1. Микроорганизмдердің жіктелу принциптері. Прокариотты жасушалардың құрылымдық элементтерін атаңыз. Прокариоттардың эукаритоттардан басты айырмашылығы



бет5/12
Дата01.09.2023
өлшемі61,39 Kb.
#105883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Грам әдісімен бояу
1)Жұғын-препаратты генцианвиолетпен бояу (2 мин, фильтр қағазы арқылы);
2)Бояу сүзгі қағазын алып тастау, қалған бояуды төгу;
3)Жұғын-препаратты Люголь ертіндісімен бояу (1 мин);
4)Люголь ертіндісін төгіп тастау және 96% спирттің бірнеше тамшысын тамызу (30-40 сек, шыныны сәл қозғау);
5)Спиртті сумен жақсылап шайып тастау;
6)Сулы фуксинмен бояу (2 мин);
7)Сумен жақсылап шайып тастау, сүзгі қағазымен құрғату;
8)Жұғын-препаратты иммерсиялық жүйе көмегімен микроскоптан қарау.
Барлық бактериялар Грам әдісімен боялуы бойынша бөлінеді: грам оң сия көк-күлгін түсте және грам теріс – қызыл түсте. Осылай боялу қабілеті бактерияның химиялық құрамына байланысты. Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасында ароматты және күкіртті аминқышқылдары жоқ, липидтер аз, ал грам теріс бактерияларда, керісінше, аталған заттар көп мөлшерде кездеседі. Сонымен қатар, грам оң бактерияларда рибонуклеин қышқылының магний тұздары бар, олар грам теріс бактерияларда жоқ. Осы заттар генцианвиолет, йодпен және ақуыздармен бірге тұрақты химиялық кешен құрайды, спиртпен түссіздендіргенде жойылмайды. Грам теріс бактерияларда бұндай кешен құралмағандықтан, спиртпен жылдам түссізденеді. Бірақ спиртпен өңдеу уақытын шектеу қажет, берілген уақыттан көп түссізденсе кешен бұзылуы мүмкін. Сондықтан келесі сулы фуксин бояу түсін қабылдайды. Ал егер берілген уақыттан аз спиртпен түссіздендірілген болса грам теріс бактерияларды ажырату қиынға соғады.
4. Қоректік орталар, оларға қойылатын талаптар. Қоректік орталарды тағайындау мақсаты бойынша жіктеу.
Бактерияларды дақылдандыру үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.1. Құнды қоректік ортаның болуы. Кез-келген қоректік орта құрамының күрделілігі мен пайдалану мақсатына қарамастан негізі судан, энергия мен көмірсутегінің органикалық көзінен, тұрақты рН пен осмостық қысымға ие болуы қажет.2. Дақылдандыру температурасы. Көбею жылдамдығына температура әсерін тигізеді. Температураға бактериялар әрқалай жауап береді:- мезофилдер 20-400С температуралық аралықта көбейеді. Адамдарда ауру тудыратын бактериялардың көпшілігі мезофилдерге жатады;-термофилдер 40-600С температуралық диапазонда өседі. 3. Дақылдандыру атмосферасы. Қатаң аэробтар өсіп көбею үшін оттегі қажет. Аэробтар Петри табақшасындағы агардың бетінде немесе сұйық ортаның жұқа беткі қабатында жақсы өседі. Қатаң аэробтардың сұйық ортаның терең деңгейлерінде өсуін қамтамасыз ету үшін оттегі бүкіл қоректік ортаға диффузды түрде таралуы қажет. Бұған қоректік ортаны үздіксіз араластырып немесе сілкіп отыру, атап айтқанда аэрациялау, арқылы қол жеткізіледі. Аэрациялау арнайы аппаратттармен – сілкілегішпен іске асырылады.4. Дақылдандыру уақыты генерациялау уақытына байланысты. Бакатериялардың көпшілігі көрнекті өсу беру үшін 18-48 сағат аралығында дақылданады. Көкжөтел қоздырғышын дақылдандыру үшін 5 тәулік керек, ал M. tuberculosis-ті дақылдандыру үшін 3-4 апта қажет.5. Жарықтандыру. Фототрофты бактерияларды өсіру үшін жарық қажет. Шартты-патогенді бактериялардың кей түрлері жарықтандыруға байланысты пигмент түзеді, оны идентификациялау кезінде пайдаланады.
5. Аэробты және анаэробты микроорганизмдер. Анаэробтарды дақылдандыру әдістері. Анаэробтарды дақылдандыру үшін қолданылатын қоректік орталар.
Қоректік орталар:Вильсон-Блер ортасы;Тиогликолен ортасы (стерильдікті бақылауға арналған орта- СБО);Цейсслердің глюкозалы-қанды агары;
6.Вирустар. Вирустардың биологиялық ерекшеліктері. Вирустардың жіктелуі. Т-жұп бактериофаг моделінде вирустың бактериальді жасушамен әрекеттесу кезеңдерін сипаттаңыз.
Вирустар – тұқым қуалаушылық қасиеті бар, өзгеруге, көбеюге бейім өте ұсақ, тірі микроорганизмдер. Вирустардың бактериялардан айырмашылығы – клеткалық құрылысы болмайды, тек қана бір нуклеин қышқылы ДНҚ немесе РНҚ болады. Белок синтездейтін рибосомалары болмайды сондықтанда, оларда зат алмасу жүрмейді. Морфологиялық құрылысы бойынша вирустар 2 топқа бөлінеді:А) жай, қарапайым құрылысыты – нуклеин қышқылы және оны қоршаған капсидтен тұрады ( полимиелит вирусы , аденовирустар , құтыру вирусы);Б)күрделі құрылысты - нуклеин қышқылынан , капсидтен және суперкапсидтен тұрады (ұшық , тымау , шешек вирустары).Фагтар мен бактерияның өзара әсер ету механизмі бойынша оларды вирулентті және әлсіз топтарға бөледі. Бактериофагтық құбылыс бактериялардың лизистенуі негізінде вирулентті фагтардың әсерінен болады, бірнеше фазалардан тұрады.
Бірінші фаза - рецепторының көмегімен фагтардың бактерияға жабысуы құйрықшасымен, ондайы жоқтар бактерия қабатының сыртында болатын кірпікшелер фимбрияларға жабысады.
Екінші фаза - бактерияның ішіне ену. Құйрықша жабысып болғаннан кейін жиырылады да басындағы ДНҚ-ы бактерия ішіне енеді, ал фагтың сұлабасы сыртта қалып қояды.
Үшінші фаза - транскрипциялану. Фагтың ДНҚмен жаңа генетикалық информация келеді де “ертелі” және “кешеуілді” ферменттер синтезделе бастайды.
Төртінші фаза - бактерияның рибосомасында және полисомаларында белоктардың синтезделінуі.
Бесінші фаза - фагтық нуклеин қышқылының репликациялануы
Алтыншы фаза - дайын белоктар мен нуклеин қышқылдарынан вирус бөлшектерінің құралуы, яғни фагтың құралуы.
Жетінші фаза - фагтың шығуы. Ол “кешеуілді” лизоцимнің көмегімен атқарылады, яғни оның әсерінен бактериялық жасуша лизистенеді - бұзылады, оны фагтық өнімді инфекция деп атайды.
7. Вирустарды дақылдандыру әдістері. Тауық эмбрионында вирустарды индикациялау және идентификациялау принциптері (ГАР, ГАТР).Ерекше антигендері (гемагглютинині) бар кейбір вирустар эритроциттерді бір - бірімен жабыстырады - агглютинациялайды. Егер зерттелетін затта вирус бар болса эритроциттер бір - бірімен агглютинацияланып зонтик тәріздес яғни, айналасы бұдырланып тұнбаға отырады(оң нәтижелі реакция). Вирус жоқ болған жағдайда эритроциттер агглютинацияланбайды, тұнбаға айналасы тегіс (түйме тәріздес) болып отырады (теріс нәтижелі реакция). Толық гемагглютинация беретін сұйылту деңгейін бір гемагглютинациялық бірлікке санайды. Бұл реакция иммунологиялық реакцияларға жатпайды, өйткені реакцияда антиген антидене құбылысы жоқ. ГАР тек қана вирустың бар - жоғын анықтау үшін ғана қолданады.Бактериофагтар бактерияларға еніп, оларда өсіп - өніп көбейіп, бактерияларды лизистейтін (бұзатын) вирустар. Қазіргі кезде оларлы бактериофаг демейді, фагтар деп атайды. Себебі, фагтар бактериялармен қатар басқа да микроорганизмдерде болатыны дәлелденген. Фагтардың жалпы морфологиясы мынадай: алты бұрышты, басы сыртынан белокпен қоршалған, ішінде ДНҚ-ы бар. Басына жиырылу қабілеттілігі бар түтікше тәріздес сырты белокты қапшықпен қоршалған құйрықша шығады. Құйрықшаның басқа жабысар жерін мойыны немесе жағасы деп атайды. Құйрықшаның ең шетінде базальды пластинка бар, одан 6 тікенекшелер шығады. Осылардың көмегімен фаг бактерияға жабысады, ол базальды пластинкада болатын лизоцим ферментімен бактерияның сыртқы қабатын теседі де мойыны және құйрықшасы жиырылып басының ішіндегі ДНҚ-ы бактерия ішіне енеді.
8. Бактериялардың патогенділігі мен вируленттілігі. Бактериялардың патогендік факторларын және олардың патологиядағы рөлін атаңыз.
Бактериялардың ішінде ауру тудыратын қабілетіне қарай: 1) патогенді; 2) шартты түрде патогенді; 3) сапрофитті. Патогендік түрлердің жұқпалы ауруды тудыруы мүмкін. Патогенділік – микроорганизмдердің организмге еніп, оның ұлпалары мен мүшелерінде патологиялық өзгерістер туғызу қабілеті. Шартты түрде патогенді бактериялар ағзаның қорғаныс қабілетінің төмендеуімен жұқпалы ауруды тудыруы мүмкін. Сапрофитті бактериялар ешқашан ауру тудырмайды, өйткені олар макроорганизмнің тіндерінде көбейе алмайды.Патогендікті жүзеге асыру вируленттілік арқылы өтеді – бұл микроорганизмнің макроорганизмге ену, онда көбею және оның қорғаныш қасиеттерін басу қабілеті.Вируленттілік – сандық түрде анықтауға болатын патогендік дәрежесі. Вируленттіліктің сандық сипаттамалары:DLM (ең төменгі өлім дозасы) - зертханалық жануарлардың денесіне тиісті жолмен енгізілгенде эксперименттегі жануарлардың 95% -98% өліміне әкелетін бактериялардың мөлшері;LD 50 - эксперименттегі жануарлардың 50% өлетін бактериялардың саны; DCL (өлтіретін доза) - тәжірибеде жануарлардың 100% өліміне әкеледі. Патогендік факторлар – микробтардың инфекциялық процесті тудыру қабілетін анықтайтын материалдық тасымалдаушылар. Негізгі патогендік факторларға адгезия және колонизация қабілеті, инвазивтілік және токсигенділік қасиеттері, ұзақ уақыт бойы сақталу қабілеті және т.б. Адгезия-Инфекцияның біріншілік ошағында бактериялардың көбеюі адгезия (лат. ad-haesio – бір нәрсеге жабысу) алдында жүреді, яғни. инфекциялық процестің басы болып табылатын жасушалардың бетіне бактерияларды бекіту. Жасуша бетіне бекінуі адгезиндермен, немесе колонизациялық факторлармен - әртүрлі микробтық өнімдермен - адгезия молекулаларымен (белоктар, LPS, липотейхой қышқылдары) қамтамасыз етіледі. Колонизация – эпителий бетіндегі микроорганизмдердің көбею процесі.Бастапқы инфекция ошағын сәтті колонизациялау үшін бактериялар көптеген және әртүрлі микробицидтік факторлардың әсеріне төтеп беруі керек. Олардан қорғау үшін микроорганизмдер бірқатар құрылымдарды (капсула, беткі белоктар) және синтезделген заттарды (экзоферменттерді) белсенді пайдаланады. колонизация - бактериялардың жиналуына әкелетін жасушалардың бетінде көбею қабілеті;ену – жасушаларға ену қабілеті; инвазия - гиалуронидаза және нейраминидаза сияқты ферменттерді өндіруге байланысты негізгі тіндерге ену қабілеті;агрессия – организмнің бейспецификалық және иммундық қорғаныс факторларына қарсы тұру қабілеті. Агрессия факторларына мыналар жатады: а) жасушаның беткі құрылымдарының құрамына кіретін әртүрлі табиғаттағы заттар: капсулалар, беткі белоктар; б) ферменттер (протеаза, коагулаза, фибринолизин, лецитиназа); в) токсиндер (экзо- және эндотоксиндер).
9.Антибиотиктер: әсер ету механизмі бойынша жіктелуі. В- лактамды антибиотиктерге сипаттама, микробқа қарсы әсер ету механизмі, төзімділікті қалыптастыру механизмі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет