1 Общие требования


Ланцетниктің көбеюі және дамуы



бет8/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69
Ланцетниктің көбеюі және дамуы. Ланцетниктердің көбеюін және дамуын бірінші рет А. О. Ковалевский зерттеген. Бұл зерттеудің үлкен маңызы бар. Өйткені, өте қарапайым хордалылардың дамуын зерттеудің нәтижесінде қазіргі тіршілік ететін хордалылар тегінің ертеде қалай дамығаны туралы керекті мәліметтер алуға болады. Сонымен қатар ланцетниктің эмбриональдық дамуы баска хордалылардың эмбриональдық дамуының қарапайым, схемалық көрінісі болып саналады.
Уылдырықтарын шашуы және олардың ұрықтануы әдетте кешкі уақытта болады. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кеште ұрық танған жүмыртқа, түн ортасында гаструлалық даму кезеңіне жетіп үлгереді. Жұмыртқаның бөліне бастаған мезгілінен 36 сағаттан соң, ұрықтың аузы және алғашқы желбезек саңылауы қалыптасады.
Жұмыртқалары ұсақ және олардың сары уызы аз болады. Сондықтан да, оның бөлінуі толық және біркелкі түрде жүреді. Әйткенмен, бластула пайда болғанда жұмыртқаның төменгі вегетативті бөлімінің клеткалары, оған сәй кес анимальды (құрсақ) бөлімінің клеткаларынан едәуір ірі келеді. Бластула ның теменгі бөлімінің ішіне карай ояздануынан гаструла пайда болады. Сондықтан да гаструланың ішкі қабатындағы клеткалары ірі болады. Гаструла ұзаруына сәйкес гастропор біртіндеп тарылады. Осы мезгілде ұрықтың үстіңгі бетінде медуляр тақтасы пайда болып, оның жиектері жиырылып, ұштасуынан түтік түзіледі. Осылайша түзілген нерв түтігі алдыңғы ұшымен невропор арқылы, уақытша сыртқы ортамен қатысады да артқы ұшы гаструла қуысымен, яғни алғашқы ішекпен жалғасады. Ұрық бұдан әрі дамығанда, нерв тік ішек қуысы мүлдем жойылып, невропордың орнында иіс оязы қалады.
Осы мезгілде энтодерма да жіктеледі. Алғашқы ішектің арқа бөлімінде оның тұрқына сәйкес созыльш жаткан өсінді пайда болады. Келешекте бұл өсіндіден жіп тәрізді тығыз хорда пайда болады.
Дәл осы кезде, хорда нұсқасының екі бүйірінен екі қатар болып симметриялы орналасқан ішек қатпарлары пайда болады. Олар өсе келе жіп тәрізденіп, одан бір пар мезодерманың алғашқы нұсқасы-метамерлі орналасқан целом қапшықтары пайда болады. Ұрықтың келешек даму кезінде әрбір целом қапшығы екі бөлімге үстіңгісі—сомит, астықғысы— бүйір тақтасына бөлі неді. Сомит қуыстары өз ара қосылмай, біртіндеп жойылып кетеді де, керісін ше бүйір тақталарының қуыстары өз ара қосылып екінші дене қуысын, немесе целомды құрайды.
Сомитте мына төмендегі органдардың нұсқалары бар екендігі байқалды: сомиттің І ішкі төменгі бөлімін— склеротом деп атайды. Ол хорданы, нерв түтігін, жүзу қанаттарын, тірек қауырсындарын қаптап тұратын дәнекер қынаптарын құрайтын клеткаларды түзеді және одан миосепталар да қалып тасуы мүмкін. Сомиттің хордаға тиіп жататын бөлімін миотом деп атайды. Бұдан тұлға еттері пайда болады. Сомиттің сыртқы бөлімі тері жапырақшасы деп аталады. Бұдан терінің дәнекер қабаты — кутис пайда болады.
Бүйір тақтасынан шарбы, шажырқай (бұлардан ұзын канал тәрізді қан тамырлары пайда болады), ішек еттері, көлденең жолақты бұлшық еттер да-миды. Нефридиалық түтіктер саусақ тәрізді өсінділер түрінде дененің екінші куысының кабырғаларынан пайда болады. Сомит және бүйір тақтасы екіге бөлінген жердің аралығынан гонадалары дамиды, мұны гонотом деп атайды.
Ауыз гастропорға карама-карсы жатқан алғашқы ішектің ұшының ілгері шығуымен эктодерманың оған қарсы түрілген жерінен пайда болады. Осылардың түйіскен жерінің жарылуынан ауыз тесігі пайда болады. Ұрықтың астыңғы сол жақ бетінде ассиметриялы-түрде ауыз тесігі және желбезек саңылаулары дамиды.
Атриальдық қуыс бас сүйексіздердің денесінің құрсақ жағындағы бетінде алғаш науа түрінде пайда болады. Осы науа тәрізді қатпардың жиектері өсе келіп, бірімен-бірінің ұштасуынан дене қуысы пайда болады. Дененің артқы бөліміне жеткенде бұл қатпарлардың беттеспеуінен тесік қалып, ол сыртқа ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет