Орталық жүйке жүйесi. Құстардың орталық жүйке жүйесi рептилилерге қарағанда айтарлықтай жетiлген және көлемi үлкен болып келедi. Әсiресе алдыңғы ми сыңарлары басқа ми бөлiмдерiнен айрықша үлкен. Бас миының көру бөлiмi және мишығы соншалықты үлкен, керiсiнше иiс бөлiмi өте кiшкене болады
Кептердің бас миы
Сурет 56 – І- арқа жағынан, ІІ-құрсақ жағынан, ІІІ-ашылған қан қуысы алып тасталған мишық
1. алдыңғы мидың иіс бөлімі, 2. бас миының үлкен жарты шарлары, 3. аралық ми, 4. эпифиздің ми үсті безі, 5. сопақша мидың көру төбесі (дөңесі) 6. көру жолы, 7. хиазма, 8. воронка гипофизімен, 9. ортаңғы мидың көру бөлігі, 10. мишық, 11. мишықтың бүйір шашағы, 12. көру комиссурасы, 13. сопақша ми, 14. жолақ дене (сүйелді дене),15. монроев саңлауы
Миды ашып көру үшiн, бастың барлық терiсiн сыпырамыз. Одан соң қайшымен құлақ тесiгiнен, көздiң үстiңгi бөлiмiн ала бас сүйегiн дөңгелетiп кесемiз. Сүйектiң шетiн пинцет арқылы тартып, бас сүйегiнiң қақпағын ашамыз. Екiншi-үшiншi мойын омыртқаларының үстiңгi доғасын қайшымен кесiп алып тастаймыз. Жұлынның ашылған бөлiгiн көлденең кесiп, оны бiртiндеп алға бұрып мидан ажыратамыз. Одан соң миды бас сүйегiнен ажыратамыз. Бұл кезде миды жайлап пинцетпен көтерiп, одан шыққан нервтердi қайшымен кесiп отырамыз.
Мидың алдыңғы жағында кiшiрек иiс сезу бөлiмi орналасқан, одан бас тың алғашқы жұп нерв – иiс сезу нервтерi шығады. Иiс сезу бөлiмiнiң артын ала алдыңғы ми ораналасқан. Ол iрi жарты шарлардан тұрады, оның бетi сүт қоректiлердiкiмен салыстырғанда тегiс болып келедi.
Қанаттары және иық белдеуi- ұшуға бейiмделуге байланысты ерекшелiк терi бар. Иық белдеуi жауырыннан, корокойдтан және бұғанадан құралған. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйiсiп келiп тоқпан жiлiк бекитiн ойықты қалыптастырады. Жауырынның тұрқы ұзын, түрi қылыш тәрiздi иiлiп келедi. Ол қабырғалардың үстiнде жылжып қозғала алатындай болып орналасқан. Карокойд өте жақсы дамыған, оның бiр ұшы төспен ұштасады да, екiншi ұшы буын арқылы тоқпан жiлiкпен жалғасады. Құстардың оң және сол жақ тағы бұғаналары бiрiгiп кетедi – мұны “айыр” сүйек деп атайды. Ол иық бел деуiне серпiмдiлiк қасиет бередi. Қанат скелетi бес саусақты жануарлардiкi сияқты бiрнеше сүйектерден құралады. Иық және бұғана сүйектерi нашар дамыған.
Артқы аяқтары-ортан жiлiк, асықты жiлiк және сирақ пен саусақтардан тұрады. Бұл үш бөлiмнiң бiрiншiсi- ортан жiлiк, екiншiсi- асықты жiлiк және оның шыбығы, үшiншiсi-сирақ және саусақтар. Асықты жiлiктiң төменгi басына сирақтың бас жағы келiп жалғасады. Ересек құстардың сирақтары бiр ғана сүйектен тұрады. Эмбрионалды даму кезiнде сирақ сүйектерi-табан сүйектердiң және толарсақ сүйектердiң бiрқатарының бiрiгуiнен келiп қалыптасады.
Одан ары аралық ми жалғасады, ол үстiңгi жағынан үлкен жарты шар лармен және мишықпен жабылған. Мишықты үлкен ми сыңарларынан абайлап тартып аралық миды көруге болады. Аралық мидың үстiңгi бетiнде кiшкене дөңгелек дене – ми үстi безi немесе эпифиз орналасқан. Аралық мидың түбiнен көру трактысы шығады да, олар көру нервiне жалғасып, хиазма түзедi. Хиазма артында тақ толық өсiндi воронка орналасқан, оның қабырғасында ми асты безi немесе гипофиз болады.
Ортаңғы ми да үстiңгi жағынан жартылай жарты шарлармен және ми шықпен жабылған. Ортанғы мида көру бөлiгi орналасқан. Оның төменгi жағына көздi қозғау нервтерi – мидың үшiншi жұп нервтерi шығады.
Үлкен жарты шарлардың артында мишық орналасқан. Ол көлденең орналасқан сайлары бар түбiр бөлiм-құртшадан және онша үлкен емес екi бүйiр өсiндiлерiнен тұрады. Мидың үстiңгi жағынан, ортаңғы ми мен мишықтың шекарасынан төртiншi жұп нерв шығады.
Сопақша ми жұлынмен жалғасады. Одан қалған нервтер таралады
Достарыңызбен бөлісу: |