1 Общие требования



бет59/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69
Омыртқа жотасы: Құстардың омыртқа жотасы морфологиялық жағынан рептилердiң омыртқа жотасына ұқсас. Бiрақ кейбiр өзгешелiктер де бар: олар ұшуға бейiмделу нәтижесiне және тек артқы аяқтарымен жерде жүруге бейiм делуiне байланысты. Құстардың омыртқа жотасы бес бөлiмге жiктеледi: мойын, кеуде, сегiзкөз және құйымшақ – құйрық. Бел омыртқасы ересек құстарда күрделi құрылысты сегiзкөз құрамына кiредi. Бас күрделi қимылдар жасайтындықтан мойын омыртқалары ұзын және тез қозғала алады. Құстардың мойын омыртқалары гетероцеркальды, яғни бiр-бiрiмен ер сияқты жалғасқан. Мойын омыртқалар саны 11-ден 25-ке дейiн болады. Көгершiннiң мойын омыртқасының саны 14. Бас сүйегiмен жалғасатын алғашқы екi омыртқа атлант және эпистрофей деп аталады. Бұл омыртқалар бастың қозғалысқа келуiн қамтамасыз етедi.
Қанаттары және иық белдеуi-ұшуға бейiмделуге байланысты ерекшелiк терi бар. Иық белдеуi жауырыннан, корокойдтан және бұғанадан құралған. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйiсiп келiп тоқпан жiлiк бекитiн ойықты қалыптастырады. Жауырынның тұрқы ұзын, түрi қылыш тәрiздi иiлiп келедi. Ол қабырғалардың үстiнде жылжып қозғала алатындай болып орналасқан. Корокойд өте жақсы дамыған, оның бiр ұшы төспен ұштасады да,екiншi ұшы буын арқылы тоқпан жiлiкпен жалғасады. Құстардың оң және сол жақтағы бұғаналары бiрiгiп кетедi – мұны “айыр” сүйек деп атайды. Ол иық белдеуiне серпiмдiлiк қасиет бередi. Қанат скелетi бес саусақты жануарлардiкi сияқты бiрнеше сүйектерден құралады. Иық және бұғана сүйектерi нашар дамыған. Артқы аяқтар және оның белдеуi. Жүргенде құстардың барлық салмағы, артқы екi аяғына түсетiн болғандықтан, олардың құрылысында бiрқатар өзгешелiктер болады.

Сурет 58 – Көгершiннің қаңқасы:
1-мойын омыртқалары; 2-көкiрек(кеуде) омыртқалары; 3-құйрық омыртқалары; 4-құйыршық сүйек; 5-iлмек өскiнi бар қабырғаның жоғарғы бөлiмi; 6-қабырғаның құрсақ бөлiмi; 7-төс; 8-төс қыры; 9-жаурын; 10-коракойд; 11-бұғана; 12-тоқпан жiлiк; 13-кәрi жiлiк; 14-шынтақ сүйек; 15-алақан сүйек; 16-I-саусақ; 17-II- саусақ; 18-III-саусақ; 19-мықын сүйек; 20-шонданай сүйек; 21-шап сүйек; 22-ортан жiлiк; 23-асықты жiлiк; 24-сирақ; 25-артқы аяғының I-саусағы; 26-артқы аяғының IV-саусағы.

Жамбас белдеуiне күрделi сегiзкөзбен мықынның үлкен қалақша сүйектерi нiң ұзына бойына тұтасып барып орналасқандығы үлкен тiрек болып саналады. Мықын сүйектермен өте iрi шонданай сүйегi бiрiгiп кеткен. Шап сүйегi өте жiңiшке не шыбық тәрiздi болады. Олар шонданай сүйегiнiң сырт жағына орналасқан. Жамбас сүйектерiнiң ұштары бiрiгiп келiп, ортан жiлiктiң ұршық басы бекитiн ойықты құрайды, оң және сол жамбас сүйектерiнiң құрсақ жағына қараған ұштары бiр-бiрiне қосылмай сыртына қарай алшақтап тұрады. Мұндай жамбасты ашық жамбас деп атайды. Бұл, сырты қатты қабықпен қапталған iрi жұмыртқа тууына байланысты.


Артқы аяқтары- ортан жiлiк, асықты жiлiк және сирақ пен саусақтардан тұрады. Бұл ұш бөлiмнiң бiрiншiсi- ортан жiлiк, екiншiсi- асықты жiлiк және оның шыбығы, үшiншiсi-сирақ және саусақтар. Асықты жiлiктiң төменгi басына сирақтың бас жағы келiп жалғасады. Ересек құстардың сирақтары бiр ғана сүйектен тұрады. Эмбрионалды даму кезiнде сирақ сүйектерi-табан сүй ектердiң және толарсақ сүйектердiң бiрқатарының бiрiгуiнен келiп қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет