1 Общие требования



бет50/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69
Сезiм органдары. Механикалық қозуларды қабыршақтарының үстiне эпидермистiң астындағы сезiм жасушаларының жиналған жерiне, сезiм дақтарына орналасқан сезгiш түктерi арқылы қабылдайды. Бiрақ суда тiршiлiк ететiн төменгi сатыдағы омыртқалыларда болатын бүйiр сызықтарының органдары болмайды. Иiс органының құрылысында оның иiс сезу жолының ортаңғы бөлiмiнiң төменгі тыныс алу жоғарғы нағыз иiс сезу бөлiмiне бөлiнуiнiң үлкен маңызы бар. Барлық иiс жолының бас жағында айқын бөлiнген табалдырық бар, ол оның жұтқыншаққа ашылатын төменгi бөлiмi мұрын жұтқыншақ жолын құрады. Бұған қосымша якобсонов органы болады. Бұл ауыз iшiндегi тамақтың иiсiн айырады. Кесiрткелер тiлiн аузынан шығарып, кейбiр заттарға тигiзедi. Тiлiн шығарғанда иiсi бар заттың ұсақ түйiрi тiлiне жабысады да қайтадан тiлiн аузына ендiргенде тiлiмен бiрге енген заттан якобсонов мүшесi арқылы оның иiсiн аңғарады, айыра бiледi.
Бауырымен жорғалаушылардың қаңқасы қосмекендiлердiң қаңқасымен салыстырғанда әлдеқайда жетiлген және ол сүйек элементтерiнiң прогрессивтi дамуымен, қол-аяқтарының күшеюiмен және құрлықта тiршiлiк етуiне байланысты олардың қаңқаға мықты бекiнуiмен сипатталады.

Сурет 47 – Кесірткенің қаңқасы

Кесiрткенiң бас сүйегiнiң негiзгi ерекшелiгi оның толық сүйектенуi болып табылады, шемiршектiң шамалы қалдығы тек иiс сезу және есiту аймақтарында байқалады. Әсiресе жабынды сүйектенудiң үлкен бөлiмi бас сүйегiнiң төбе сiн, жанын және түбiн құрайды. Бас сүйегi омыртқамен шүйде сүйектерiнiң бiрiгуiмен түзiлген сүйекпен жалғасады.


Жұмыстың орындалу реті:
Кесiрткенi сойып көру үшiн жұлынына түйрегiшпен ваннаға бекiтемiз. Терiден көлденең кесiндiнi аналь тесiгiнен бастап жақ бөлiмiне дейiн дененiң құрсақ бөлiмiнiң ортасынан жасап, кесiндiнiң шетiн екi жаққа қарай ашамыз. Терiнi төменде орналасқан бұлшық еттерден бастап керектi жерiнен бөлiп, дененiң құрсақ бөлiмiн осылай жалаңаштаймыз. Терiге бұлшық ет тығыз жанасып тұрғандықтан, терiнi өте ұқыптылықпен кесу керек. Кесiрткенiң денесiнде бұлшық ет ұлпаларының жiктелiнуi айқын байқалады.Кесiрткенiң құрсақ бөлiмiнiң төменгi жағынан ұзынынан көлденең жеке сегменттерге бөлiнген ұзын салалы жұп құрсақ бұлшық еттер өтедi.Көкiрек бөлiмi жұп көкiрек бұлшық еттермен жабылған, ал төменгi жақ шеттерiнiң аралығында күштi дамыған көлденең жолақты бұлшық еттер көрiнiп тұрады.
Көкiрек бөлiмiндегi сыртқы бұлшық еттердi инструмент арқылы бөлшектегенде, жақсы дамыған қабырғааралық бұлшықеттер жүйесiндегi жұқа қабатты бұлшық ет талшықтарына көңiл аударамыз. Арқадағы терiнi қосымша препараттау арқылы кесiртке денесiнiң қалған бөлiгiнiң бұлшық еттерi мен таныса аламыз. Уақыт жетпесе бұл сабақты қалдыруға болады, ал онда сойып көру дененiң бұлшық ет қабырғалары мен жабындысын кесу арқылы жүредi.
Көкiрек бұлшық еттерiмен бiрге көкiрек шемiршектерiн және оның алдында жатқан төстi кесу керек. Артқа мұндай кесiндi клоакаға дейiн жасала ды және де жамбастың шат сүйектерiнiң тұтасқан жерiн кесу керек. Құрсақ қабырғаларының екi жартысын екi жаққа қарай ашып, ваннаға түйрегiшпен қадап қою керек.
Есеп:
1.Систематикасын тапсыру
2.Кесірткенің сыртқы, ішкі құрылысының суреттерін салу
3.Бауырымен жорғалаушылардың құрылыс ерекшеліктерін тапсыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет