Су бассейнін қорғау бойынша қалпына келтіру іс-шаралары. Қалпына келтіру іс-шараларының кешені таукен өндірісінің ақаба сулары мен дренажды (карьерлі, шахталы, кендік) суларды тазартудан, таукен өндірісінің жұмыстарын қамсыздандыру үшін қолданудан, қайтымды сумен жабдықтауды ұйымдастырудан, жер бетіндегі сулар мен ағындарға дренажды және ақаба сулар төгілуінін алдын алу мен азайтудан, олардың ластануын болдырмаудан тұрады.
Е.А. Ельчанинов жыл сайын жер бетіне шығарылатын әртүрлі суқоймалар мен ағындарға төгілетін шахталық сулардың көп көлемі тазалаудың үлкен шығынға әкелетінін атап кеткен.
Шығарылатын шахталық сулар көлемін азайту мақсатында озық, түсіргіш, жүктеу ұңғымаларының арнайы коллекторлардағы қабылдағыштар көмегімен дренажды суларды ұстаудың сұлбалары құрылады.
Бұл сулар қосымша тазартусыз ауыз су және техникалық сумен қамту үшін қолданылады және тек-қана дренажды суларда газ бен темір диоксиді болан кездеғана аэрацияға ұшырайды. Алдынала сорғытудың ұңғымалар жүйесі тау өнімдеріне түспей шамамен су тарауының 60-70% ұстауын қамтамас етеді және тек 30-35% тау өнімдеріне түседі және оларды төгу алдында тазартуды қажет етеді. Бұл негізгі қордың 6-15% құрайтын тазалау имараттарын салуға кететін шығынды екі есеге азайтады.
Таукен өндірісін сумен қамту мен суды әкетудің (канализацияны есептегенде) жобаланған және қолданыстағы сұлбасының тиімділігі су шаруашылығының жүйесіндегі суды пайдалану коэффициентімен бағаланады, ол бірге жақын болу қажет. Коэффициент мына қатынас арқылы анықталады:
K = (Vа – Vт) / Vа, (9.1)
Мұндағы Vа и Vт – таукен өндірісінің бір өніміне шаққанда, сумен қамту көзінен алынатын және төгілетін су көлемі.
Суды тазарту. Табиғи сулар ластануының алдын алу үшін дренажды және ақаба сулар тазартылады. Тазалау әдісін тандауластаушы заттар бөлшектерінің өлшеміне, физика-химиялық қасиетіне және концентрациясына, ақаба сулар шығыны мен тазартудың қажетті деңгейіне байланысты.
Тазартудың барлық жағдайының бірінші сатысында қалқыма заттар мен дисперсті-колойдты бөлшектерді әкетуге арналған механмкалық тазарту тұрады. Механикалық немесе гидромеханикалық әдіспен тазарту тобына мыналар жатады: сүзу, тұндыру (гравитациялық және ортадан тепкіш).
Ақаба суларды тазартудың келесі сатысында өзбетінше немесе әртүрлі комбинациялардағы әдістер қолданылады: физика-химиялық (флотация, абсорбция, ион алмасу, дистиляция, кері смос, және ультрафильрация, десорбция және т.б.) , химиялық (нейтралдау, коагуляция, флокуляция, тотықтандыру және қалпына келтір – реагентті тазарту), электрохимиялық (электролиз), биологиялық, термиялық.
Н.С. Торочешников, А.И. Родионов және т.б. атап кеткендей су тазартудың келесі әдістері жиі қолданылады:
- суспензиялы және қою қоспаларды тұндыру үшін, ірі дисперсті бөлшектері бар – тұңдыру, флотация, сүзу, мөлдірлеу, ортадан тебу; ақаба суларда ұсақ дисперсті және колойдты бөлшектер болған кезде – коагуляция, флокуляция, электрлі әдістер;
- бейорганикалық қоспалардан тазарту үшін – дистиляция, ион алмасу, кері осмос, ультрафильтрация, реагентті тұңдыру, суыту әдісі, электрлі әдіс;
- органикалық қоспалардан тазарту үшін - регенерациялық әдістер, экстракция, абсорбция, флотация, ионалмасу; реагентті әдістер; деструктивті әдістер –биологиялық, сұйық фазалы, булы фазалы және электрохимиялық тотықтандыру, озондау, хлорлау;
- газдар мен булардан тазарту үшін – үрлеу, қыздыру, реагентті әдістер;
- зиянды заттарды жою үшін – термиялық ыдырау.
Таукен өндірісінде ақаба сулар мен дренажды суларды мөлдірлеу үшін аса үнемді және жеткілікті тиімді тұңдыру әдісі кенінен таралған. Осы мақсат үшін ақаба сулар көлеміне, тұдырылатын бөлшектердің концентрациясы мен өлшеміне байланысты тұңдырғыш-тоғандар ұйымдстырылады.
Байыту фабрикаларының ақаба сулары пульпа түрінде қатты бөлшектердің негізгі бөлігі тұнатын хвостохранилищеге жіберіледі, содансон біраз ағарған сулар лықсыма құдықтары арқылы тұңдырғыш-тоғандарына төгіледі.
Тұңдырғыш-тоғандарды шламдардан тазарту, оларды залалсыздандыру, сусыздандыру, одан кейін оларды жинау неме кәдегежарату күрделі мәселе тудырады. Осы мәселелерді белгілі бір деңгейде шешу, шламдардың минералды және мехникалық құрамына тәуелді болады
Отандық және шетелдік таукен өндіру өндірісінде әртүрлі тазарту әдістерінің ойдағыдай пайдалану мысалдары бар.
Кузбаста су қоймаларға төгілетін шахталық суларды тазарту үшін, бетоннан құйылған ашық горизонталды тұңдырғыштарды кенінен қолданылады (10.1-сурет). Шахтаға түсетін суды шахталы су төгу құдығына жинайды, одан су тұңдырғышқа беріледі, мөлдірленген кейін хлоратормен хлорланып коньактілі резерваур арқылы суқоймаға өтеді.
Кизелов бассейнін шахталы суларын темір тұздарынан тиімді тазарту сульфатредуцирлеуші бактериялар арқылы жүзеге асырылады.
10.1-сурет. Шахталы суларды тазарту сызбасы:
1 – шахалы суды төгу құдығы; 2 –тұңдырғыш; 3 – хлоратор; 4 – контактілі резервуар; 5 – суқойма
Байту фабрикаларындағы қайтымды сумен қамсыздандыру. Бір кездері алынған су үнемі айналымда болған «тура ағысты» (өзен-өндіріорны-өзен) сумен қамтудан жабық циклге өту (мысалы, көлік моторын суыту сияқты) – ақаба сулардың өзендер мен суқоймаларға төгілуін болдырмайтын су ресурстарын қорғауда негізгі бағыт.
Таукен өндірісінің байыту фабрикаларының заманауи жобаларымен қайтымды сумен қамтудың жоғары деңгейі (90-95 % және одан көп) қарастырылады.
Байыту процесінде жабық су айналымын жүзеге асыру байытудың технологиялық процесінің тұрақтылығын қамтамас ететін, тазарту кезінде талап етілген су сапасын алу қажеттілігімен анықталады. Тың су шарасыз шығындалған сулар орнын толтыруға шығындалады.
Көп жағдайларда байыту фабрикаларының қайтымды су жүйелері рудник және шахталы сулармен толтырылады.
Пайдалы қазбалар кенорнын ашу кезінде әсерге шалдыққан грунтты, жер асты және жер үсті суларының жағдайын, режимін, сапасын бақылау маңызды мағынаға ие. Бұл бақылау таукен өндірісінің басты инженер мен аудандық санэпидем бекеті қызметтерімен жүзеге асырылады.
Грунтты және жерасты суларының жағдайы, депрессионды оймыштар параметрлері өндірісорынның гидрогеологиялық қызметімен анықталады. Суды бақылайтын ұңғымаларда жер асты суларның денгейі өлшемдерінің деректері бойынша жабыққан оймыштың динамикасы бақыланады немесе грунт сулары деңгейінің жоғарлауы бақыланады және кенорын ауданында бас тоғандар дебитерінің өзгеруі болжамдалады. Жерасты суларының химизмінің (минерализациясының) өзгеруі дренажды сулар мен суды бақылау ұңғымаларындағы суларды алу жолымен анықталады.
Алынған деректер тау өндірімдеріне қатысты депрессионды оймыштар жағдайын фиксациялайтын, әр су сорғы көкжиегі үшін гидроизогипс және гидроизопьез жоспарлар түрінде, жерасты суларының химиялық құрамының өзгеру кестесі сызбасы түрінде өңделеді және құжатталынады.
Жер бетіндегі су сапасын және тазарту имараттарының тиімділігін бақылау, өндірістік кәсіпорындардың санитарлы зертханалары туралы Ережемен мәселелері мен міндеттері шешілетін өндіріорынның санитарлы-өндірістік зертханасында жүргізіледі.
санитарлы-өндірістік зертханалар тазалау имараттарына түсетін су көлемі мен сапасын, тазалау имараттар жұмысының техникалық және гигиеналық тиімділігін, сондай-ақ, суқойма, ақаба сулар төгілетін жерлердегі ағындар және суды тұтыну пунктерінде су сапасын және күйін бақылауды жүргізеді.
Төгілетін және тазарту имараттарына түсетін су көлемі су өлшегішпен немесе басқа құралдармен өлшені керек. Ағындарды тазарту сапасын және олардың жер бетіндегі сулара әсерін бақылау үшін су әкелетін және суды әкететін жаймалардан бір жолғы су сынамалары алынады.
Сынаманы алу мерзімділіг және осы сынамалар талданатын көрсеткіштер тізімі жергілікті санитарлы органдармен және суды қадағалау органдарымен келісіледі. Ақаба суларды үздіксіз және шұғыл тексеру ақаба сулардағы заттардың құрам мен концентрация нормативінің бұзылу себебін табуға көметеседі жәнеде пайдалы қазбаларды байыту технологиясы мен тазарту жүйесіндегі жетіспеушіліктер мен бұзылушылықты айқындайды. .
Таукен өндірісінің су сиымдылығын төмендету. Су ресурстарын пайдалануды жақсартудың перспективті бағыты – өндірістің болашақта «құрғақ» өндіріске өтуіне (мүмкін жерлерде) байланысты су сиымдылығын және су шығынын бір өнімге азайту. Су шығынын азайту мысалы байтудың флотациялық әдісі орнына жағу әдісін қолдануға әкеледі.
Негізгі әдебиет: 1 [197-206], [248-250], 2 [202-212], 3 [20-24]
Қосымша әдебиет:1 [73-85]
Бақылау сұрақтары:
Гидросфера дегеніміз не??
Судың ластануын қалай түсінесін?
Судың бітелуі нені білдіреді?
Табиғи суларды ластайтын негізгі ластаушыларды атаңыз.
Таукен өндірісінің тиімді істерінің элементтерін атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |