1 Общие требования



бет45/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69
Жұмыстың орындалу реті:
1.Тірі бақаны зертханалық жұмыс мақсаты үшін жансыздардыру және сою. Ішкі органдарының орналасу реттілігімен танысу.
Зертханалық жұмыс басталмастан 20-30 минут бұрын, тірі бақаны, алдын-ала даярланған таза, аузы полиэтилен қақпақпен тығыз жабылатын, сыйымдылығы 0,5-1 литр шамасындағы шыны банкаға салып, оның iшiнe эфир сіңірілген мақта салып, жансыздандырылады.
Зертханалық жұмыс кезінде қос мекенділердің құрылысымен толығырақ танысу үшін, құйрықсыздар отрядының кең таралған өкілі ретінде көл бақаны сойып, оның ішкі органдар жүйелерінің орналасу реттілігін қарастырамыз.
2.Жаңа жансыздандырылған бақаны, ішіне балауыз немесе парафин құйып қатырылған кюветке құрсағы жоғары қаратылып салынады да аяқтары түзетіледі. Содан кейін пинцетпен терісін жоғары көтеріп құрсағының төменгі жағынан аналь тесігіне жақын жерінен қайшымен терісі аздап кесіледі.
3.Осы кесіндіге қайшының доғал ұшын кіргізіп, оны сәл жоғары көтере отырып ауыз тесігіне дейін кеседі. Тері астындағы етті бүлдірмеу қажет.
4.Алдыңғы аяқтарының тұсынан көлденең кесінді жасалады да, босаған тері ұштарын қайырып, түйрегішпен балауызға шаншылады.
5.Шамамен қарынның астыңғы жағынан етті пинцетпен жоғары көтеріп, оны аздап кеседі де, пайда болған тесіктен қайшының доғал ұшын кіргізіп, көтеріңкі бағытта ұстай отырып, кесіндіні ауыз қуысына дейін жүргізу қажет.
6.Босаған ет ұштарын пинцетпен ұстап сыртқа қарай кесіп алып тастаған жөн.
7.Осылайша сойылып ашылған бақаның ішкі құрылысынан, ретті орналасқан ас қорыту, тыныс алу, қан айналыс, зәр шығару және жыныс органдарын, қаңқасын көруге болады.
Есеп:
1.Бас сүйегінің, омыртқа жотасының, жамбас, иық белдеулерінің суреттерін салу
2.Қаңқасының құрылыстарын тапсыру
3.Систематикасын тапсыру
Бақылау сұрақтары:
1.Қос мекенділердің өкілі ретінде бақаның бас сүйегінің құрылыс ерекшеліктері қандай?
2.Құрлық омыртқалылары ретінде қос мекенділердің осы қаңқасының құрылысын бақаның омыртқа жотасын мысалға алып түсіндір.
3.Құрлық омыртқалылары ретінде бақаның иық және жамбас белдеулерінің құрылысы мен қызметі.
4.Бес саусақ типтес жұп аяқтарының құрылым принциптері және олардың қос мекенділердің өкілі ретінде бақа аяқтарындағы ерекшеліктері
9 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет