингитке және өлімге әкеліп соқтырады.Микробиологиялық диагноз қою.зерттеушілер арнайы қорғаныс киімдерін киеді.Зерттеу матиралы,бубон пункты,қақарық,қан,нәжіс т.б. Грамм әдісі,жедел әдіс,серологиялық әдіс.Стрептомицин,тетракциклин,левомицин т.б. емделеді.Алдын алу үшін аттенуцияланған ЕВ штамыан алынған тірі вакцина қолданылады.Иммунитен 6 айға созылады,ревакцинация 12 айдан кейін.
16.Туберкулез қоздырғышы- жалпы сипаттамасы, дақылдық қасиеті, патогенді факторлары, эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, микробиологиялық диагностикасы, арнайы алдын алуы. Манту сынамасын, Диаскинтестті интерпретациялау.
Туберкулез-микробактерияллар тудыратн жұқпалы ауру,әртүрлі ағзалар мен жүйкелерді зақымдаумен сипатталады.Ұзын аздап иілген,грамм оң,қозғалмайтынғспора және капсула түзбейтін,Циль-Нильсен әдісімен боялатын таяқшалар. M.tuberculos -адамдарда кездесеетін түрі.Дақылдандыру.Микобактериялар-аэробтар,факультативті-анаэробтар.Микобактериялар баяу көбейеді.Жасуша қарапайым екіге бөліну арқылы көбейеді.Микрокалониялар сұйық қоректік ортада 37 градуста 5-7 тәулікте ,тығыз қоректік орталарда 12-20 тәуліктен кейін. M.tuberculos өсуі үшін құрамында -көмірсулар,азот,фосфор,магний,калий ,күкірт т.б, бар коектік орта болуы қажет.Бұл микроорганизмер көбею үшін өсу факторларын талап етеді,оларға В тобына кіретін витаминдік құрылымдар,биотин,никотинамид т.б. заттар жатады.Қоектік орталарға байланысты -тығыз(Дюбо,Школьников,Шуба),жартылай сұйық,сұйық Прайстың экспресс диагностикасы)болып бөлінеді.Туберкулезді жұқтыру көзі-науқас адам,науқас жануарлар.Жұғу жолдары-ауа-тамшылы,ауа-шаңды,қатынас-тұрмыстық,тағамдық.Негізгі жұқтыру көзі-ірі қара мал.Жасырын кезеңі 3-8 апта.Қоздырғыштың енген жерінде алғашқы туберкулезді кешен пайда болады.,ол кең таралып жеңіл күйден ауыр күйге өтіп ,ағзалар мен тіндерді зақымдайды.Микробактериологиялық диагноз қою-бактероиолгиялық,биологиялық,радиометрикалық,ПТР.зерттеуге алынған материал-какырык,аспират,бронх пен асқазан шайындысы т.б.
Алдын алу-вакцина арқылы ВЦЖ вакцинасы,5-7 жыл сайын ревакцинация жүргізу.Ревакцина жүргізер арлында Манту сынамасы қойылады 48 сағаттан кейін жергілікті реакцияның қорытындысы байқалады.Егер мұнда асқынулар пайда болда,онда ВЦЖ вакцинасынан кейін де асқынулар пайда болады деген сөз. Диаскинтестті манту секілді қолданылады. Бұл препарат спецификалық және басқа бактерияларға әсер етпейді, сонымен қатар бұрын жеткізілген БЦЖ вакцинасына реакция да жоққа шығарылады. Сонымен қатар, диаскинтест туберкулезді емдеудің тиімділігін бағалайды.
17. Жыныстық жолмен берілетін бактериальді инфекцияларды атаңыз. Мерез,гонококк
Мерез қоздырғышы, морфологиялық және дақылдық ерекшеліктері. Инфекцияның берілу жолдары, клиникалық көріністері. Мерездің зертханалық диагностикасы.
Мерез-treponema pallidum .Бозғылт трепонема-Спираль пішінді жіңішке бактерия біркелді ұсақ бұрамалары бар,Рамоновский Гимзе әдісімен бояғанда ерекше солғын-қызғылт түске боялады.Спиральдан басқа да пішіндері болуы мүмкін.-циста,гранула т.б.Циста түзу -қолайсыз жағдайда қорғану және көбею тәсілі.Л-трансформация- бозғылт трипонеманың тіршліігн сақтау қабілеті.Бозғылт трипогнеа-облигатты анаэроб,арнайы қоректік ортада өсуі қиын.Қолайлы қоректік ортаға ми мен бүйрек індері қосылады. Тауықтың ұрықиарының хорионаллантоистық тіндерінде,қоянның қан сарысуыгна ми тіндерін қосып,вазелин майының астына серкенде жақсы өседі.Мерез тек антропонозды инфекция.Инфекция көзі -ауру адам.Негізгі жұғу жолы -жыныстық қатынас.(плацента,кан кұю кезінде де жұғады)Мерез қоздырғышы организмге тері және шырышты қабық арқылы түседі,ағзалар мен тіндерді зақымдай отырып таралады.Жасырын кезеңі 3-4 күн.Жасырын кезеңінен мерез біріншілік,екіншілі,үшіншілік жағдайында өтеді.Қоздырғыштын енген жерінде біріншілікте ойыс жара пайда болады (6-7 апта).Екіншіде төмпешікті бөртпелер пайда болады.Оған дейін делсалдық,бастың ауруы ,жоғарғы температура т.б, пайда болады.(3-4 жыл).Үшінші төмпешіктер мен гумммалар пайда болады.терінің шырышты қабы,ының,сүйектің,жж зақымдануымен жүреді.Төртіншілік кезең ОЖЖ зақымданумен байланысты.Зерттеу материалы шанкр бөліндісі,бөртпе бөліндіісі,қан,жұлын сұйықтығы.Бактериоскопиялық (Рамоновский -Гимзе),бактериологиялық,жеделдетілген,сероглогиялық.

18. Тырысқақ қоздырғышы-биовары, серовары, серотиптері. Қоздырғыштың морфологиялық және дақылдық ерекшеліктері, вируленттілік факторлары. Тырысқақтың микробиологиялық диагностикасы.


Тырысқақ-өте қауіпті кератинді жұқпалы ауру.Су-тұз алмасуының бұзылуымен және жалпы интоксикациямен сипатталады.Тұқымдасы- Vibrionaceae,туысы-vibreo,түрі-vibreo cholerae .Биварианттары.V.cholerae classic ,V. cholerae eltor. Тырысқақ варионы полиморфты-ұсақтау,грам теріс,спора түзбейді,капсуласы жоқ,монотрих,өте козғалғыш.Факультативті анаэроб.37 градуста өседі.Олар ортанын рН-8,5-9 жағдайда өседі,қарапайым қоректік ортада өседі,сілтілі агарда,1 сілтілі пептонды суда.Ерекшелігі-өте жылдам өседі. Сұйық орта бетінде 6-8 са,аттта бетінде үлбірлер пайда болады.Тығыз қоректік ортада ұсақ,көк түсті колониялар пайда болады.Тырысқақ вибрионы эндотоксин түзеді.Ол экзотоксин бөледі.Оның ішінде ең маңыздысы-холероген. Холероген ішек куысына судың және хлоридтердің гиперсекрециясын тудырады, натрийдің кері сіңіруін бұзады, нәтижесінде диарея ағзаның сусыздануына әкеледі. Сонымен қатар, экзотоксин цитотоксикалық әсерге ие және ащы ішек эпителиясы жасушаларының зақымдануын тудырады. Тырысқақ қоздырғышы эндотоксин тузеді- жасуша қабырғасы құрамына кіретін термолабильді липосахарид. Эндотоксин вибрионды фагоцитоздан қорғайды, иммуногенді қасиетқе ие, вибриоцидты антиденелер синтезін индуциялайды. Микроб жасушасы ыдырағанда интоксикация туындайды. Тырысқақ қоздырғышында агрессиялык ферменттер бар - фибринолизин, гиалуронидаза, лецитиназа, нейраминидаза. Вибрионның патогеді адгезия касиеттерімен де (сырткы мембрана ақуыздары) және вибрионның қозгалғыштығымен байланысты.Экспресс,бактериологиялық,серлологиялық әдіс қолданылады.Зерттау материалы-жұлын сұйықтығы,қан,мұрын қуысының кілегейі.
19. Спора түзетін анаэробты инфекция қоздырғыштарының жалпы сипаттамасы. Сіреспе қоздырғышы-морфологиясы, дақылдық қасиеттері, патогенді факторлары, зертханалық диагностикасы, арнайы алдын алуы.
Сіреспе-Clostridium tetani туғызатын ауыр жарақатты инфекция.Ол ЖЖ зақымдануымен,тырысу-құрысу ұстамаларымен дамиды.Тұқымдасы bacillaceae ,туыстығы clostridium ,түрі- Clostridium tetani .
Грамм оң,перитрихтары бар,қатаң облигатты анаэроб,сапрофит. Клостридалар бос оттегіне сезімтал,етті-пептонды агарда және желатинде баяу өседі.тығыз қоректік ортада мқлдір колониялар түзеді.Жартылай сұйық ортада R пішінді жасымықша діндеріне ұқсас колониялар түзеді.Сұйық ортада вегатативті жасушалары ыдыырап,тек споралары ұалады.Патогендік факторына -экзотоксин жатады.Әсер етуіне сәйкес 2 компонеттен тұрады:тетаноспазмин-жүйке тіндерін зақымдайды.Тетанлозин-кардиотоксикалық қабілетке ие,эритроциттерді ыдыратады.жасырын кезеңі-6-14 күн.Ауру кезінде бұлшықеттердің тырысуы мен қарысуы,жұтудын қиындауы жүреді.Микробиологиялық диагноз қою приципі-қоздырғышты немесе оның токсинін табу.Экспресс талдау,биологиялық,бактериологиялық,зерттеу мат-жарақатттардан жағынды алу т.б,емесе сіреспеге қарсы иммуноглобулиндер.Емдеуі-сіреспеге қарсы антитоксикалық сарысу нАлдын алу-сіреспелік анатоксин қолданылады.Құрамында сіреспедік анатоксин болатын вакциналар-АДС;АКДС.
20. Нейссерияның жалпы сипаттамасы, олар тудыратын аурулар. N. meningitidis қоздырғышының биологиялық қасиеті. Қоздырғыштың морфологиялық және дақылдық ерекшеліктері, вируленттілік факторлары, клиникалық көріністері, микробиологиялық диагностикасы, арнайы алдын алуы.
Нейссериялар-грам теріс аэробты кокктар.
N. meningitidis-минингококкты инфекция тудырады.
Таксономиясы.Тұқымдасы – neisseriaceae,туыстығы-neisseria,түрі- N. Meningitidis.Мининкококктар-ұсақ диплококктар,кофе дәні секілді жұптасып орналасқан.Грамм теріс боялады,қозғалмайды,спорас жоқ,пилиі бар,жасанды қоректік ортада микрокапсула түзеді.
Дақылдануы.Нағыз аэробтар.Қоректік ортаға және өсіру температурасына өте талғамды.Қарапайым қоректік ортада өспейді.Қой мен жықының фибринсіз қалыпты сарыскы бар ортасында және ристомицин қосылған селективті ортада өсіріледі.Ең қолайлы сарысу жоқ қоректік орта-Хинтон ,Мюллер ортасы.адам минингококктардың жалғыз иесі.Патогендік факторлары:капсуласы,минигокктардың эндотоксині,жасуша қабырғасының липополисахариды.Инфекция көзі-науқас адам және оны тасымалдаушылар.Инфекция көзі 3 ке бөлінеді.ауруы генерализациялық түрде дамыған науқас адам,назофар ингитпен ауырған адам,Сау тасымалдаушылар.Инфекцияның ену қақпасы-мұрын жұтқыншақ.Таралу мех-аэрогенді.таралу жолы-ауалы тамшылы,қыз-күз айларында жиілейді.Жұлын минигеиті кезінде 5-7 күн жасырын кезі болып ке йін науқастың басы қатты ауруы,құсуы,жоғарғы қызба болады.Зертханалық диагноз қою экспресс, бактериологиялық, серологиялық (агглютинациялық реакция арқылы анықтайды)әдістер қолданылады.Зерттеу матиралы:жұлын сұйықтыығ,мұрынның қуысыныың кілегейі алынады.Емдеу пенициллин, рифамицин, ливомецетин.Алдын алу.Ауырған науқастарды жылдам тауып,оқшаулап ,антибиотиктермен емдеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет