1 Общие требования



бет7/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69
Қан айналу системасы-қарапайым, бірнеше қан тамырларынан ғана тұрады.Қаны түссіз. Жүрегі болмайды. Жұтқыншақтың астыңғы жағынан басталған құрсақ қолқасынан бірнеше желбезек артериялары тарайды. Бұл артериялар желбезек саңылауларының арасындағы қатпарларға келіп ұштасады. Желбезек артериялары ұсақ кан тамырларының торларын құрамай-ақ тотық қан қанды қос желбезек үсті қан тамырларына немесе арқа колқасьның түбіріне апарып кұяды. Қос арқа қолқасының түбірі яғни желбезек үсті қан та мырлары қатарласып келіп жұгкыншақтың соңғы бөлімінің тұсына келген де қосылып, арқа қолқасына айналады. Арқа қолқасы хорданың астыңғы жағынан дененісінің артқы бөліміне дейін созылады. Арқа қолқасынан ішкі органдарға қан тамырлары кетеді. Арқа қолқасының түбірінен ланцетниктің бас бөлімдерін артерия қанымен қамтамасызететін — ұйқы, артериялары тарайды.
Денесінің алдыңғы бөлімдегі қан дененің артқы бөліміне апаратын ал дыңғы қос кардиналдық венаға жиналады. Ал денесінің. артқы бөліміндегі вена қандарын, артқы қос кардиналдық веналар денесінің алдыңғы бөліміне алып келеді. Жұтқьшшактың артқы бөлімінде, алдыңғы және артқы кардиналдык веналары өз ара қосылып, (оң және сол) екі кең, жұқа қабырғалы кювьеров кұйлысын құрайды. Кювьеров құйылысынан вена қандары вена синусына құйылады. Кұрсақ қолқасы осы вена синусынан басталады. Ішкі органдардан жиналған вена қаны — ішек асты венасымен бауырға келіп енеді. Бұл вена бауырға кірісімен капилляр торларын құрап, бауырдың қақпа системасын құрайды. Бауыр венасымен қан вена синусына барып құйылады.
Жүрегі болмағандықтан ланцетниктің қаны құрсак жағындағы қолқаның жиырылуы мен желбезектегі қан тамырларының төменгі бөлімінің жиырылып жазылып тұруы нәтижесінде қозғалады.

Сурет 5 – Ланцетниктің қан айналу жүйесі:
1 — арқа аорта; 2 — құрсақ аорта; 3 бауыр венасы; 4 — артқы кардинальды вена; 5 — бауырдың қақпа венасы; 6 — ішек асты венасы; 7 — алдыңғы кардиналь венасы.


Зәр шығару системасы — жұтқыншақ маңайына орналасқан көптеген (90 пар) нефридия түтікшелерінен тұрады.
Нефридия түтікшелерінің бір ұшы желбезек маңындағы қуыспен жал-ғасады да екінші ұшы целом қуысына еніп тұрады. Осы қуысқа еніп тұратын ұшында, бірнеше тесіктер бар. Бұл тесіктердің іші қуыс, сырты түйреуіштің басы сияқты клеткалармен соленоциттермен қапталған. Соленоциттардың іші куыс оның ішіндегі қозғалып тұратын түктерінің көмегімен, целомның ішіндегі зәр заттары желбезек куысына келіп, одан сыртқа шығарылады. Ланцетниктердің зәр заттарын шығару органдары, кейбір буылтық құрттардың зәр шығару органдарының құрылысына ұқсайды.

Сурет 6 – Ланцетниктің нефридиялары.
А нефростомалар және соленоциттермен бірге бүтін түтікше: 1 – желбезек саңылауының жоғарғы түбі; 2 – желбезек маңы қуысының ішіне ашылатын бүйрек түтігінің саңылауы; 3 – нефростомалар; Б зәр шығару каналында орналасқан соленоциттермен бірге қабырғасының бір бөлігі.


Жыныс бездері. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас болғандықтан, оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Олар көптеген (25 пар), шар тәрізді целом қуысының желбезек бөліміне орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жолы арқылы, желбезек қуысына келіп, одан атриопор арқылы сыртқа суға шығарылады. Жыныстық клеткалар су түбіне жақын қабатқа барып ұрықтанады, яғни ланцетниктің ұрықтануы сыртта болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет