1 Общие требования


Тақырыбы: Құстардың сыртқы және ішкі құрылысы. Жұмыртқаның құрылысы. Мақсаты



бет53/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Тақырыбы: Құстардың сыртқы және ішкі құрылысы.
Жұмыртқаның құрылысы.
Мақсаты: Құстың сыртқы пiшiнiн, ішкi құрылысын көру: ас қорыту жүйесi, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңешi, жемсау, бездi қарын, еттi қарын, он екi елi iшек, ащ iшек, тоқ iшек, соқыр iшек өсiндiсi, бауыр, өт, ұйқы безi. Анықтап зерттеу.
Суретiн салу:
1. Iшкi органдардың орналасуы
2. Аналықтың көбею органдары
3.Мидың құрылысы
4. Қан айналу жүйесi.
Қажетті құрал- жабдықтар:
1.Жаңа өлтiрiлген көк кептер.
2. Дайын препараттар, iшi ашылған құс, құстың ас қорыту жүйесi, қан айналу жүйесi, ауа қапшығы, зәр шығару органы, көбею органдары.
3.Кестелер: жалпы iшкi органдарының орналасуы, ас қорыту жүйесi, тыныс алу органы, қан айналу жүйесi, зәр шығару органдары, аналығы мен аталығының көбею органы, миы.
4.Скальпель, қайшы, пинцет, концеляр түйреуiштерi, ине, ванна.
6.Рәзiңке алмұртқа жалғасқан ұшы үшкiр шыны түтiк
Көгершiндi қарғамен, тауықпен алмастыруға болады.
Қысқаша теориялық мағлұматтар:
Систематикалық орны:
Тип: Хордалылар-Chordata
Тип.тар.Омыртқалылар-Vertebrata
Кл.үстi: Құрылық омыртқалылары- Tetrapoda
Класс: Құстар- Aves
Сыртқы құрылысы. Құс денесi басқа, мойынға, денеге, аяқтарға, құйрыққа жiктелген. Құйрығы нашар дамыған, ол қауырсынмен жабылған, кiшкене конус тәрiздi, оны қауырсындарды жұлғаннан кейiн ғана көруге болады.
Құстардың терiсi жұқа, құрғақ, терi бездерi болмайды, тек құйрықтың үстiңгi жағында орналасқан құймышақ безi болады. Денесi қауырсынмен жабылған.
lшкi органдардың орналасуы. Дененiң шамамен ортасында, салыстырмалы түрде iрi жүрек орналасқан. Ол жүрек маңы сөмкесiнде болады. Жүректi жайлап шетке жылжытып, жұп қызғылт губка тәрiздi өкпенi көремiз. Оған кеңiрдектiң екi бұтағы-бронхылар жалғасқан. Жүректiң артқы жағында қоңыр-қызыл бауыр орналасқан. Бауыр екi бөлiмнен тұрады-оң жақтағысы iрi, сол жақтағысы кiшiрек болады. Ба уырдың сол жағынан еттi қарынды байқауға болады. Еттi қарынның артын ала, жоғарғы оң жағында қарақызыл түстi көкбауыр орналасқан. Еттi қарынның оң жағында он екi елi iшек орналасқан, оның орамының арасында қызғылт түстi тығыз дене-ұйқы безi орналасқан. Осы жерде, дененiң оң жақ бөлiмiнде ащы iшек орамы орналасқан. Ащы iшек, қысқа тоқ iшекке немесе тiк iшекке жалғасады, ол клоакаға ашылады. Тоқ iшек пен ащы iшектiң жалғасқан жерiнде қысқа жұп, соқыр iшек орналасқан.
lшектердi жайлап тартып сыртқа шығарыу, дене қуысының артқы жағында, арқасынан жыныс жүйесiн көруге болады – ақшыл жұп, сопақтау аталық ұрық немесе дара сол жақтағы аналық жұмыртқа. Құрсақ қуысының түбiнде, көбею ағзаларының астында, үш бөлiктi қара-қызыл түстi бүйрек орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет