1 Общие требования


Хордалылардың өзіне тән ерекшеліктері



бет3/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Хордалылардың өзіне тән ерекшеліктері.
Хордалылар да тікен терілілер сияқты екінші ауызды жануардар. Дене куысы — екінші куыс (целом). Бұның өзі оларды тікен "терілілер мен буылтық құрттарға тегі жағынан жақьн екенін көрсетеді. Көптеген органдарының метамерлі орналасуы төменгі сатыдағы хордалыларда және ұрықтарда айқын байқалады. Құрылысының күрделенуіне байланысты, жоғарғы сатыдағы хордалыларда метамерия айқын байқалмайды. Хордалылардың денесі бунақталмаған, екі жақты симметриялы болады.
Хордалылардың систематикасы
Хордалылар 3 тип тармағына бөлінеді. Личинка — хордалылар немесе оболочниктер, бас сүйексіздер, бас сүйектілер немесе омыртқалы жануарлар тип тармақтары деп аталынады.



Сурет 1 – Асцидияның құрылысы.

Қабықтыларға немесе личинка хордалыларға – асцидиялар, сальпы-лар және аппендикуляриялар жатады. Олар мұхиттар мен теңiздерде кеңiнен таралған. Личинка хордалылардың шамамен 1100 түрi белгiлi, оның 1000 су түбiндегi заттарға бекiнiп отырып тiршiлiк ететiн асцидия класына жатады. Көптеген асцидиялар жеке жүрiп тiршiлiк етедi, ал қалғандары бiрнешеуi бiрiгiп колония құрады. Олардың басқа хордалылардан айырмасы ересек личинка хордалыларда хорда мен нерв түтiктерi болмайды, керiсiнше, личинкалық дәуiрде типтiң барлық негiзгi қасиеттерi анық көрiнедi. Личинкалық дәуiрiнде желбезек, хорда және нерв түтiктерi болады.


Дене құрылысы. Денесi туника деп аталатын қалың қабықпен қапталған қап тәрiздi болады. Денесi екi үлкен тесiк арқылы (сифондар) сыртқы ортамен қатынас жасайды. Екi тесiктiң бiреуi ауыз сифоны арқылы организмге су кiредi де, төменiрек орналасқан екiншi клоака сифоны арқылы су сыртқа шығады.
Нерв жүйесi. Ауыз және клоака сифондарының аралығында орналасқан нервтерi қуыс емес. Нерв жүйесi нашар дамыған. Жұтқыншақтың үстiнде жатқан кiшкентай ганглиядан денеге бiрнеше нерв талшықтары тарайды. Сезiм мүшелерi жетiлмеген өте жұқа еттерi қапшығы бар.
Қан айналу жүйесi. Қан айналу жүйесi ашық. Қан жүректiң жиырылып-жазылып тұруы нәтижесiнде қозғалады. Жүректен барлық мүшелерге қан тарайды, оның iшiнде жұтқыншақта жатқан желбезек тесiктерi тыныс алу қызметiн де атқарады. Өйткенi сумен кiрген оттегi газ алмасуға қатынасып, организмдi оттегiмен қамтамасыз етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет