1 МӨЖ: Байтұрсынов А. еңбегіндегі сөзжасамдық басты ұғымдар мен терминдерге уәждемелік талдау жасау Жоспар



бет5/8
Дата09.02.2022
өлшемі42,36 Kb.
#25129
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 МӨЖ.

2 А.Байтұрсынов және терминология

2.1 А.Байтұрсынов – қазақ тіл білімі терминологиясының негізін қалаушы

ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениеті көшбасшыларының бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы - өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға. Жастайынан тағдыр талқысын көріп өскен Ахметті өсірген де, ғылым мен мәдениеттегі көсегесін көгерткен де - халық үшін еткен еңбегі, елі үшін еңсере жасаған қызметі. Қараңғылықтың қамауынан алаш жұртын аршып алуға арналып, алғашқы сауат ашу құралы ретінде жазылған “Оқу құралынан” бастап, “Әліп-би”“ мен “Тіл құрал”, “Әдебиет танытқыш” атты зерттеулері мен маса болып ызыңдап елдің ертеңін ойлауға үндеген "Қырық мысал", "Масасы", қазақтың эпостық жыры «Ер Сайынның» алғы сөзі мен түсініктемелерін жазып, 1923 ж. Москвада шығаруы, ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялауы - оның есімін алтын әріптермен қазақ мәдениетінің шежіресіне жазды.

Ахмет Байтұрсынұлының ұлылығы ұлт үшін ұлық істерді бастауымен, алғаш қазақ әліпбиін жасап, қазақ сөз өнерінің теориясын туғызғанымен, тіл ғылымының маңызын терең түсініп, бағалап, тілдік терминдерді ұлттық санаға лайықтап жасауымен байланысты. Қазақ сөзінің қисынын келтіріп, өз нақышында жазу үшін сол тілде сауатын ашып, дағдылану керектігін тап басып айту да – ақын ерлігінің бірі. А. Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» атты ұлы Абайға арналып жазылған мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі ретінде бағаланады. Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетикалық сипаты алғаш рет ғылыми тұрғыдан зерделенген-ді. Ал қазақ халқының талай заманалар бойы аңсаған арманын көкжиек төріне шығарып, сол арқылы өзі де биіктеген ақын Сұлтанмахмұт Торыайғыров “Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов ... бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – айым” деп ұлт азаттық жолындағы күрескер алаш азаматтарын ардақтаған. Ия, қазақтың бір туар арыстары бірін-бірі осылайша марқайта мадақтай, еңбегін бағалай білген.

Қазақ сөзінің қисынын (теориясын) қиыстырып, көркем сөйлеу тілін ғылым тіліне айналдырып, тіл-құрал етіп әдіптеген ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінде де көшбасшы болып, қазақ тіл ғылымы мен әдістемесінің негізін қалады. Қазіргі таңда Байтұрсынұлы жасаған бүкіл терминдер қазақ тіл білімінің метатұғыры болып қалыптасып, тілдік тәжірибеде қабылданған, уақыт сүзгісінен өткен, қазақ тіл білімінің төл ерекшелігін танытатын құндылыққа айналған.

 Қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі, ұлы зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінің басты салалары туралы ең алғаш қалам тартқан ғалым еді. Алғашқы сауат ашу құралы ретінде жазылған “Оқу құралынан“ бастап, “Әліп-би” мен “Тіл құралда” қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады. Ахмет Байтұрсынұлының ұлылығы оның тек тұңғыш оқу құралын жазғанымен өлшенбесе керек, ең бастысы алғашқы оқулық тілінің терең халықтығында, сапалылығы мен біліктілігінде. “Біздің жасынан орысша я ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды, я жазса да қиындықпен жазады. Себебі жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық. Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген”,- дейді автор “Тіл құралдың” кіріспесі ретінде жазған “Сөз басында”. Яғни қазақ сөзінің қисынын келтіріп, өз нақышында жазу үшін сол тілде сауатын ашып, дағдыланған абзал. Ғалым мұны көрегендікпен айтқан. Қазіргі таңдағы тілдік жағдай бұған толық көзімізді жеткізіп отыр. Өзге де тілдік бірлік сияқты терминнің де мазмұны мен мағынасы бар, алайда өзге сөздердегіден ерекше өзіндік сипаты бар. Терминнің мағынасы мен мазмұны сәйкес келіп, бір-бірін анықтап, мағына мазмұнды ашса, термин терім сөз ретінде анықтала алады.

Ахмет Байтұрсынұлының жазған “Тіл құралының” өміршеңдігі мен қажеттілігі әр түрлі сипатта, әр алуан аспектіден бағалана алады. Оның мәнісі профессор Ө.Айтбаев зерттеуінде көрсеткендей “А.Байтұрсынұлы жасаған терминдер жүйесі, бір қарағанда, оп-оңай болып көрінгенмен, ол – өте күрделі де терең ізденістер нәтижесінде пайда болған ғылыми туынды” [2. 32]. 

Ахмет Байтұрсынұлы жасаған термин сөздердің басты ерекшеліктері деп мыналарды көрсет:


Автор терминдерінің дәлдігі мен нақтылығын саралап, оның сапалық сипатын дәл бағалау үшін өзге жасалған терминдермен немесе басқа түркі тілдерінде, орыс тіліндегі жасалған терминдермен салыстыруға болар еді. Ахмет Байтұрсынұлы жасаған кез келген термин сөзді мағыналық сипаты мен негізділігіне, уәжділігіне талдап қарауға, олардың соншалықты дәйектілігіне таңданып, таңырқауға болады. Терминдердің ең басты бір ерекшелігі таңдалып алынған сөздердің қазақша ұғымға сәйкес аталатыны. Қазақ балаларына түсінікті сөздер мен атаулар болғандықтан, оны оқыту да жеңіл. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиеді. Автордың өзі көрсеткендей, қазақ балаларын қазақша оқыту дегеннің ең тиімді жүйесі де осындай болса керек. Қазақша ойлаудан, сөзді қазақша түйсінуден туған терминдер. Оқушыларға әрбір термин туралы айтқанда, оның тілдік мағынасын ашудан бұрын, оның атаулық, сөздік мағынасын ашып алған тиімді болады. Яғни туынды сөзді немесе түбірді айтпас бұрын, осы сөздердің атаулық мағынасын ашып, анықтап көрсеткен жөн.

Туысқан түркі халықтарынан шыққан көрнекті ғалымдардың Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терминдердің уәжділігі мен негізділігіне таңданып, халық тіліне жақындығына барынша іш тартқанына, бізге қызыға да қызғана қарағанына қаншама рет куә болдық, баба рухы алдында тізе бүгіп, өзімізді ғалым ретінде бақытты сезінгеніміз, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты ғалымның бар болғандығына шүкіршілік айтқанымыз да рас [4].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет