1 «Өрлеу» баұО» АҚ филиалы «СҚо пқ баи»



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата20.01.2017
өлшемі4,69 Mb.
#2318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 
 
 
 

24 
 
БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛАР 
ИННОВАЦИИ В ОБРАЗОВАНИИ 
 
Кредиттік  технология негізі – инновациялық әдіс-тәсілдер  
А.С. Жамитова 
Қазақстан Республикасы ІІМ ІӘ 
 Әскери институты Петропавл қ.  
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында:  «Білім 
беру  жүйесінің  басты  міндеттері  –  ұлттық    және  адамзаттық 
құндылықтар  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 
адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім 
алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын 
енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 
коммуникациялық желілерге шығу»  деп жазылған [1,211]. Сонымен 
қатар,  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясат  концепциясында 
және  басқа  да  нормативтік  құжаттарда  жеке  тұлғаның  жан-жақты  дамуына  қолайлы 
жағдай  жасау  арқылы  оның  шығармашылық  мүмкіндігін  дамытуға  басты  назар 
аударылады. Сондықтан да білім беру жүйесінің одан әрі дамуын көздеуіміз қажет. 
Қазіргі білім беру саласында озық педагогикалық технологияларға баса мән беріліп 
отырғаны заңды нәрсе. Әлемдік білім кеңістігіне ену үрдісі негізгі мәселе болғандықтан, 
тәжірибеде  озық  деп  танылған  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  қолдану  және  оны  іске 
асыру  мәселесі  өзекті  болып  отыр.  Жоғары  оқу  орындарында  оқыту  үрдісін  түбегейлі 
жетілдіру  қажеттілігі  туындады.  Бәсекеге  қабілетті  тұлғаны  тәрбиелеуде  білім  беру  ісі 
маңызды орын алатыны анық. Осыған орай, кредиттік оқыту жүйесі енгізілді.  
Оқытушы міндеті студентке сапалы білім, саналы тәрбие беріп қана қоймай, білім 
алушының өздігінен жұмыс істеуін, теориялық білімін тәжірибеде танытуға баулу болып 
табылады.  Бұл  студенттің  оқытушымен  бірлескен  өздік  жұмысы  болмақ.  Ал,  бүгінгі 
таңда  кредиттік  оқыту  жүйесінде  басты  талап  осы  мәселе  төңірегінде  болып  отыр. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2004 жылғы  11  қазандағы №1459  Жарлығымен 
бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға 
арналған  Мемлекеттік  Бағдарламаны  іске  асырудың  негізгі  бағыттарында  «Оқу  үрдісін 
ұйымдастырудың  дәстүрлі  жүйесінің  орнына  оқытудың  кредиттік  жүйесі  енгізіледі,  ол 
оқитындардың өз бетінше белсенді жұмыс істеуін ынталандырады, жеке білім бағытын 
таңдаудың 
болуын, 
ұтқырлығын, 
бакалаврлардың, 
магистранттардың 
және 
докторанттардың  академиялық  еркіндігінің  үлкен  дәрежесін  қамтамасыз  етеді,  білім 
туралы  құжаттардың  әлемдік  білім  беру  кеңістігінде  танылуына  әсер  етеді»  деп  атап 
көрсетілген  [2].  Кредиттік  жүйе  білім  беру  үрдісінің  демократиялығымен  сипатталады. 
Ол әр білім  алушының өрісінің өсуіне, ерекшелігі мен қабілеттерін ескеруге мүмкіндік 
береді.  Оқытудың  кредиттік  жүйесі  блім  беру  үрдісіне  икемділікпен  қарауға  үлкен 
мүмкіндіктер туғызады. Кредиттік технологияның негізгі мақсаты – әлемдік стандарттар 
талаптарына  сәйкес  мамандарды  дайындаудың  сапасын  жоғарылату,  оқу  үрдісін 
жоспарлауды  икемді  ету,  аудиториялық  және  өздік  жұмыстың  оңтайлы  қарым-
қатынасын    орнату.  Сонымен  қатар,  жаңа  мемлекеттік  стандарттарды,  оқу  пәндері 
мазмұнының  стандарты,  білім  беру  үрдісін  ұйымдастыру  принциптері,  кредиттің 
мемлекеттік  білім  беру  стандарты  нормативіне  енуі,  студенттердің  білімін  бағалау 
әдістері,  оқуды  жекелендіруді  қалыптастыру.  Бұл  жүйе  елдің  дәстүрлі  білімінің 
сақталуына ықпал етеді. 
Оқытудың  кредиттік  технологиясы  –  ЖОО-ның  әлемдік  кеңістікке  енуіне  зор 
ықпал  жасайтын  шынайы  жол.  Кредиттік  технологияны  енгізу  екі  маңызды  үрдісті 
жандандыруға бағытталған: 

 
Ұлттық білім беру жүйесін жаңа арнаға түсіру; 

25 
 

 
Әлемдік білім беру кеңістігімен ықпалдасу. 
Жоғары  оқу  орнының  негізгі  мақсаты  –  студентке  теориялық  білім  беріп  қана 
қоймай, сол білімді өз бетімен ізденіп табу қабілетін, оқу әрекетінің ғылыммен,  кәсіби 
әрекетімен байланыстыра білу дағдысын қалыптастыру. 
Студенттің  өз  бетімен  білім  алу  дағдысын  қалыптастыру  зор  міндет.  Осы  дағды 
арқылы  маман  өмір  бойы  шығармашылықпен  жұмыс  істейді,  ізденеді,  білімін 
толықтырады. Өздік жұмыс нәтижесінде білім алушы зор біліммен қаруланып, білік пен 
дағдыға  ие  болады,  өз  дүниетанымын  кеңейтіп,  ұғымдарды  ойына  түйеді.  Бұл  пікірден  
өздік  жұмыстың  оқу  әрекетінің  негізгі  бөлігі  екенін  түсінеміз.  Өздік  жұмыс  білім 
алушының  көзқарасын  кеңейтіп,  таным  белсенділігін  арттырады,  білім  деңгейін 
жоғарылатады, білім алушы жұмысының мазмұндылығын арттырады.  
Сонымен қатар, білім алу үшін қажетті білім, дағды, іскерлікті, өз бетімен жұмыс 
істей алу қабілетін қалыптастырады.  Ғылыми әдебиеттерде өздік жұмыс дидактикалық 
міндеттерді  өздік  орындауға,  танымдылық  қызметке  деген  қызығушылықты 
қалыптастыруға  және  белгілі  ғылым  саласы  бойынша  білімдерді  толықтыруға 
бағытталған  студенттердің  оқу  қызметін,  логикалық  ойды,  шығармашылық 
белсенділікті, зерттеу қабілетін қамтамасыз ете, практикалық міндеттерді жүзеге асыруға 
бағытталған.  
Бұл жүйе оқу материалын игеруде зерттеушілік қабілетін, логикалық ойлау жүйесі 
мен  шығармашылық  белсенділігін  арттырады.  Енді  студенттің  оқытушымен  бірлескен 
жұмысын практикалық сабақтан қалай ажыратамыз деген сұраққа мына екі пікір жауап 
бола  алады.  А.Әлімов  практикалық  сабақ  туралы  былай  дейді:  «Практикалық  сабақ 
студенттерге  теориялық  мәлімет  бойынша  нақты  әрекеттер  арқылы  машықтанып,  сол 
амалдар  негізінде  мәліметті  игеру,  меңгеру,  тереңдету,  дамыту  мүмкіншілігін  береді. 
Студенттер  практикалық  сабақта  өз  әрекеттерін  жалқыдан  (нақты мәліметтер)  жалпыға 
(теориялық  тұжырымдар)  бағыттайды.  Практикалық  сабақта  студенттер  талдау  және 
іздену жұмыстарымен айналыспайды.  
Практикалық  сабақтың  мақсаты  –студенттерді  лекцияда  келтірілген  теориялық 
мәліметтерді  өздерінің  белсенді  әрекеттерімен  «тануға»,  «дәлелдеуге»,  өз  қолымен 
«жасауға»  жұмылдыру».  [3,  243].  Филология  ғылымдарының  докторы,  доцент 
Н.Ә.Ілиясова  СОӨЖ  сабағын  ұйымдастырудың  нәтижесін  былайша  қорытындылайды: 
«СОӨЖ  сабағы  негізінен,  студенттердің  белгілі  бір  тәжірибе,  дағдылар  жинақтауына, 
адамдармен  қарым-қатынас  жасап  үйренуіне,  өзінің  және  басқалардың  құндылықтарын 
бағалай алуға арналған сабақ формасы» - дейді [3,41]. Ал филология ғылымдарының  
 
 

26 
 
докторы,  профессор  Т.Н.Ермекова:  «СОӨЖ  оқу  материалын  оқытушымен  бірлесе 
отырып  өз  бетінше  игеруінің  аудиториялық  формасы.  Оқытушының  міндеті  студентке 
сапалы  білім  беріп  қана  қою  емес,  оны  студенттің  өзі  игеріп,  тәжірибеде  қолдануға 
машықтана  алуына  қол  жеткізу.  Сондықтан  да  студент  өз  білімін  толықтырып, 
жетілдіріп  отыруға  ұмтылуы  керек.  СӨЖ  бен  СОӨЖ  тапсырмалары  дәріс  сабағында 
қамтылмаған  не  аз  қамтылған,  материалды  әрі  қарай  тереңдете  оқытуға  бағытталған 
тақырыптарды  қамтиды.  СӨЖ  оның  оқу  материалын  игеруде  зерттеушілік  қабілетін, 
логикалық  ойлау  жүйесі  мен  шығармашылық  белсенділігін  арттыруға  бағытталуы  тиіс. 
ОКЖ оқу әдістемелік жұмыстарды қайта құруға міндеттеп отыр» деген пікірді ұстанса, 
филология  ғылымдарының  докторы,  доцент  Н.Ә.Ильясова:  «СОӨЖ  студент  пен 
оқытушының  өзара  бірлесе  отырып,  жасаған  жұмыстарының  көрсеткіші.  Оқытушы 
СОӨЖ  сабақтарында  орындалатын  тапсырмалардың  әдіснамалық  негізін,  идеясын, 
мақсатын  анықтап,  әр  тапсырманы  қалай  орындау  керектігіне  жетекшілік  жасайды» 
дейді [3,41]. 
СОӨЖ  сабақтарын  ұйымдастыруда  студенттің  жазу,  сөйлеу  дағдылары 
қалыптасады. Қазақ тілі мен әдебиеті немесе филолог маманға ең қажетті құрал да осы 
болмақ.  Оқытушы  студенттерге  шығармашылық  тапсырма  беру  арқылы  тақырыптың 
мазмұнын  ашуға,  студенттердің  ойын  дамытуға  қол  жеткізеді.  Бұл  тапсырмалар 
интербелсенді әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады.  
Практикалық  және  СОӨЖ  сабақтарында  инновациялық  технологияны  қолдану 
мәселесі  маңызды  болмақ.  Яғни,  интербелсенді  технологияны  терең  зерделеп,  оларды 
белсенді түрде оқыту үрдісіне енгізу заман талабы демекпіз.  
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.А.Сатбекова білім беру  сапасы 
жайлы  ойын  былайша  өрбітеді:  «Білім  берудің  сапасы  түпкілікті  нәтиже  деп 
қарастырылмайды екен. Сонымен бірге, білім берудің сапасы сол нәтижеге тиімділікпен 
қол жеткізетін мүмкіндіктер мен әлеуеттер, сыртқы және ішкі үйлесімді күштерді дұрыс, 
ретпен    жұмсаудың  және  сапалы  қасиеттерді  қалыптастырудың  үдерісі  ретінде  де 
танылады»  [4,7].  Ғалым  айтқандай,  алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін  оқытудың  тиімді 
жақтарын  басшылыққа  алсақ,  оқу  үрдісін  жүйемен,  ретпен  жұмсасақ  жұмысымыз 
нәтижелі болатыны айдан анық.   
Инновациялық  озық  технологиялар  білім  алушылардың  интеллектуалдық  ойын 
дамытуға,  алған  білімін  өздігінен  қолдануға,    білім  алуға  деген  ұмтылыс  пен  ынтаны 
жоғарылатуға,  студенттің  танымдық  көзқарасын  кеңейтуге,  өмірде  қажетті  біліммен 
қарулануға,  өзіндік  ой-пікірінің  қалыптасуына,  белгілі  бір  жағдайды  бағалауға,  пәндік 
білік  пен  дағдының  қалыптасуына,  ақпараттық  технологияны  игеріп,  оларды  түрлі 
мақсат  пен  міндеттерді  шеше  білуде  қолдануда,  пікірлерді  саралауға  септігі  мол. 
Кредиттік технология негізінде оқытуда инновациялық әдістердің маңыздылығы ерекше. 
Зор  біліммен  қаруланған  жан-жақты  офицерді  дайындаудағы  басты  мәселе 
инновациялық тәсілдерді терең сараптап, таңдап, сабақта белсенді қолдану. Білім алуды 
жеңілдететін  әдістеме  құру  басты  мәселе  болып  отыр.  Әсіресе,  қоғамдық  ғылымдарды 
оқытуда  интербелсенді  әдістер  оқытушының шеберлігі  мен  іскерлігін  қажет  етеді.  Осы 
мәселеге  орай,  ғылыми  тұжырымдар,  ізденістер  негізінде  оларды  сараптай  келе,  келесі 
әдістердің мән-маңызы ашылып, сабақта белсенді қолданылады.  
 
 
Әдіс-тәсіл 
Мазмұны 
Маңызы 

«Тақырыптық 
Бәйтерек» әдісі 
(Тематическое 
древо) 
Жаңа тақырып бойынша 
жаңа сөз алынып, ол әртүрлі 
сөздермен қосарланып 
айтылады. Мысалы,  
Қазақ хандығы  және тарих 
Қазақ хандығы  және ......... 
Жаңа тақырыптың мән-
мағынасы ашылып, курсантқа 
бағыт-бағдар беріледі. 
Қосақталған сөздер жаңа 
тақырыпта қарастырылатын 
мәселелерді шешуге 
бағытталған. 

27 
 

Картография 
әдісі 
Тапсырма  график  арқылы 
беріледі. 
Сол 
сөздердің 
сәйкестігін  табулары  жөн. 
Нүктелерді 
қосқанда 
бір 
сурет шығуы қажет. 
Тақырыпты бекіту үшін 
ұтымды әдіс. Графикте пайда 
болған суретке жан жақты 
анықтама беру тіл мәдениетін 
дамытуға септігін тигізеді. 

«Ғылыми  сөздер 
сыры» айдары 
Әр заманның тарихи ұлы 
тұлғалары жайында сабақта 
айтылатыны заңды нәрсе, 
осы кезде пассионар сөзі 
қолданылады. Мағынасы 
ашылып, қазақ әдебиетіндегі 
баламасы талданады. 
Терминдердің мағынасы 
ашылады. Сабақтың 
ғылымилығы арттырылады. 

Кластер  
Схемалар арқылы сабақ 
түсіндіріледі, бекітіледі. 
Ойлары түйінделеді. Кез 
келген тақырыпта қолдануға 
болады.  
Тақырыпты игеруге көмегін 
тигізеді. Сұрақ қоя білуге 
үйретеді.  

«Өлеңмен 
өрілген тарих» 
әдісі 
(История 
воспетая 
стихами) 
Өлең жолдары арқылы 
тарихқа шолу жасалады. Қай 
тарихи оқиға суреттелген 
деген сұраққа жауап ретінде 
қолдануға тиімді. 
Тарихты зерделеумен қатар, 
курсанттардың, поэзияға, сөз 
өнеріне, сөз құдіретіне 
қызығушылығы артады. 

«Тарих 
толқынындағы 
ән» әдісі 
(История 
воспетая песней) 
Белгілі тарихи оқиғаға 
қатысты әндерді еске түсіріп, 
саралау қажет. Мысалы, ҰОС 
тақырыбында «Әлия» әнін 
саралау, мазмұнын айшықтау 
қажет. 
Ән өнеріне ықыластары 
танылады, бұл әдіс өнерді 
құрметтеуге баулиды. 

«Кімнің 
күні 
жарқын?» әдісі 
«У 
кого 
ярче 
солнце?» 
Дөңгелек сызылады, одан 
шашыраған сәулелер жауап 
айтқан сайын салынып 
отырады. Толық жауап 
берген курсанттың күні 
жарқын болады. 
Сабақты  бекітуде  ұтымды, 
тиімді әдіс саналады. 

Гарвард  талдау 
әдісі 
Үш негізгі элементтен 
тұрады: әрекет түрлеріне 
шолу жасау, қолжетімділік 
пен бақылауға шолу жасау, 
адамдарға бағытталған 
жоспар жасау.  
Теориялық және практикалық 
нәтижелерге қол жеткізуде 
ішкі мотивацияның болуы 
және тақырыптың өмірде 
маңыздылығына әрдайым ден 
қойып отырады. 

Жобалау 
технологиясы 
1.
 
Зерттеу жобалары; 
2.
 
Шығармашылық жобалар; 
3.
 
Ойын жобалары; 
4.
 
Қолданбалы-практикалық 
жобалар; 
5.
 
Пәнаралық жобалар; 
6.
 
Моножобалар; 
7.
 
Ақпараттық жобалар; 
8.
 
Рөлдік жобалар. 
 
Жобаларды ғалым 
А.А.Сатбекова екі үлкен 
топқа бөледі: ғылыми-
ізденімдік және қолданбалы-
практикалық деп бөледі
Жобаларды білім алушыларға 
бермес бұрын, мына 
мәселелер ескерілуі тиіс деп 
ойлаймыз: жобаның мақсат-
міндеті, зерттеу жұмысының 
өзектілігі, құрылымы, мән-

28 
 
маңызы, қорғауға 
ұсынылатын тұжырымдар, 
қол жеткізген нәтижелер. 
Көптеген ғалымдар жалпы 
жобаның бәріне де 
шығармашылық пен 
зерттеушілік тән екендігін 
айтады.  
 
Әдіс-тәсілдердің  әртүрлі  болуы  білім  алушының  қызығушылығын  арттырады. 
Зерттеулерді  зерделей  келе,  оқыту  сапасын  арттыратын  тәсілдерді    топтастырған  едік. 
Олар:  жобалау  технологиясы,  портфолио,  тұсаукесер  (презентация),  іскерлік  ойындар, 
«тендер» ойыны, майндмэппинг, концептуалды кесте, гарвард талдау әдісі, «кімнің күні 
жарқын?»,  аңдатпа  құру,  «тақырыптық  бәйтерек»,  синквейн  әдісі,  график  толтыру, 
кластер құру әдісі, дорба тарату, баспалдақ әдісі. 
Оқытудың  дәстүрлі  жүйесінде  шәкіртке  берілетін  білім  іскерлік  пен  дағдыны 
меңгерту көзделсе, оқытудың жаңа технологиясында бұған қоса, әрбір  оқушының өзін-
өзі  дамытып,  тұлғалық  «мендік»  танымын  қалыптастыру  өріс  алуы  міндетті. 
Технологиялар  уақыт өткен сайын жаңарып, толығып  дамып отыратыны заңдылық.  Әр 
технологияның  өзіндік  қыр-сыры,  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Оны  таңдау,  тәжірибеде 
қолдану  әр  оқытушының  еркінде.  Сабақ  барысында  ұтымды  технологияны  қолдану 
оқытушының  шеберлігі  мен  жауапкершілігіне  тікелей  байланысты.  Бірнеше  жыл  бойы 
қолданылған технологияны жетілдіру басты орынға қойылуы шарт. Осыған орай, қазіргі 
кезде  қолданылған  технологиялардың  белсенділері  мен  озық  деп  танылғандары  
саралануда. Бұл зерттеулерден айқын танылады. Ғылыми ізденістер де қарқынды түрде 
дамып жетілуде. 
«Мұғалімнің кіндік қазығы шәкіртінің жаратылысына біткен икемдері болуы керек. 
Мұғалім  балаларын  жаңа  нәрсемен,  жаңа  талаптармен  таныстыруы  қажет.  Бұрынғы 
алған,  енді  жадында  терілген  білімдеріне  сүйеніп  жұмыс  істейтін  болады.  Осы  ретпен 
баланың  көрген-білген  дүниесі  кеңейген  сайын  баланың  жады  неше  түрлі  жаңғыру, 
еліктегіштік  қуатымен  байып,  бір  перненің  орнын  екіншісі  баса  береді»  -  деген 
Ж.Аймауытовтың пікірі  бүгінгі заманда өз мәнін жоғалтпаған [5,127 б]. Бұл үшін жеке 
тұлғаны  тәрбиелеуде,  жан-жақты  дамытуда,  сапалы  білім  беруде,  ғылымның  соңғы 
жетістіктерін  қолданып,  шығармашылық  жұмыс  істеуге  қабілетті,  дүниетанымдық 
көзқарасы кең,  рухани азамат дайындау мақсаты қойылғаны абзал.  
Әдебиеттер 
1.
 
ҚР «Білім туралы»  Заңы. Астана, 2004. -211б. 
2.
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға 
арналған Мемлекеттік Бағдарламасы. www.аkorda.kz   
3.
 
Сатбекова  А.А.  Ермекова  Т.Н.  Студент  пен  оқытушының  бірлескен  өздік 
жұмысын ұйымдастыру әдістемесі. – Алматы, 2012. -159 б. 
4.
 
 Сатбекова  А.А.  Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  және  жобалау  технологиясы. 
Алматы, 2010. -207 б. 
5.
 
Аймауытов Ж. Психология. Алматы, 1995. -127 б. 
 
 
Самым важным явлением в школе, самым поучительным предметом, самым 
живым примером для  ученика является сам учитель. Он- олицетворенный 
метод обучения, само воплощение воспитания. 
                                                                              А. Дистервег 

29 
 
Методические особенности 
 использования видео-задачника на уроках  
Н.С. Кольева 
 магистр техники и технологий 
Северо-Казахстанского государственного университета им. М. Козыбаева 
 
Использование  видеоподдержки  на  уроках  способствует 
повышению  качества  знаний,  так  как  позволяет  задействовать 
различные  виды  деятельности.  Кроме  того,  использование  видео 
оправдано  психологически.  Именно  через  органы  зрения  и  слуха 
человек получает основной объем информации об окружающем мире. 
Использование  видео  на  занятиях  повышает  активность  обучаемых, 
создает определенные условия для самостоятельной работы.  
Видео-задачник  относится  к  группе  наглядных  методов.  Он 
заключает в себе обучающую и воспитывающую функции, что обусловливается высокой 
эффективностью  воздействия  наглядных  образов.  Информация,  представленная  в 
наглядной  форме,  является  наиболее  доступной  для  восприятия,  усваивается  легче  и 
быстрее. Кроме того, использование видео на занятиях помогает удовлетворить запросы, 
желания и интересы учащихся. 
Однако,  при  использовании  наглядного  метода  (демонстрация  видеоматериала) 
необходимо соблюдать ряд условий [1]: 
-
 
применяемый  видеоматериал    должен  соответствовать  уровню  знаний 
учащихся; 
-
 
наглядность  должна  использоваться  в  меру  и  показывать  ее  следует 
постепенно и только в соответствующий момент урока; 
-
 
наблюдение  должно  быть  организовано  таким  образом,  чтобы  все  учащиеся 
могли хорошо видеть демонстрируемый видеоматериал; 
-
 
необходимо четко выделять главное, существенное; 
-
 
детально  продумывать  пояснения,  даваемые  в  ходе  демонстрации 
видеоматериала; 
-
 
демонстрируемый видеоматериал должен быть точно согласован с изучаемым 
учебным материалом, соответствовать изучаемой теме. 
Видео-задачник  –  видеофрагмент  из  художественных  и  мультипликационных 
фильмов  и  поставленных  к  ним  вопросов.  Подобные  фрагменты  либо  предшествуют 
формулировке условия задачи, либо сами являются условием. Такое представление задач 
не только способствует развитию интереса обучаемых к предмету, внося разнообразие в 
учебный  процесс,  но  и  показывает  тесную  взаимосвязь  информатики  с  жизнью.  Это 
помогает  им  в  дальнейшем  применять  знания  из  информатики  к  объяснению 
происходящих вокруг явлений, создается своеобразный «фундамент» для последующего 
изучения, таких предметов как физика, химия, биология и др. [2].  
Видеофрагменты,  по  сравнению  с  печатными  лабораторными  практикумами  и 
вопросами,  повышают  наглядность  и  занимательность,  значительно  увеличивают 
эмоциональную  окрашенность  урока.  Методика  использования  видео-задачника 
аналогична методике использования литературных фрагментов. 
Использование  задач  на  основе  литературных  сюжетов  позволяет  педагогу 
реализовать  следующие  функции:  побуждающую,  познавательную,  воспитательную  и 
развивающую  –  и  достичь  поставленных  целей  в  процессе  обучения  в  соответствии  с 
таблицей.  
 
 
 
 

30 
 
Таблица 
Функции и цели практических задач 
 на основе литературных сюжетов в учебном процессе 
Функции 
Цели 
Побуждающая 
 
 
 
 
Познавательная 
 
 
 
Воспитательная 
 
 
Развивающая 
Активизация внимания 
Мотивация учения 
Активизация познавательного интереса 
Создание проблемы и проблемной ситуации 
 
Формирование понятий 
Конкретизация и систематизация знаний 
Моделирование информационных процессов 
 
Формирование научного мировоззрения 
Воспитание гражданственности 
 
Развитие образного и логического мышления 
Развитие эвристического мышления  
 
Методика  использования  на  занятиях  информатики  видео-задачника  сводится  к 
алогичным рекомендациям. 
Применять подобные задачи целесообразно в качестве упражнений на закрепление, 
а  также  при  повторении  изученного  материала.  Некоторые  фрагменты  модно 
использовать  в  качестве  постановки  проблемной  ситуации,  предшествующей 
формулировке новой темы. Здесь важно отметить, что количество видео-задач на одном 
уроке не должно превышать двух.  
Приведем содержание некоторых задач. 
Единицы  измерения  информации.  Способы  передачи,  хранения  и  обработки 
информации. 
1.
 
Мультфильм «38 попугаев». Звери измеряют длину удава. Получают, что длина  
удава равняется четырем слонам, или девяти обезьянам, или тридцати восьми попугаям. 
После измерения удав произносит: «А в попугаях я длиннее»! 
Вопрос: Так ли это на самом деле? Какое количество информации получили звери? 
Что звери приняли за единицу измерения? 
2.
 
Киножурнал  «Ералаш».  Учитель  труда  дает  задание  ученикам  изготовить 
табурет.  В  итоге  один  школьник  изготовил  табурет  огромных  размеров.  Подробное 
действие  он  объяснил  учителю  следующим  образом:  «вы  же  сами  сказали:  Семь  раз 
отмерь, один раз отрежь», вот я и отмерил …». 
Вопрос:  Что  учитель  имел  в  виду?  Для  чего  измерения  желательно  проводить 
неоднократно? 
3.
 
Мультфильм  «Трое  из  Простоквашино».  Герои  мультфильма  собираются  в 
дорогу: 
– Мы пойдем искать клад! 
Почему  инструменты  героев,  которые  они  берут  с  собой  (лопата,  кирка)  имеют 
заостренные  концы?  Почему  для  поиска  клада  совковая  лопата  им  не  помогла  бы.  С 
каким видом информации герои мультфильма сталкиваются? 
4.
 
Мультфильм  «Зима  в  Простоквашино».  Герои  готовятся  встречать  Новый  год. 
Не хватает только одного: телевизор не работает. После некоторых действий появляется 
изображение  без  звука.  Очень,  жаль,  что  концерт  никто  не  услышит  …,  но  слышится 
пение и герои видят Маму.  
– До чего техника дошла! – удивляется Почтальон Печкин. – Вашу Маму и здесь и 
там передают!? 

31 
 
– Это не техника дошла! А я к вам сюда сама на лыжах дошла, а концерт на пленку 
записан! 
Вопрос: Какие существуют способы передачи информации
5.
 
Мультфильм  «Зима  в  Простоквашино».  Шарик  мерзнет  в  кроссовках,  а  Кот 
Матроскин важно вышагивает в валенках, посмеиваясь над Шариком.  
Действительно ли валенки греют зимой? Почему Матроскину теплее? 
Вопрос: Какую роль в жизни человека выполняют органы чувств? Перечислите все 
органы чувств человека. Как получает человек информацию с помощью органов чувств. 
6.
 
Мультфильм  «Каникулы  в  Простоквашино».  Шарик  решает  заняться 
фотоохотой, дабы скучно не было и зверей убивать не надо. Его  привлекает подводная 
фотоохота. Он опускается на дно… .  
Вопрос:  Какую  цифровую  технику  Вы  бы  посоветовали  Шарику  для  подводной 
фотоохоты?   
7.
 
Мультфильм «Конек-Гобунок». Царь приказывает Ивану ехать за кольцом Царь-
Девицы. Иван на Коньке-Горбунке отправляется в дорогу. 
Ну-с, так едет наш Иван 
За кольцом на окиян. 
Горбунок летит, как ветер,  
И почин на первый вечер. 
Верст сто тысяч отмахал 
И нигде не отдыхал. 
Используя  MicrosoftExcel  посчитайте,  с  какой  скоростью  двигался  Конек-
Горбунок. Сколько раз за первый вечер он мог бы обогнуть земной шар? 
Считайте, что вечер равен примерно 6 часам. 
Земной шар (по экватору) – 40 000 км. 
1 верста равна – примерно 1 км.  
Таким  образом,  психологические  особенности  воздействия  видео-задачника  на 
обучаемых (способность управлять вниманием каждого и групповой аудитории, влиять 
на  объем  долговременной  памяти  и  увеличение  прочности  запоминания,  оказывать 
эмоциональное  воздействие  и  повышать  мотивацию  обучения)  способствуют 
интенсификации  учебного  процесса  и  создают  благоприятные  условия  для 
формирования ключевых компетенций обучающихся. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет