1 Общие требования



бет44/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69
Аяқ скелеттері. Қос мекенділердің аяқ скелеттері құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың аяқ скелетіне ұқсайды. Сонымен қатар балықтардың қанат сүйектерінің құрылысынан айтарлықтай өзгешелігі бар. Егер де балықтардың қанаттары жай бір мүшелі рычагтар системасы болса, құрылықта тіршілік ететін омыртқалылардың аяқтарының құрылысы көп рычагты болады.
Бес саусақты аяқтары негізінен үш бөлімге-бөлінеді: І-бөлім, алдыңғы аяқтарында -тоқпан жілік (hyremus), артқы аяқтарында -ортан жілік (femur) деген бір сүйектен тұрады. Бұлардың проксимальды ұшы белдеулерге, тоқпан жілік — иықка, opтaн жілік —жамбас белдеуіне жалғасады; ІІ-бөлім, алдыңғы аяқтары — кәрі жілік, артқы аяқтары асықты жіліктердің сүйектерінен тұрады. Бұл белім параллель орналасқан екі сүйектен тұрады: кәрі жілік — шыбық (radius) сүйегі мен шынтақ (ulna) сүйектерінен құралады, ал

Сурет 41 – Бақаның иық белдеуі және алдыңғы аяқтарының қаңқасы:


1 – жауырын; 2 – жауырын үсті шеміршегі; 3 – коракоид; 4 – прокоракоид; 5 – бұғана; 6 – төс; 7 – төс алды; 8 – коракоид үсті шеміршек; 9 – төстің шеміршекті бөлімі; 10 – төс алдының шеміршектегі бөлігі; 11 – иық сүйегі; 12 – білек, жілікшік (қар және кәрі жіліктің қосылған жері); 13 – білек сүйек; 14 – алақан сүйек; 15 – саусақ сүйектері (ІІ - V).

асықты жілік үлкен асықты жіліктен (ribia) және асық жілік шыбығынан, (fibula) тұрады. ІІІ-бөлім, алдыңғы аяқтарында — қол басы сүйектерінен, артқы аяқтарында - табан сүйектерінен тұрады.



Сурет 42 – Бақаның жамбас белдеуі және артқы аяқтарының қаңқасы.
1 – мықып сүйек; 2 –сегізкөз (құйымышақ) сүйек; 3 – шат шеміршегі; 4 – сан сүйек, ортан жілік; 5 – сирақ (асықта жілік және жілікшік); 6 – табан алды сақина (сыбырлақ сақинасы бақайшақтың жоғарғы жағындағы сүйектер); 7 – басқа табан сүйектері; 8 – табан сүйектер; 9 – төртінші саусақтың рудименті; 10 – саусақ сүйектері (І – V).

Бұлардың әрқайсысы үш бөлімшеге бөлінеді: 1) алдыңғы аяқтары — білезік сүйектерден (carpus), ал артқы аяқтары-толарсақтан (tasus) тұрады. Бұл бөлімше сүйектері үш қатар болып орналасқан 9—10 ұсақ сүйекшелерден тұрады; 2) алдыңғы аяқтары — алақан (meta­carpus) сүйектерінен, артқы аяқтары—-табан (mtatarsus) сүйектерінен құралады. Бүл бөлімшенің сүйектері бірқатар болып орналасқан бес үзынша сүйекшелерден қалыптасады; 3) ал дыңғы аяқтарында — саусақтар (phalanges digitorum), артқы аяқтарында — башпайлары болады. Бұлар бес қатардан тұратын бірнеше үсақ сүйекшелерден құралған.


Құйрықты амфибилердің скелеті, осы келтірілген схемаға ұқсайды, ал бақалардың қаңқасы бұл схемадан өзгелеу болады. Ол өзгешеліктер: біріншіден, кәрі жілік және асықты жілік сүйектерінің элементтері кірігіп барып бір сүйекке айналады; екіншіден, білезік және толарсақ сүйектерінің көпшілік элементтері бір сүйек секілденіп қосылып кетеді; үшіншіден, артқы аяғының бірінші саусағының алдында рудиментті түрде, қосымша саусақ (praehal lux) болады. Бұл ерекшеліктер, бақалардың секіріп қозғалуының нәтижесінде пайда болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет