2.2 Ахмет Байтұрсынов қалыптастырған терминдердің уәжділігі
Жоғарыда біз терминдер жайлы, оларға қойылатын талаптар, уәжділік пен Ахмет Байтұрсыновтың термин жасауда қосқан үлесі жайлы сөз қылдық. Ал енді А.Байтұрсыновтың еңбегіндегі сөзжасам терминдеріне тоқталайық.
Сөз басында ақ, ол қазақ тілінің табиғаты туралы айту үшін келесі терминдерді қолданған «жалғамалы тіл» және «қопармалы тіл». Бұл агглютинативті және флективті деген терминдердің қазақша баламасы. Ал осы сөздердің уәжіне тоқталсақ, алдымен қопармалы деген сөзге тоқталайық, бұндай тілдерге қосымша қосылу барысында түбірдің өзгеріске түсуі тән, яғни сөз іші қопарылып, өзгеріп кетеді. Сондықтан осы терминді қолданған деп есптейміз. Ал жалғамалы тіл дегенге тоқталсақ, ол жалғау деген сөзден шыққан, бұл терминді де ол өз еңбегінде қолданады, жалғау дегеннің өзі негіздің соңына келіп қосылатын нәрсе, сондықтан жалғау сөзінің уәжі осы деп есептейміз. Ал жалғау сөзі жалғамалы сөзіне уәж болып отыр, ол жалғаулар қолданылады деген мағынаны білдіреді, сондықтан бұл терминнің де қолданылуы өте негізделген және анық деп есептейміз.
Жалғаудың өзін ішкергі және тысқарғы деп бөледі. Қазіргі күні жалғау деген қосымша, ішкергі жалғау деген жұрнақ, тысқарғы жалғау деген жалғау ретінде қолданылып жүр. Жалғау сөзінің уәжіне тоқталдық. Тысқарғы жалғау мен ішкергі жалғау деген териндердің уәжіне тоқталып кетсек, тысқарғы жалғау деген ол сөздің мағынасына еш әсер етпей тес сырттағы өзге сөздермен байланыстыру үшін ғана қалданылатын жалғау. Ал ішкергі дегеніміз сөздің өз ішіндегі маынасын өзгеріске түсіретін жалғау деп атайды. Осы анықтамандан ақ өте түсінікті екенін көруімізге болады. Ішкі мағынаны өзгерту қабілетін ішкергі терминіңе уәж болса, тек сырттағы сөздермен байланыстыру қабілеті тысқарғы терминіне уәж болып отыр. Бұл жерден оладың атқаратын қызметі мен өзара ерекшелігі бірден айқын көрінеді.
Буын сөзіне тоқталар болсақ, оның уәжі адам танымында жатыр. Буын деген адамның дене мүшелеріне тән сөз, мысалы аяқ бір бүтін дене мүшесі болса, оның бірнеше буыны болады. Сол сияқты сөз деген бүтін болса, оның бір немесе бірнеше буыны болу қажет. Адамның буыны тұрған жер бүгіледі, бірден көрініп тұрады, сол сияқты буынды да бз ерекшелеп ала аламыз.
Дыбыс сөзін түсіндіру қажеттілігі де тумайтын сияқты, себебі дәл, нақты қойылған атау. Кез келген дыбыс, мейлі ол дауыссыз болсын, мейлі ол дауысты болсын, қандай да бір дыбыс шығарды. Сондықтан дыбыс терминінің уәжі айқын деп есептейміз.
Дауысты, дауыссы және жартылай дауысты терминдеріне тоқталатын болсақ, бұл терминдердің де аталуының уәжі ерекше. Дауысты дыбыс дегенде, сол дыбысты сыртқа шығарғанда айқын, ашық дауыс шығатынында, дауыссыз дыбыс деен сөздің уәжі ол дыбысты сыртқа шығарғанда, біз айқын дауыс шығара алмаймыз, бірақ дыбысталып естіліп тұрады. Сондықтан дауыссыз дыбыс болады. Жартылай дауысты деген атау оның дауысты не дауыссыз болуына байланысты емес, оның дауыс шығарудағы ерекшелегіне байланысты. Бұл дыбыстарды сыртқа шығару кезінде шынымен дауыс шығады, бірақ оны ұстап тұратын да бірдеңе болады. Сондықтан жартылай джауысты деп аталған. Дауыссыздарды өз ішінен қатаң және ұяң деп бөледі. Бұлар да дыбысталуына қарай қойылған деп есептейміз, себебі қатаң деп атаған дыбыстарды сыртқа шығарғанда, олар қатқыл естіледі, ал ұяңдар жұмсағырақ естілетінін айтуымызға болады. Бұл сөздердің уәжі қолданыс барысындағы ерекшеліктері деп атай аламыз.
Сөз тұлғаларын түбір, туынды, қос, қосалқы және қосымшалар деп бөледі. Түбір сөзінің уәжі табиғатпен байланысты, мысалы ағаштың түбірі десек, онда біз бүтін бір ағашты емес, оның негізін елестетеміз. Оның тағы бір ерекшелігі түбір содан кейін өсіп шығатын бұтақ, жапырақтың бәріне негіз болады. Сол сияқты тілдегі түбірлер де барлық сөйлеу әрекеттеріне негіз болады. Туынды деген туу сөзінен шыққан, яғни өз өзінен өзі пайда болған жоқ, бір нәрседен шығып отыр дегенді білдіреді. Туынды сөз шынымен түбірдің негізінде жасалады, сондықтан бұл терминнің де уәжі анық. Қос сөз деген қос, екі деген сөзден пайда болады, қос дегеннің өзі екі дегенді білдіреді, қос сөздер екі сөзден жасалады. Ал осының уәжі неге қос деген сұрақ пайда болуы мүмкін, тіркескен сөз де екеу бола алады, бұл ерекше жағдай, олар бір-бірімен дефис арқылы байланысады, дефис оларды қосып тұрады, сондықтан бұл сөздің де уәжі айқын деп есептейміз. Қосалқы сөздер деп шылауларды атаған, қосалқы деген негізгісіз бола алмайды, негізгінің асында тұрып қана функция атқара алады, сол сияқты шылаулар да өзінен өзі фунция атқара алмйды, сондықтан бұл сөздің уәжі оның функциясында деп ойлаймыз. Қосымшалар жайында жоғарыда айтып кеттік.
Келесі бір үлкен бөлімді атауыш сөздер деп бастайды. Атауыш сөздердің осылай аталуының уәжі олардың қызметінде, атауыш сөздер заттың, құбылыстың, әрекеттің, сынның атауын білдіреді, сондықтан уәжі анық.
Зат есім, сан есім, сын есім деген атаулардың уәжі өте айқын. Есім дегеннің өзі «ат», «атау» дегенді білдіреді. Ал егер ол заттың атауын білдірсе зат есім, сынның атауын білдірсе сын есім, санның атауын білдірсе сан есім болатыны осы терминдердің уәжі болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |