1. Микроорганизмдердің жіктелу принциптері. Прокариотты жасушалардың құрылымдық элементтерін атаңыз. Прокариоттардың эукаритоттардан басты айырмашылығы



бет3/12
Дата01.09.2023
өлшемі61,39 Kb.
#105883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Спирохета-жіңішке,ұзын,иректелген спираль пішінді бактериялар.Спиралаллардан жасушасының қозғалғыштығы мен иілгіштігмен ерекшеленеді.Сыртқы мембранасы,яғни жасуша қабырғасы бар.Ол,Цитоплазматикалық мембранасы мен аксиальдық жіпшесі бар протоплазматикалық цилиндрді қоршап жатады.Аксистиль жібі-жасуша қабырғасының сыртқы мемб астында орнд.Жане,протоплазматикалық цилиндр айналасын ширатылып жатып,бұранда пішін береді.Бұл жіп-бактерия талшықтары секілді периплазматикалық фибриллалар,жиырылғыш ақуыз флагеллиннен тұрады.Фибриллалар спирохета жылжуына қатысады.Жасушаға,айналмалы,илмелі,үдемелі қозғалыс береді.Адамға патогенді спирохеталар-3 туыстастыққа жатады.Олар:Treponema,Borrelia,Leptospira
Риккетсиялар-ұсақ грамтеріс таяқша тәріздес бактериялар.Міндетті жасушаішілік паразиттер.Цитоплазмада-бинарлы бөліну арқылы,кейде жұқтырылған жасуша ядросында көбейеді.Исі,буынаяқтылар:бүрге,бит,кенелер.Пішіні мен көлемі өсу жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.Ашқан американдық ғалым,Х.Т.Риккетстің атымен аталған.Риккетсиялар иесін метоболизміне тәуелді емес.Бірақ,көбею кезінде макроэргетикалық қосылыстарды алуы мүмкін.Жағындылар мен тіндерде Рамоновский-Гимзе,Маккиавело-Здродовский әдістерімен боялады.Адамдарда-эпид-лық бөрітпе сүзек,кене риккетсиозын,жартасты таулардың таңбалы қызбасын қоздырады.
Хламидиялар-облигаттық жасушаішілік кокктәрізді грам-теріс бактериялар.Бұлар,тек тірі жасушада көбейеді.Оларды,энергетикалық паразиттер ретінде қарастырады.Олар,АТФ,ГТФ түзбейді.Жасушадан тыс хламидиялар:сфера пішінді,зат алмасуы белсендірілмеген,элементарлы денешіктер деп атаймыз.Бұл,денешіктер қабырғасында сыртқы мемб-ның негізгі ақуызы,цистейн қаныққан ақуыз болады.Элементарлы денешіктер-эпителиалдық жасушаға жасушаішілік вакуоль түзетін эндоцитоз арұылы кіреді.Жасуша ішінде олар үлкейеді де,бөлінетін ретикулярлы денешіктерге айналып,вакуольдарда жинақталады.Ретикулярлы денешіктер одан әрі элементарлы денешіктерге айналып,экзоцитоз н\е жасушаны ерітіп сыртқа шығады.Шыққан,элементарлы денешіктер жаңа айналымға түсіп,келесі жасушаларды зақымдайды.Хламидиялар-адамдарда көзді,несеп-жыныс жолдары мен өкпені зақымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет