1 Общие требования



бет6/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Нерв системасы. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп, аталатын бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтігі болады. Нерв түтігінің бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыстар болады. Бұл қуысты — невроцель деп атайды. Ланцетник ұрығының даму кезінде невроцель сыртқы ортамен — невропор тесігі арқылы қатысады. Ересек ланцетниктерде невропор болмайды. Мұның орнына дененің бас бөлімінің үстіңгі жағында ояз қалады, оны иіс оязы деп атайды.
Бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш — Гессе көзшелері орналасқан. Әрбір көзшенің өзі екі түрлі клеткадан, тұрады. Біріншісі — жарық сезгіш клетка, ал екіншісі — пигментті клетка. Ланцетник миының барлығы дерлік жарық сезгіш келеді. Перипериялық нерв системасы ми түтігінен кететін нервтерден құралады. Нерв түтігінің алдыңғы кеңейген бөлімінен екі пар нерв кетеді де дененің алдыңғы бөліміне тарамданып кетеді, қалған бөлімдерінен басқа нервтер тарайды. Сөйтіп әрбір ет сегментіне екі пар нерв келеді. Біреуі құрсақ, екіншісі—арқа нерві. Арқа нервтері атқаратын қызметіне карағанда аралас қозғалтқыш-сезгіш, ал құрсақ нервтері таза қозғалыс қызметін атқаратын нерв болып саналады. Лацетникте осы нервтердің жұмысы бір-біріне байланысты емес, бұл көптеген омыртқалылардың нервтерінен айырмашылығының бар екендігін керсетеді.
Сезім органдары —өте қарапайым. Олар Гессе көзшелері арқылы жарықтарды, иіс оязы арқылы судың химиялық қасиеттерін ажырата алады. Сонымен қатар денесінде — эпидермисте бытырап жатқан сезгіш клеткалары болады.
Ас қорыту және тыныс органдары. Ауыз алдындағы қармалағыш түк терінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауызбен жұтқыншақты бөліп тұратын, етті сфинктер болады. Жұтқыншағы кең, ол жүзге жуық желбезек саңылау ларын аралап өтеді. Ол сыртқа ашылмай атриальдық немесе желбезек айна ласындағы куысқа ашылады. Атриальдық куысы бүйір қатпарларының өсуінен негізделген. Қатпарлар құйрық бөлімінде өспейді соның нәтижесінде атриопор деп аталатын тесік пайда болады. Сөйтіп су жұтқыншақтан желбезек саңылаулары арқылы атриальдық куысқа одан атриопор арқылы сыртқа шығады.

Сурет 3 – Эндостиль (көлденең кесіндісі):
1 – кірпікшелі клеткалар; 2 – безді клеткалар; 3 – желбезек аппаратының қаңқасы; 4 – целом.
Жұткыншақтың құрсақ жағындағы ішкі бетінде өзекшесі болады. Бұл өзекше безді және кірпікшелі клеткалармен эндостильмен қапталып тұрады. Ауыз маңына таянғанда өзекше екі айырық болып, жұтқыншақтың үстінгі бөліміне қарай созылады. Бұл жерде олар ішекке қарай созылып жатқан желбезек үсті оязына барып жалғасады. Эндостильдің шырын шығаратын бездерінің шырынына, су ағынымен ілесіп келген қоректік заттардың ұсақ бөлшектері жабысып қалады. Эностильдік эпителий кірпікшелерінің қозғалуы, шырынға оралған қоректік заттардың ауыз бөліміне, одан әрі желбезек үсті өзек арқылы ішекке түсуін қамтамасыз етеді.
Ішегі жіктелмеген бүкіл дене бойына созылған түтіктен тұрады, Ішектің алдыңғы бөлімінің құрсақ жағынан бір қуыс және тұйық өсінді шығады. Бұл жоғары сатыдағы омыртқалылардың бауырының қызметіне ұқсас қызмет атқарады. Сондықтан, бұл өсіндіні — бауыр өсіндісі деп атайды.

Сурет 4 – Ланцетниктің бас бөлімі:
1 – хорда; 2 – нерв түтігі; 3 – иіс шұңқыры; 4 – желкен; 5 – велярлық қармалағыштар; 6 – ауыз алды қармалағыштар; 7 – Гессе көзшесі.

Бұл айтылғандардан: ланцетниктер пассивті түрде тыныс алады және қоректенеді деген қорытынды шығады. Анығырақ. айтқанда, бұлардың тыныс алуы және қоректенуі ауыз бөліміндегі — жұтқыншағындағы және ішегіндегі кірпікшелі эпителийлерінің қозғалып тұруына байланысты. Ланцетниктер — пассив организмдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет