2 Су сапасының нормативті көрсеткіштері Су қоймалары мен бөгеттердегі суларға әсер ететін ақаба сулардың негізгі сипаттамасы, олар: қоспалардың минералдық құрамы, температура, оттектің мөлшері, рН (сутектік көрсеткіш), зиянды қоспалардың концентрациясы. Өздігінен тазалануға үлкен әсер ететін оттектік режим болып табылады.
«Жер беті суларын ақаба сулардың ластануынан қорғау ережелеріне» қарай тазаланғаннан кейін су қоймаларына жіберілетін ақаба суларға қойылатын талаптар бойынша төмендегідей сипатталады:
1) Судың лайлылығы- лайлылықты өлшейтін құралмен (мутномер) анықтайды. Зерттелетін суды эталонды сумен салыстырады, оны каолинді дистильденген суда (немесе инфузорлық топырақты еріту арқылы) еріту арқылы дайындалады, өлшем бірлігі мг/л.
2) Судың түсі - зерттелетін судың түсі стандартты шкаламен салыстыру арқылы анықталады. Стандартты ерітінділерді кобальт тұздарын еріту арқылы дайындайды. Өлшем бірлігі түс-градусы деп белгіленген.
3) Құрғақ қалдық- суды буландырғаннан кейін қалған тұздар мен басқа заттардың салмағымен анықталады, өлшем бірлігі мг/л
4) Қышқылдығы - сутектік көрсеткіші рН – метр көмегімен анықталады, табиғи су үшін – рН ›7 болады.
5) Кермектілігі- Са2+ және Мg2+ тұздарының концентрациясына
байланысты болады.
6) Еріген оттек - судың температурасымен барометрлік қысымына
байланысты болып, мг/л-мен өлшенеді.
7) Оттектегі биологиялық қажеттілік(ОБҚ) – ақаба сулардағы микроорганизмдердің сіңірген оттек мөлшері.
Су айдындарын, қоймаларды химиялық заттардан басқа пестицидтер
және гербицидтерде ластайды. Ауыл шаруашылық дақылдары мен орман алқаптарын пестицидтермен өңдегенде, олар жаңбыр және тоспа сулар арқылы өсімдікке, топыраққа сіңеді.
Жер асты сулары микробтармен және химиялық заттармен ластануы
мүмкін. Жер асты суларында, кейбір патогенді бактериялар мен вирустар тіршілік әрекетін ұзақ уақыт сақтайды. Егер топырақ қабаты, өзінің тазартусүзгі қабілетін жоғалтса, онда жер асты суларына әртүрлі шайынды және ақаба сулар қосылуымен қатар, олардың құрамындағы әртүрлі қоқыс заттар да көбейеді.
Ауыл шаруашылығының дамуы ХХ ғасырдың екінші жартысы ауылшаруашылық өндірістерінің қарқынды дамуымен байланысты. Топырақтың құнарлылығын арттыру мақсатында және зиянкестермен күресте бірнеше жылдар бойы табиғи тыңайтқыштар мен әртүрлі токсинаттар қолданып келеді, ол биосфера компонентерінің жағдайына әсер ете алмайды. Дәстүрлі емес тыңайтқыштарды қолдану кезінде (тоқтатылған) топырақ ауыр металлдар қоспаларымен қанығады. Тыңайтқыштардың қалдығы қоректенетін өнімдерге улы заттарды сіңіртеді, топырақтың сүзу қабілеттілігін бұзады, әсіресе тізбекті кезеңде су орындарын ластайды.
Су объектілеріне, мынадай ақаба суларды қосуға болмайды:
- рационалды технологияны пайдаланып сумен қамсыздандыру
жұмыстарына қайта қолдануға жарайтын сулар;
бөліп алуға болатын, құнды қоспалары бар ағын сулар;
- құрамында, нормативтерде белгіленген технологиялық шығыннан
жоғары мөлшері бар реагенттер, құрамында жартылай өнім мен шикізаттары бар сулар;
концентрациясы әлі бекітілмеген зиянды заттары бар сулар;
- санитарлық талаптарды сақтау арқылы ауыл шаруашылығын суғару
жұмыстарына жарамды сулар.
Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi:
1) ортақ пайдаланудағы су объектiлерi (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектiлерi ортақ пайдаланудағы объектiлер болып табылады);
2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi;
Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектiлерi бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланған кезде ағын судың төменгi жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi бiрiншi кезекте қанағаттандырылады. Бiрлесiп пайдалану үшiн су объектiлерiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бередi.
3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара оқшау пайдалануға берiлген су объектiлерi оқшау пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi Су Кодексінде белгiленген тәртiппен ортақ пайдаланудағы су объектiлерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi;
5) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi;
6) мемлекеттік орман қорының су объектілері болып бөлінеді.