1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Операциялық жүйе (ОЖ)


Үрдістердің кезегі және приоритет ұғымы



бет14/38
Дата25.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#86447
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Байланысты:
1 Негізгі ымдар мен аны тамалар Операциялы ж йе (ОЖ) (4)

2 Үрдістердің кезегі және приоритет ұғымы
Өзара блокталу. Компьютерлік жүйелерде әрқайсысы нақты бір уақыт моментінде тек бір процеспен ғана пайдаланыла алатын ресурстар бар. Мысал ретінде принтерлерді, магнитті лентаға жинақтауыштарды және жүйенің ішкі кестелері элементтерін айтуға болады. Принтерге бірмезгілде деректер жіберетін екі процестің болуы мағынасыз символдар жинағын баспаға шығаруға алып келеді. Файлдық жүйе кестесінің бір элементін пайдаланатын екі процестің болуы мідетті түрде файлдық құрылымның күйреуіне себепкер болады. Сондықтан барлық операциялық жүйелер процеске бағдарламалық және аппараттық сияқты белгілі бір ресурстарына эксклюзивті қол жеткізуді ұсыну қабілетіне ие (ең болмағанда уақытша).
Көбіне қолданбалы процесс бір емес бірнеше ресурстарға ерекше қол жеткізуге мұқтаж болады. Айталық, мысалы, әрбір екі процес сканерленген құжатты компакт-дискке жазғысы келеді делік. А процесі сканерді пайдалануға рұқсат сұрап, рұқсат алады. В процесі басқаша бағдарламалнған, сондықтан бірінші компакт-дисктерді жазуға арналған құрылғы сұрайды және оны алады. Содан кейін А процесі компакт-дисктерді жазуға арналған құрылғыға жүгінеді, бірақ құрылғы В процесінен босағанша сұраныс қабылданбайды, кейінге қалдырылады. Өкінішке орай, компакт-дисктерді жазуға арналған құрылғыны босатудың орнына В процесі сканерді сұрайды. Процестер өзара блокталып қалады және «асылған» күйде қалып қояды. Мұндай жағдай өзара блокталу немесе тығырық деп аталады.
Өзара блокталу енгізу-шығарудың тек ерекшеленген құрылғыларының сұраныстарына ғана тән емес, сонымен қатар көптеген басқа да жағдайларға тән. Деректер қоры жүйелерінде бағдарламаның жарыстардан құтылу үшін бірнеше жазбаларды амалсыздан блоктап қоюына тура келеді. Егер А процесі R1 жазбасын блоктап қойса, В процесі R2 жазбасын блоктап қояды, содан кейін әр процесс бөтен жазбаны блоктауға тырысады, біз тағыда тығырыққа тірелеміз. Осылайша, өзара блоктаулар аппараттық, сонымен бірге бағдарламалық ресурстармен жұмыс кезінде де пайда болады.
6. Сигналдар өңдеу жабдықтары. Үрдістерді басқаратын уақиғалық тітіктер. Үрдістер әрекеттестігі. Үзу жүйелері. Үрдістің біресепті және көпесепті орындалуы. Есепті көппрцессорлық шешуді басқару тәсілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет