1 Общие требования



бет60/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69
Жұмыстың жүру реті: Құсты жансыздандыру жолдары:
1.Сабақтан 20-30 мин. бұрын құсты хлороформ не эфир сiңiрiлген мақтасы бар, нығыз жабылатын қақпағы бар шелекке салады.
2. Пипеткамен құстың аузына хлороформды тамызады.
lшкi құрылысын сойып көрмес бұрын, құстардың денесiндегi көлемдi ауа қапшықтарының орнын байқау керек. Ол үшiн, тiлдiң артына орналасқан көмекей қуысына рәзiңке алмұртқа жалғасқан жiңiшке шыны түтiктi тығып, тыныс жолына жел беру керек. Осы кезде мойынның шеттерiнде, қолтық астында, құрсақ бөлiмiндегi терiсi ауаға толады, төсi көтерiлiп, құс денесiнiң көлемi ұлғаяды. Бұл ауа қапшықтарының ауаға толуының нәтижесi. Құстардың ауа қапшықтары бiрнеше болады: мойынында екеу, бұғана аралық бiреу, төсiнде екi-үш жұп және iрi бiреуi құрсақ бөлiмiнде орналасқан. Ауа қапшық тары iшкi ағзалар арасында да орналасады, ал олардың тармақтары бұлшықет арасынан терi астына өтедi.
Есеп:
1.Құстардың бас сүйегінің, иық, жамбас белдеулерінің суреттерін салу
2.Құстардың қаңқасының құрылыс ерекшеліктерін тапсыру
Бақылау сұрақтары
1.Құстардың бас сүйегiнiң бөлiмдерi.
2.Құстардың омыртқа жотасының бөдiмдерге жiктелуi.
3.Құстардың кеуде бөлiмi қандай сүйектерден тұрады?
4.Құстардың иық және аяқ белдеулерi қандай сүйектерден тұрады?
5.Құстардың аяқтары қандай сүйектерден тұрады?
13 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: Cүтқоректілер класы. Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылысы.
Мақсаты: Сүтқоректiлердiң iшкi және сыртқы құрылысымен танысу.
Қажетті құрал- жабдықтар: Жаңадан өлтiрiлген көртышқан, үй қояны немесе теңiз шошқасы.Дайын препараттар: сүтқоректiлердiң iшкi құрылысы: асқорыту жүйесi; қан айналу жүйесi; аталығы мен аналығының көбею органдары; миы.
Кестелер:lшкi органдардың орналасуы, асқорыту жүйесi, қан айналу жүйесi, тыныс алу органдары, аталығы мен аналығының көбею органдары, миы.
Құралдар: скальпель, қайшы, пинцет, лезвие, инелер, концеляр түйреуiштерi, ванналар, лупа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет