Есімдік сөзі есім сөздің орнына жіберілетін сөздер деген мағынаны білдіріп отыр, олардың негізі есім сөздер болғандықтан, бұл терминнің уәжі есім сөз болып отыр.
Етістік деген сөз ету деген сөзден алынған, яғни істеу деген мағынаны білдіреді. Оысдан бірден байқайтынымыз, ол қимылды, әрекетті білдіреін сөз табы. Яғни бұл сөздің термин болуы негізі бар құбылыс.
Үстеусөзі белгілі бір сөзге қосымша мағына үстеу үшін қолданылады. Демеу деген сөздер мен сөйлемдер арасын байланыстыруға арналған сөздер. Жалғаулықтар деп жалғау сияқты байланыстыру қызмпетін атқаратын, бірақ бөле жазылатын шылауларды айтып тұр. Бұл сөздердің уәжі оның атқаратын қызметінде. Ал одағай сөздердің аталуы олардың оңаша, одағай айтылуында. Біз сөйлеп тұрғанда да одағайды бір сарында айта алмаймыз, ауызша сөйлегенде де біз оларды ерекше екпінмен оңаша айтамыз, жазбаша түрінде тыныс белгілерімен бөліп тастаймыз.