1.2 Тіл біліміндегі уәжділік құбылысы
Мотивированность (уәжділік). Термин басқа сөздерге қарағанда белгілі бір амалда – ол арнаулы ұғымға атау қою мақсатында пайда болады. Алғаш арнаулы ұғым пайда болады, кейін оның атауына түрткі болатын белгі табылады. Бұл мағынасында, термин әркез екіншілік, ендеше, әрдайым уәжді (мотивирован). Келесі сұрақ – уәжділік деңгейінде, оның «түсінім (понятности)» формасының деңгейі. Біз әркез аталған «логия» деген негізі бар ғылым салаларының мағынасын лезде түсінеміз: морфология, терминология, психология және бұларды дәлелденген (мотивированный) терминдер ретінде қабылдаймыз. Мына сияқты «ақша», «тауар», «финанс», «салықтық жинақ» деген жалпыхалықтық тілден алынған сөздердің де түпкі мағынасын тез табамыз. Көбіне бізге сөзбе-сөз, әріппе-әріп аударылған сөздердің мағынасы түсініксіздеу, мәселен “crossed cheque” - ”кроссированный чек”. Калька тәсілі арқылы аударылған кірме терминдерді аудару және уәжділігін анықтау арнайы ұғымды оның негізгі белгілері арқылы сипаттауды талап етеді, яғни терминге логикалық-ұғымдық талдау жасау қажет болады [5]. Қолданбалы терминология
Уәждеме жаңа атаулардың жасалуына, қалыптасуына негіз болатын қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін, туынды бірліктерді анықтайтын заңдылық. Сөздегі уәждеме табиғатын алғаш сөз еткен В.Гумбольдт еңбектерінде сөздің атау болып қалыптасуына себеп, негіз, уәж болатын белгілерін атады. Негізінен алғанда, сөздің уәжділігі мен уәжсіздігі туралы ұғымды ғылыми айналымға енгізген Ф.де Соссюр болатын. Ғалымның пайымдауынша, сөзді таңба деп алсақ, оның екі жағы болады, бірі бейне таңбаланушы, екіншісі сөздің мазмұндық жағы. Атауларға және туынды сөздерге, сонымен бірге сөзжасамдағы уәждеме мәселесіне қатысты жазылған зерттеулерден орыс тіл білімінде М.М.Копыленко, Д.Н.Шмелев, И.С.Улуханов, О.И.Блинова және т.б., қазақ тіл білімінде Қ.Ш.Құсайынов, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, А.Салқынбай, Б.Қасым, К.Құрманалиев және т.б. еңбектерін атауға болады [8].
Уәждеме үрдісіне зерттеу жүргізілген профессор Б.Қасым бұл құбылысқа мынадай анықтама береді: «Уәждеме сөздің дыбыстық таңбасы мен мағынасының арақатынасын саралауды талап ететін тілдік құбылыс. Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі белгілері, қасиеттері адам санасында олар туралы берік түсінікті қалыптастырады. Бұл түсініктер адамзат тарихының бай тәжірибесімен тығыз байланысты. Уәждеме сөздің ішкі мағыналық құрылымымен анықталады» [8, 53].
Аталым актісі үш мүшенің қатысуымен жүргізіледі – «болмыс» – «ұғым» – «есім». Болмыс есімнің сигнификаты (мағынасы) ретінде танылады. Есімнің сигнификаты мен денотаты нақты атау актілерінде номинацияның базалық құрылысы болып есептеледі. Аталым актісіндегі маңызды және негізгі тілдік бірліктік байланыстар – уәж, уәждеме, уәждену, уәжділік үдерістері деуге болады. Лексиканың нақты қабатындағы күрделі мәселе болып табылатын ұғым мен атаудың, оның астарындағы семантикалық реңктердің даму жағдайына уәждеме, уәжділік, уәждену құбылыстары өз ықпалын тигізеді. Уәждеме құбылысы әлем бейнесіндегі сан алуан нәрселер мен заттарға ат қойып, айдар тағып сол атаудың мән-мазмұнын ашуда аталым актісіндегі аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Қоршаған ортадағы қандай да бір затты, нәрсені немесе құбылысты танып-біліп, атау тағып, таңбамен бекіту оның мән-мазмұнымен бейнеленеді. (өлшем атаулары)
Сонымен, уәжділік деп тілдегі атауларға басқа атаулардың негізболуын айтамыз, олардың ішкі және сыртқы белгілерінің ұқсастығы не айырмашылығы нәтижесінде адамдардың бір сөздің екінші сөзге негіз қылып, жаңа сөз жасауын атаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |