1 МӨЖ: Байтұрсынов А. еңбегіндегі сөзжасамдық басты ұғымдар мен терминдерге уәждемелік талдау жасау Жоспар



бет3/8
Дата09.02.2022
өлшемі42,36 Kb.
#25129
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 МӨЖ.

Терминнің заманауилығы – көнерген терминдерді қолданыстан шығарып, оларды қазіргі заманғы терминдермен алмастыру арқылы жүзеге асырылатын терминге қойылатын талаптардың бірі. Бірақ терминтанушылардың көпшілігі, бұл талапты міндетті түрде орындалуға тиісті басты талаптарға қоса бермейді [5]

Бұл мәселеге келгенде біз деинтернационализацияға келісеміз. Себебі атауларды қолданатын сол тілдің қолданушылары, олар сол тілді біледі және есіне жақсы сақтайды. Ал өзге тілден енген терминдердің мағынасын есте сақтау өте ыңғайсыз болатын жағдайлар кездеседі.

Осы мәселе жөнінде А.А. Реформатский: «интернационалдық тілдік терминологиялық қорлардың қолданылғаны дұрыс»  деп санайды. Ал академик Ө. Айтбайұлының пікірінше: «Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында ең бір бай, әрі күрделі қабатты орыс тілінен енген кірме сөздер және сол арқылы келген халықаралық терминдер алып жатады. Бұлардың тілімізге ену, келу жолдары да басқаша. Бұл арада біз тіл дамуында бола беретін заңды құбылысты да, заңдылықтан тыс күштеу тәсілінің де орын алғанын байқаймыз. Ғасырлар бойы іргелес отырып, ауыс-түйіс жасап келген орыс халқы мен қазақ халқы мәдени қарым-қатынастың осы түрін, яғни тіларалық қатынасты тіпті ертеден-ақ бастаған тәрізді. С.Исаевтің дәлелдеуінше тіпті ХV ғасыр ескерткіші болып саналатын «Кодекс куманикусте» де «изба», «печь» тәрізді орыс сөздері қолданылған екен. Осыған қарағанда қазақтар орыс сөздерін ежелден-ақ пайдаланып, әжетіне жарата бастаған деп түйін жасауға әбден болатын тәрізді. Ал кейін әсіресе қазан төңкерісінен соң орыс және интертерминдер жоспарлы және жүйелі түрде ресми әрекеттер нәтижесінде енгізіліп, қатар түзейді. Тіпті бұларды тым еркінсіткеніміз соншама, ана тіліміздің ежелден қалыптасқан сөзжасам заңдылықтарын аяқ асты етіп, ол сөздер жат тілдік пішінін бұзбай қабылданатын болды. Емле ережеміз бен терминжасам принциптерінде мұны әбден заңдастырып алғаннан кейін бұлардың қатары мүлде көбейіп кетті. Сөйтіп, тіл гармониясы бұзылды» .

Профессор Б.Қалиевтің пайымдауынша: «Егемен елдің өз мемлекеттік тілінің болуы заңды. Ол үшін мемлекеттік істердің бәрі мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс. Ғылымының да сол мемлекеттік тілде дамығандығы абзал. Олай болса, ғылыми терминдердің өзі де мемлекет тілдің негізінде жасалғандығы дұрыс болып табылады. Сонда ғана қоғамдық өмірдің сан алуан саласынан саналы түрде, еріксіз шеттетіліп, қолданылу аясы отбасы, ошақ қасынан аспай қалған ана тілімізді толыққанды мемлекеттік тіл ете аламыз. Сонда ғана оны (қазақ тілін) қоғамдық өмірдің күллі салаларында еркін пайдаланатын, кемелденген, сан салалы стильдік тармақтарда кеңінен қолданылатын шын мәніндегі мемлекеттік тілге айналдыра аламыз» [6, 26].

Ғалымдар тарапынан айтылған пікірлерді академик Ш. Құрманбайұлы мынадай топтарға бөліп жіктейді: «Біріншісі, ана тілінің өз мүмкіндігін пайдаланып термин жасау, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда шет тілдерінің терминдерін қазақ тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау қажет. Екіншісі – термин шығармашылығында пуризм етек алып отыр, сондықтан оған жол бермей, осыған дейінгі қалыптасқан терминдерді бұрынғысынша қалдырып, шет тілдерінен термин қабылдауға шек қоймау керек» [7, 25 б.]. Дегенмен терминдер қай тілде жасалмасын, нақты терминологиялардың барлығы белгілі бір қызмет саласындағы білімнің ұғынылуы мен жинақталуының тарихи нәтижесі ретіндегі арнаулы сөздердің стихиялық түрде қалыптасқан бірлестіктері болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет