1 Общие требования



бет55/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Зәр шығару органдары. Құстардың зәр шығару органдары рептилилердiкiне ұқсас болады, ерекшелiгi бүйректерiнiң үлкен болуында. Осыдан құстардың зат алмасуының интенсивтiлігі артады.
Құстардың ұрықтарында мезонепрос-дене бүйрегi болса, ересектерiнде метонепрос-мықын бүйрек болады.
Құстардың бүйректерi сегiзкөз маңында құрсақ бөлiмiнде орналасқан, жұп қара-қызыл дене. Бүйрек анық үш бөлiмге жiктелген: алдыңғы, ортаңғы және артқы. Әр бүйректен клоаканың орта бөлiмiне барып ашылатын несеп түтiгi шығады. Ересек құстардың қуығы болмайды, ал ұрықтарында рептилилердiң ұрығында болатын-аллонтоис сияқты қуық болады
Көбею органдары. Аталық жыныс бездерi бұршақ пiшiндес, екi бүйрегiнiң үстiңгi жағында шарбы майына iлiнiп тұрады. Жыл мезгiлiнiң өзгеруiне қарай, олардың көлемi де өзгерiп отырады. Аталық жыныс безiнiң iшкi жағындағы жиегiнде жетiлмеген өсiндi қосалқысы болады, ол ұрықтың дене бүйрегiнiң алдыңғы бөлiмiне ұқсайды. Олардың әрқайсысынан тұқым түтiгi шығады да ол несеп ағармен қатарласа отырып, клоакаға барып енедi. Кейбiр түрлерiнде, мысалы көгершiнде бұл түтiктер клоакаға құяр алдында аздап кеңейiп, тұқым қалтасын құрайды.
Көптеген құстардың ұрғашысының жыныс органдары сол жақ аналық безi мен сол жақ жұмыртқа жолынан тұрады да, асиметриялы болып орналасады. Аналық безiнiң басқа органдар сияқты дұрыс пiшiнi болмайды.



Сурет 54 – Құстардың жыныс органдары:
1 - аталық жыныс безi; 2,3,4-бүйрек бөлiмдерi; 5-несеп түтiгi; 6-тұқым жолы; 7-аталық бездерiнiң қапшықшасы; 8-клоака; 9-жетiлген граафов көпiршiгi; 10-түрлi жетiлу дәрежесiнде жарылған граафов көпiршiктерi; 11-граафов көпiршiктерiнiң ақ жолақтары; 12-жұмыртқа жолының абдоминальды тесiкшесi; 13-жұмыртқа жолының варонкасы; 14-жұмыртқа жолы; 15-жатын; 16-қынап; 17-жатынның шырынды қабатының ворсинкалары; 18-шажырқай; 19-жатын iшiндегi жұмыртқа; 20-жұмыртқа жолының клоакаға жалғасқан тесiгi; 21-iшек; 22-23-несеп жолының түтiгi.

Сурет 55 – Жетiлген тауық жұмыртқасының жарғандағы көрiнiсi:
1-Ұрық дискасының астына iркiлген мөлдiр сары уыз; 2-жұмыртқа ортасындағы мөлдiр сары уыз; 3-холазалар; 4-қатты қабығы; 5-ауа камерасы; 6-қатты қабықтың астындағы қабықшасы; 7-қатты қабықтың астындағы екiншi сыртқы қабықшасы; 8-мөлдiр сары уыз; 9-қара уыз; 10-уыз қапшығы; 11-белоктың сұйық қабаты; 12-белоктың тығыз қабаты;13-ұрық дискасы.
Жұмыртқа жолының бiр ұшы клоакаға келiп ашылады да, екiншi ұшы воронка арқылы дене қуысына келiп ашылады. Жұмыртқа жолында жұмыртқа ұрықтанады. Жетiлген жұмыртқа, дене қуысынан түтiктiң воронкасына түседi де, оның бойымен қозғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет