Байланысты: 1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік
Биосфераға антропогендік факторлардың әсері. Соңғы онжылдықта қоғам мен табиғи ортаның өзара қарым-қатынасының мәселесі адамзаттың алдында тұрған негізгі мәселелердің біріне айналды. Ғылыми-техникалық прогрестің және дүниежүзілік шаруашылықтың экономикалық дамуының жоғарғы темпі, урбанизацияның өсуі биосфераға тиетін әсердің ұлғаюымен бірге келеді. Сондықтан, оның дамуының заманауи стадиясы Жер бетінде адам қоғамының пайда болуына дейінгі туындаған табиғи процестердің жүруінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл ең біріншіден, адам өмірінің сферасына қатыстыратын заттар мен энергия айналымының тез жылдамдатуы мен интенсификациясына әсер етеді.
Академик В.И. Вернадский адамның саналы іс-әрекетінен туындаған биосфераның бұл жаңа жағдайын ноосфера деп атады, яғни сана сферасы. Ол ноосфераның біздің планетадағы жаңа геологиялық құбылыс деп тапты. Бұл жерде адамзат ең бірінші ірі геологиялық күш болып табылады. Ол өзінің еңбегімен және ойымен өз өмірінің аймағын жақсартуы қажет, ертеректе болған жағдайларды түбегейлі өзгертуі қажет. Оның алдынан аса кең шығармашылық мүмкіншіліктер ашылады.
Табиғат адам іс-әрекетінің қарым-қатынасымен бірге екі функцияны орындайды – ресурсты (адам іс-әрекеті үшін бастапқы затты-энергетикалық базаны жеткізеді – бұл функцияны пассивті деп атайды) және ассимиляционды (өнімдер мен адам іс-әрекетінің нәтижелерін, яғни өндірістік зардаптарын меңгереді және өңдейді – бұл функцияны белсенді деп атайды).
Заманауи техногенді қысымның мүмкіншілігі өте зор, қазіргі кездегі заманауи өркениеттің қалдықтарының әртүрлі түрлерінің маңызды кері зардаптарынсыз биосфера мүмкіншілігінің шектеулілігі айқындалады.
Қазіргі кезде қоршаған ортаға адам қоғамының кері әсерін алдын алу мен жоюға бағытталған өндірістік іс-әрекеттің бағытына көп көңіл бөлінеді.
Типтік организмдермен қоныстанған немесе қоныстандырылған және оның табиғи даму динамикасында литосфера мен атмосфера бірлестігі биосфера немесе табиғи орта болып анықталады. Антропогенді ықпал ететін, яғни шаруашылық іс-әрекетке ұшыраған немесе зардап шеккен табиғи ортаның бөлігі қоршаған орта болып табылады.
Егер антропогенді әсер ету нәтижесінде белгілі бір аймақта ластаушы заттардың концентрациясы ШРК төмен болса, онда мұндай аймақ табиғи орта зонасына жатады, егер тең болса, онда оқыс жағдай зонасына жатады.
Биосфераға антропогенді әсердің масштабтары шындығына келгенде өте көлемді.
1988 жылы БҰҰ дайындаған Жердегі өмір жағдайына парникті әсердің ықпалы туралы доклад басып шығарылған, ол докладта парникті әсердің күшеюі нәтижесінде, яғни тропосферадағы көмірқышқыл газының, метанның, хлорфторидтердің және тағы да басқа заттардың көп мөлшерде жиналуынан жылу ағымының жоғарғы атмосфералық қабаттарға азаюымен туындаған атмосфераның ішкі қабатының жылынуы және жер атмосферасының температурасы 10 жыл ішінде 0,2-0,50 С жоғарлайды, соған орай Жер бетінде климаттың жаһанды жылынуына алып келеді, сонымен қатар Дүниежүзілік теңіз деңгейінің жоғарлауына, жағалау аймақтарын су басуына және көптеген елдердің экономикасының қатаң бүлінуіне алып келеді.
Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау бойынша Халықаралық одақ мәліметтері бойынша топырақтың эрозиясы нәтижесінде өндірісте, энергетикада, қала құрылысында жерді пайдаланудағы жер беті минутына 44 га жылдамдықпен деградацияға ұшырайды. Соған орай, жер бетінен әр минут сайын ормандардың 20 га жойылады, оның ішінде атмосфераға негізгі тасымалдаушы оттегі болып табылатын тропикалық есептеледі.
РҒА корреспонедент мүшесі А.Израэлдің ойынша, антропогенді әсерлердің ықпалымен болатын қоршаған табиғи ортаның өзгеруі позитивті, сонымен қатар кері сипатқа да ие болуы мүмкін. Бір жағынан, мұндай әсерлер биологиялық өнімділіктің жоғарлауына мүмкіндік береді және экологиялық жүйелерде энергетикалық айналымды жоғарлатады, ал екінші жағынан қалпына келмейтін ресурстардың жойылуына, қалпына келетін ресурстарды ұдайы өндірілуіне табиғат мүмкіншілігін азайтуға және табиғи ортаның ластануына алып келеді.
Биосфераға антропогенді әсерлердің кері жақтары техногенді (жасанды) жүйелерде табиғи жүйемен салыстырғанда заттар мен энергияның айналымдарының маңызды айырмашылықтарына негізделгенін айқын деп есептеуге болады. Жоғарыда айтылып кеткендей, табиғи жүйелер үшін техногенді жүйелермен салыстырғанда тұйықталған айналым тән, яғни ол жерде табиғи ресурстардың аз ғана бөлшегі пайдаға асырылады. Нашарланған құрамы мен қасиеті бар бұл ресурстардың көптеген бөлігі қайтадан биосфераға айналып келеді.
Техногенді жүйелердің экологиялық жетілмегендігі табиғи ресурстарды пайдаланудағы Кт.р.п. аса төмеңгі көрсеткішпен қорытындыланады. Әртүрлі бағалау бойынша Кт.р.п. 0,02-0,1 арасында ауытқиды.
Соған орай, айқындалған адамзаттың әртүрлі іс-әрекеттерінің нәтижесінде, КСРО ҒА академигі С.С. Шварцтың бейнелі сөздері бойынша биосфера жаңа қатаң жүйеге, яғни биотехносфераға айналады және ол өзінің ерекше қатаң заңы бойынша жүзеге асырылады. Ол бізге әлі беймәлім, сондықтан оны алдағы уақытта зерттеу қажет.
Негізгі әдебиеттер: 1 [26-37], 2[93-115], 3 [5-14]
Қосымша әдебиеттер: 1[32-44]
Бақылау сұрақтары:
Биосфера деген не?