49.Бәсекелес және бәсекелес емес ингибирлену. Бәсекелес ингибитор – өзінің құрылымы бойынша субстратқа ұқсайды, ол сондықтан да ферментті «алдай алады», оның активті орталығымен байланыс жасайды да, ферменттің әсерін шектеп тастайды. Ингибитор және субстрат ферменттің белсенді орталығы үшін бәсекеге түседі. Егер субстрат концентрациясы артатын болса, реакция жылдамдығы өсетін болады. Бәсекелес емес ингибиторлар- Михаэлес константасына әсер етпейдi, бiрак реакция жылдамдыгын темендетедi. Бәсекелестік емес тежелу Ингибитор ферменттің субстратты өнімге айналуына кедергі келтіретін конформациялық өзгерістерді тудырады, бірақ ферменттің субстратқа жақындығына әсер етпейді. Бәсекелестік емес тежелу кезінде Михаэлис тұрақтысы өзгермейді, ал максималды реакция жылдамдығы (1 + [I]/Ki) есе төмендейді.
50.Гидролазалар. Жалпы сипаттама. Негізгі топтары. Гидролазалар – судың қатысуымен күрделі заттардың мономерлерге дейін ыдырауын катализдейтін ферменттер. Гидролазалар (карбоксипептидазадан басқасы) – біркомпонентті ферменттер, жасушаларда, ас қорыту сөлдерінде кездеседі. Гидролазалар 9 топқа бөлінеді, 3 тобын қарастырамыз:
Маңызды топтары 3маңызды тобы белгілі: