1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Операциялық жүйе (ОЖ)


Үрдістің виртуалдық мекен-жайлық кеңістігін сегментациялау. Үрдіс мәнмәтінінің құрылымы



бет12/38
Дата25.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#86447
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
2 Үрдістің виртуалдық мекен-жайлық кеңістігін сегментациялау. Үрдіс мәнмәтінінің құрылымы.
Үрдістің виртуалдық мекен-жайлық кеңістігін сегментациялауда біз ең алдымен файлдар атрибуттарына көңіл бөлуіміз керек.. Әрбір файлдың аты және деректері болады. Бұған қоса, операциялық жүйелер әрбір файлмен басқа ақпаратты байланыстырады, мысалы, файлдың құрылған күні мен уақыты, өлешемі. Біз бұл қосымша мәліметтерді файл атрибуттары деп атаймыз, бірақ кейде оларды метадеректер терминімен атайды. Атрибуттар тізімі жүйеден жүйеге айтарлықтай түрде вариацияланады. 4.1 кестеде кейбір мүмкін атрибуттар көрсетілген, алайда басқа да атрибуттар болуы мүмкін. Практикада ешқандай операциялық жүйеде кестеде келтірілген файлдар атрибуттарының барлығы бірден пайдаланылмайды, бірақ олардың әрбірін бір немесе басқа жүйеде кездестіруге болады. 
Кесте 4.1 – Файлдардың кейбір мүмкін атрибуттары

Атрибут

Мәні

Қорғау (Защита)

Кім және қалай файлға қол жеткізе алады

Пароль

Файлға қол жеткізу үшін пароль

Жасаушы (Создатель)

Файлды құрған пайдаланушы идентификаторы

Иегер (Владелец)

Ағымдық иесі

Тек оқу жалаушасы
(Флаг только чтения)

0 — оқу/жазу үшін; 1 — тек оқу үшін

Жасыру жалаушасы
(Флаг скрытия)

0 — қалыпты; 1 —файлдары тізімінде каталог көрсетпеу

«Жүйелік» жалаушасы
(Флаг «системный»)

0 — қалыпты; 1 — жүйелік

Архивтеу жалаушасы
(Флаг архивации)

0 — файл резервтік қоймаға орналастырылған;
1 — резервтеу қажет етілуде

ASCII/екілік жалаушасы
(Флаг ASCII/двоичный)

0 — ASCII; 1 — екілік

Кездейсоқ қол жеткізу жалаушасы
(Флаг произвольного доступа)

0 — тек тізбектік қол жеткізу;
1 — кездейсоқ қол жеткізу

«Уақытша» жалаушасы
(Флаг «временный»)

0 — қалыпты; 1 — процесс соңында файлды жою

Блоктау жалаушасы
(Флаги блокировки)

0 — блокталмаған; блокталған жағдайда нөлдік емес

Жазба ұзындығы
(Длина записи)

Жазбадағы байттар саны

Кілт позициясы
(Позиция ключа)

Жазбада кілтке дейін жылжу

Кілт ұзындығы
(Длина ключа)

Кілт өрісіндегі байттар саны

Құру уақыты
(Время создания)

Фалды құру уақыты мен күні

Соңғы қол жеткізу уақыты (Время последнего доступа)

Файлға соңғы қол жеткізу уақыты мен күні

Соңғы өзгерту уақыты
(Время последнего изменения)

Файлды соңғы өзгерту уақыты мен күні

Ағымдық өлшем
(Текущий размер)

Файлдағы байттар саны

Файл үлкейе алатын Байттар санының максимал өлшемі, алғашқы төрт атрибут файлды қорғауға қатысты атрибуттар және файлға қол жеткізуге кімнің құқығы бар, кімде жоқ екені туралы ақпараттан тұрады. Файлды қорғаудың әртүрлі схемалары бар. Кейбір жүйелерде пайдаланушы файлға қол жеткізуге рұқсат алу үшін пароль көрсетуі тиіс. Бұл жағдайда пароль файл атрибуттарына кіруі тиіс. Жалаушалар кейбір спецификалық қасиеттерді басқаратын жеке биттер немесе қасқаша биттік өрістер болып табылады. Мысалы, жасырын файлдар каталогты ашқанда файлдар тізімінен көрінбейді. Архивтеу жалаушасы файл үшін резервтік көшірме құрылған-құрылмағанын бақылайтын бит болып табылады. Бұл жалаушы архивтеу бағдарламасымен тазаланады және файлды өзгерту кезінде операциялық жүйемен орнатылады. Осылайша архивтеу бағдарламасы қандай файлдарды архивтеуге болатынын анықтай алады. Уақытша файлды файл құру процесінің жұмысы аяқталғаннан кейін автоматты түрде өшіруге болады. Жазба ұзындығы, кілт позициясы және кілт ұзындығы атрибуттары жазбалары кілт бойынша ізделінетін файлдарда ғана болады. 
Уақыт мәнін сақтайтын түрлі атрибуттар файл қашан құрылғаны, қашан соңғы рет өзгертілгені, қашан оған соңғы рет қол жеткізілгенін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл деректерді әртүрлі мақсаттарда пайдалануға болады. Мысалы, бағдарламаның бастапқы файлы объекттік файлдан кейін модификацияланған болса, берлген бастапқы файл қайта компиляциялануы қажет.
Файлдың ағымдық өлшемі ретінде осы моменттегі файлдағы байттар саны көрсетіледі. Кейбір мэйнфреймдердің ескі операциялық жүйелерінде файлды құру барысында файлдың максимал ұзындығын беру қажет болатын, ол файлдың кейінірек үлкеюі үшін операциялық жүйенің жеткілікті орын резервтеп қоюына мүмкіндік береді. Дербес компьютерлерде жұмыс істейтін қазіргі кездегі операциялық жүйелер мұндай резервтеусіз жұмыс істей алады. 
Файлдар ақпаратты сақтауға және оны кейінірек алуға мүмкіндік береді. Әртүрлі операциялық жүйелерде файлдармен түрлі операциялар жасауға болады. Төменде файлдарға қатысты жиі кездесетін жүйелік шақырулар көрсетілген.
create – файл құру. Файл деректерсіз құрылады. Бұл жүйелік шақыру жаңа файлдың пайда болуы туралы жариялайды және оның кейбір атрбуттарын орнатуға мүмкіндік береді.
delete – файлды өшіру. Файл қажет болмай қалған жағдайда дискте кеңістікті босату үшін оны өшіреді. Бұл жүйелік шақыру барлық операциялық жүйелерде бар.
open – файлды ашу. Файлды пайдаланбас бұрын процесс он ашуы тиіс. Open жүйелік шақыруы жүйеге файл атрибуттарын және келесі шақыруларда файл мазмұнына жыдам қол жеткізу үшін дискілік адрестер тізімін оперативтік жадыға оқуға мүмкіндік береді.
close – файлды жабу. Файлға жасалатын барлық операциялар аяқталған кезде атрибуттар мен дискілік адрестер қажетсіз болып қалады, сондықтан жүйенің ішкі кестесінде кеңістікті босату үшін файлды жабу керек. Көптеген операциялық жүйелер бірмезгілде тек шектелген мөлшердегі файлдарды ғана ашуға мүмкіндік береді. Дискке жазу блоктық түрде жүргізіледі, ал файлды жабу файлдың соңғы блогының жазбасын шақырады, бұл блок әлі соңына дейін толмаған жағдайда да. 
read – файлдан деректерді оқу. Әдетте, байттар файлда ағымдық позициядан түседі. Оқитын процесс қажетті деректер санын көрсетуі тиіс және оларға буферді қамтамасыз етуі керек.
write – файлға жазу. Деректерді файлға жазу файлдағы ағымдық позициядан басталады. Егер ағымдық позиция файл соңында болса файл өлшемі автоматты түрде өседі. Кері жағдайда жазу қайтымсыз түрде жоғалатын бұрыннан бар деректер үстіне жасалады.
append – файл соңына деректер қосу. Бұл жүйелік шақыру write шақыруының қиылған нұсқасы болып табылады. Ол деректерді тек файл соңына ғана қосуға мүмкіндік береді. Аталған шақыру жүйелік шақырулары санаулыболатын операциялық жүйелерде болмауы мүмкін.
seek – файлда позициялану. Кездейсоқ қол жеткізу файлдары үшін деректеді файлда қай жерге орналастыруды көрсететін тәсіл талап етіледі. Бұл операция ағымдық позиция көрсеткішін файлдың белгілі бір жеріне орнатады. Кейінгі деректер осы позициядан бастап оқылып, жазылады.
get attributes – файл атрибуттарын алу. Процестерге көбіне оларды қызықтыратын файлдар атрибуттары қажет болады. Мысалы, көптеген жеке бастапқы модульдерден тұратын бағдарламаларды жинау үшін UNIX-те көбіне make бағдарламасы пайдаланылады. Бұл бағдарлама барлық бастапқы және объекттік файлдардың өзгерген уақытын зерттейді, сондықтан жүйе олардың аз санын өңдеумен құтылады. Өз жұмысын орындау үшін бағдарлама файлдар атрибуттарын білуі тиіс.
set attributes – файлдар атрибуттарын орнату. Файлдың кейбір атрибуттары пайдаланушымен файл құрылып болғаннан кейін орнатылады. Бұл жүйелік шақыру осындай мүмкіндік береді. Мысалы, файлға қол жеткізуден қорғау коды және басқа да көптеген жалаушалар орнатуға болады.
rename – файлға қайта атау беру. Бұл шақыру файл атын өзгертуге мүмкіндік береді. Операциялық жүйенің rename шақыруын қолдауы қажетті емес, өйткені файлды жаңа атпен сақтап, ескі экземплярын өшіріп тастауға болады.
lock – файлды блоктау. Файлды немесе оның фрагментін блоктау оған бірнеше процестер тарапынан бірмезгілде қол жеткізуден қақпайлайды. Мысалы, авиабилеттерді резервтеу жүйесінде деректер қорын блоктау бір орынды екі пассажирдің резервтеу мүмкіндігіне жол бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет