Байланысты: 1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік
7 Қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен өлшемдері. Қоршаған орта мониторингі. Ортаның жай-күйін тіркеу және бағалау әдістері кез келген экологиялық зерттеудің негізгі бөлігі болып табылады. Оларға метеорологиялық бақылаулар; судың температурасын өлшеу, тұздылығын, мөлдірлігін жэне химиялық құрамын талдау; топырақ ортасының сипаттамаларын анықтау; жарықгы, радиациялық фонды, физикалық өрістің кернеуін өлшеу, ортаның химиялық жэне бактериологиялық ластануын анықтау жэне т.б. кіреді. Бүл құбылыстар мониторинг арқылы бақыланады. Мониторинг - экологиялық нысандардың жай-күйі мен қоршаған ортаның сапасын кезеңмен немесе үздіксіз бақылау дегенді білдіреді. Іс жүзінде антропогендік ластану аймақгарындағы судағы, ауадағы, топырақтағы, өсімдіктердегі зиянды қоспалардың қүрамы мен мөлшерін тіркеуді, сондай-ақ әр түрлі ластаушылардың таралуы мен құрамын зерттеудің маңызы зор. Қазіргі уақытта экологиялық мониторинг техникасы физикалық-химиялық жедел талдаудың, қашықтықтан бақылаудың, телеметрия мен деректерді компьютермен өңдеудің жаңа әдістерін пайдаланып тез дамып келеді. Орта сапасының интегралдық бағасын алуға мүмкіндік беретін экологиялық мониторингтің маңызды құралы биоиндикация болып табылады.
Биоиндикация - бұл зиянды қоспалардың пайда болуына байланысты ортаның өзгерістеріне ерекше сезімтал, кейбір ағзалардың ортасының жай-күйін бақылау. Табиғи қауымдастықты зерттеу негізінде өсімдіктердің және жануарлардың өнімділігін, биомассасын бағалау жэне ағзаларды сандық есептеу эдістері қолданылады. Ол бақыланатын аудандағы, судың немесе топырақтың көлеміндегі ағзаларды, олардың бағдарларының есебін жүргізу, жануарларды ұстап, таңбалау, олардың қозғалысын, табындардың санын, балықтьщ жиналуын, ағаштың қалыңдығын, егістіктердің жай-күйі мен егіннің астық түсімін телеметрия және аэроғарыштық тіркеуге дейінгі қүралдардың көмегімен қадағалауды жүзеге асырады. Популяциялар санының серпінін зерттеу үшін экологияға демография әдістерін енгізу қажет болды. Осының барлығы экожүйелерді басқару, экожүйелердің биоөнімділігі мен биологиялық алуандылығының төмендеуіне жол бермеу үшін қажет. Орта факторларының агзалардыц тыныс-тіршілігіне эсер етуі әр түрлі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына әр түрлі, табиғатты күрделі әрі ұзақ бақылаулар кіреді.
Көбінесе, зертхана жағдайында өсімдіктердің немесе жануарлардың сол немесе басқа қызметтеріне қатаң бақыланатын факторлардың тигізетін әсері тіркеледі, сондай-ақ жануарлардан алынған нэтижелердің адам экологиясында қолданылуы қарастырылады. Осы жолмен тіршілік етудің оңтайлы немесе шекаралас шарттары анықталады. Атап айтқанда, экологиялық нормалау арқылы шекті мүмкін рауалды шама мен әсері есептелетін химиялық жэне басқа да агентгердің дағдарыстық жэне үшатын дозалары белгіленеді. Бұл жағдайда экология физиологиямен, биохимиямен, токсикологиямен байланысады. Экология осы ғылым салаларында тәжірибе жасайтын техниканы пайдаланады.
Коп түрлі цауымдастықтардагы агзалар арасындагы тара қарым-қатынастарды зерттеу эдістері жүйелік экологияның маңызды бөлігін құрайды. Мұнда, сондай-ақ қоректік қатынастарды, қоректену іс-эрекеттерін табиғи бақылау мен зертханалық зерттеулер, «таңбалардың» ауысу тәжірибелері қолданылады, мысалы, радиоактивтік изотоптардың, қорек тізбегінің бір буынынан органикалық зат пен энергияның қанша мөлшері екінші буынға, яғни өсімдіктен - шөпқоректі жануарларға, шөпқоректіден - жыртқыштарға өтетіндігі тәжірибе жүргізу барысында анықталады. Осы орайда жасанды қауымдастық пен экожүйе құру мен зерттеудің эксперименталдық эдісі, яғни ағзалардың бір-бірімен жэне қоршаған ортамен өзара байланысуының зертханалық табиғи үлгісін жасау жөнінде айтып кету қажет. Осы мақсатта жасанды, ішінара түйық эрі өзін-өзі қолдайтын көп түрлі жүйелер қүрылады. Кибернетикалық зерттеулер мен математикальщ үлгілеу әдістерінің экологиядағы маңызы артып келеді. Ол басқару мен болжау мақсаты үшін қажет.
Техногендік эмиссиялардың, атмосферада ластаушылардың таралуының, өзендердің өзін-өзі тазартуының нақты үдерістеріне жақын математикалық үлгілері қолданылады. Ал экологиялық жүйелерді үлгілеу едәуір қиындау. Кезінде көптеген экологиялық үдерістердің талдап қорытылған талдамалы үлгілері алынған болатын, алайда, мәселені айтарлықтай жеңілдеткенімен, экологияның нақты нысандарын математикалық тұрғыдан қатаң сипаттау қиын. Көп жағдайда ауыспалы шаманың көп саны бар сызықтық емес есептерде талдамалы есеп шығару мүмкін емес, сондықтан қазіргі заманғы техниканы қолданатын сандық имитацияльщ үлгілеу әдістері пайдаланылады. Соңғы жылдары жаңа қуатты компьютерлер мен бағдарлаудың жаңа қүралдарының арқасында бірқатар күрделі жүйелі экологиялық мәселені шешу мүмкіндігі пайда болды. Мүның өзінде нейрондық желілер технологиясы мен жұпсыз көп сандар теориясының аппараты сияқты жаңа компьютерлік әдістердің маңызы артып келеді. Мәселелік-болжамдық әдіс үлгілеріне негізделген галамдыц үлгілеу әдісі де тез дамып келеді. Ол сценарий нұсқаларын қарастырып, ғаламдық дамуға негізделген болжамды жасауға мүмкіндік береді