Байланысты: 1 Негізгі ымдар мен аны тамалар Операциялы ж йе (ОЖ) (4)
1 Сигналдар өңдеу жабдықтары Сигналдар өңдеу жабдықтары ең алдымен каталогтарда орын алады. Үрдістерді басқаратын уақиғалық тітіктер қарапайым каталогтардың бірден-бір бөлшегі болып табылады. Сондықтан каталогтар туралы ақпарат алғанымыз абзал.
Каталогтар. Файлдық жүйелерде файлдар әдетте каталогтарға немесе бумаларға ұйымдастырылады, олар өз кезегінде көптеген операциялық жүйелерде файлдар болып табылады. Келесі бөлімде каталогтар, оларды ұйымдастыру, қасиеттері мен оларға жасалатын әрекеттер қарастырылады.
Қарапайым каталогтар. Әдетте каталог әр файлға бір жазбадан болатын бірнеше жазбадан тұрады. Каталогтың әрбір жазбасына файл аты, оның атрибуттары және файл деректерінің дисктегі адрестері кіретін нұсқалардың бірі 6.1, а суретте көрсетілген. Басқа нұсқасы 6.1, б суретте көрсетілген. Мұнда каталог жазбасы файл атын және атрибуттар және дискілік адрестерімен болатын деректер құрылымына сілтейтін көрсеткішті сақтайды. Кең түрде екі нұсқа да пайдаланылады.
Сурет 6.1 - Каталогтарды ұйымдастыру: а — атрибуттар каталогта сақталады;
б — атрибуттар жеке сақталады
Файл ашылған кезде операциялық жүйе оның жазбасын каталогтан кздейді. Содан кейін оны шығарып, не жазба сілтеме жасайтын құрылымнан не жазбаның өзінен оның атрибуттары мен дискілік адрестерін жадқа жүктейді. Одан кейін сол файлға жүгіну кезінде жадтағы ақпарат пайдаланылады. Каталогтар саны жүйеден жүйеге өзгеріп отырады. Қарапайым жағдайда барлық пайдаланушылардың барлық файлдары сақталатын бір каталог болады (6.2, а сурет). Мұндай жүйелер алғашқы дербес компьютерлерде пайдаланылды, өйткені компьютерлер бірпайдаланушылық болатын.
Сурет 6.2 – Файлдық жүйелер құрылғыларының үш нұсқасы:
а — барлық пайдаланушылар үшін бір каталог; б — әр пайдаланушы үшін жеке каталог; в — әрбір пайдаланушы үшін каталогтар ағашы.
Әріптермен каталогтар немесе файлдар иелері белгіленген
Бір каталогты жүйелерге келесі проблема тән: егер пайдаланушылар көп болса, онда олардың кейбірі аттары бірдей файлдар құруы мүмкін. Мысалы, егер А пайдаланушысы mailbox файлын құрып, содан кейін В пайдаланушысы да дәл осы аттас файл құратын болса, онда А пайдаланушысының файлы қайта жазылады. Осы себептен сипатталған схема көппайдаланушылық жүйелерде қолданылмайды, алайда оны кіші жүйелерде, мысалы, дербес электронды секретарьларда және ұялы телефондарда кездестіруге болады. Пайдаланушылардың өз файлдарына бірдей атау беру конфликтінен құтылу үшін әрбір пайдаланушыға дербес каталог бөлу қадамы жасалды. Бұл жағдайда пайдаланушылар таңдайтын атаулар бір-біріне әчер етпейді және бірнеше каталогта бірдей атауларды қолдану проблема тудырмайды. Мұндай тәсіл 6.2, б суретте көрсетілген жүйеге алып келеді. Мұндай жүйелерді, мысалы, көппайдаланушылық компьютерде немесе дербес компьютерлердің ортақ файлдық сервері бар күрделі емес локальді желісінде қолдануға болады.
Сипатталған схемада операциялық жүйе сәйкес каталогта іздеуді іске асыру үшін қай пайдаланушы сол немесе басқа файлды ашуға тырысып жатқанын білуі тиіс. Осыдан келіп пайдаланушы кіріс атын немесе идентификациялық деректерді көрсетуі тиіс жүйеге кіру процедурасының қажеттілігі туады.
Бірдеңгейлі құрылымды каталогтар жүйесінде мұндай процедура қажет емес. Егер сипатталған жүйе қарапайым формада реализацияланған болса, пайдаланушылар олардың өз каталогтарында ғана бар файлдарға қол жеткізе алады.