Терминнің халықаралықтығы - бірнеше ұлттық тілдердегі (кемінде үш тілде) тұлғалануы жақын немесе бірдей және мазмұндары сәйкес келетін терминдердің болуы. Терминге қойылатын бұл талапты ұсынушылар оның себебін ғылыми зерттеушілердің оның халықаралықтандыру үрдісінің жанданып, мамандардың халықаралық байланысын жасауға деген сұранысының артуына орай туындап отыр деп түсіндіреді.
Екінші қырынан қарағанда, терминологияны халықаралықтандыруға қарсы – деинтернационализация, яғни терминологиялық лексиканың ұлттық сипатын арттыру үрдісі де бар. Әлемнің бірқатар елдері осы бағытты ұстанып отыр. Сондықтан да бұл талапты да терминге қойылатын негізгі талаптар қатарына қосудың негізі берік емес.
Достарыңызбен бөлісу: |