1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»


Ортағасырлық қалалардың пайда болуы туралы теориялар



бет21/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
джт билет

20.Ортағасырлық қалалардың пайда болуы туралы теориялар. Қалалардың пайда болу мəселелері үлкен қызығушылық тудырады. Қалалардың пайда болу себептерін анықтауға тырысқан ХІХ-ХХ ғасырдың ғалымдары əртүрлі теориялар- ды ұсынды. ХІХ ғасыр ғалымдары ортағасырлық қала қандай тұрақ формасынан пайда болды, бұл мекемелер қала мекемелеріне қалай айналды деген мəселе тө- ңірегінде пікір таластырды. «Романдық теория» (Савиньи, Тьерри, Гизо, Ренуар) Еуропаның романданған аймағы материалдары негізінде ортағасырлық қалалар- ды антикалық қалалардың жалғасы деп түсінді. Солтүстік, Батыс, Орталық Еуро- па материалдарына сүйенген тарихшылар орта ғасырлық қалалардың бастауын феодалдық қоғамның құқықтық негізінен шығарды. «Вотчина» теориясына сай, (Эйхгорн, нич) қала институттары вотчинадан дамыды деді. «Маркалық теория» (Маурер, Гирке, Белов) қала мекемелерін ерікті селолық қауым – маркадан шығар- ды. «Бургтік теория» (Кейтген, Мэтланд) қала бастамасын бекіністен пайда болды деп түсінді. «Рыноктық теория» (Зом, Шредер, Шульт) қала құқығын рыноктық құқықтан шығарды. Бұл теориялардың барлығы бір жақтылықпен сипатталады, қарапайым себептерге баса назар аударылады.ХІХ ғасырдың аяғында неміс тарихшысы Ритшель «бургтік» жəне «рынок- тық» теорияны біріктіруге тырысты. Бельгия тарихшысы Пиренн алдыңғы та- рихшыларға қарағанда қаланың пайда болуындағы экономикалық фактор туралы айтты. Құрлық аралық, аймақ аралық транзиттік саудаға, көпестердің орнына ба- сым көңіл бөлінді. Бұл теорияға байланысты қалалар алғашқы кезде көпестік фак- ториялар айналасында пайда болды. Пиреннің теориясын көптеген медиевисттер қабылдаған жоқ.Қазіргі шетелдік тарихнама ортағасырлық қалалардың археологиялық мəлі- меттерін, топографияны, қала картасын зерттеуде көптеген жетістіктерге жеткен. Бұл материалдар жазба деректерде көрсетілмеген қала алғышартындағы мəселе- лердің басын ашады. Бұл факторлар мен материалдарды қолданғанда əлеумет- тік-экономикалық белгілер де есепке алынады. Орыс медиевистикасында қала тарихына байланысты зерттеулерде қалалардың əлеуметтік-экономикалық рөліне баса назар аударылады. Қазіргі кезде ортағасырлық қалаларды ортағасырлық өр- кениеттің құрылымы ғана емес, феодалдық құрылымның органикалық компонен- ті ретінде қарастырады.Қалалардың тікелей пайда болуының тарихи жолдары əртүрлі. Деревнялар- дан кеткен қолөнершілер мен шаруалар «қала ісімен» айналысуға байланысты, қалыптасқан қолайлы жағдайларға, саудаға байланысты қала тұрақтарына ор- наласты. Италияда, Оңтүстік Францияда бұлар əкімшілік, əскери, шіркеу ор талықтары болды. Көбіне мұндай орталықтар ескі Рим қалаларының орнында пайда болды. Солтүстік батыс, Орталық Еуропада қолөнершілер мен саудагерлер мүліктерін өткізу үшін вотчиналардың, усадьбалардың, бекіністердің айналасына орналасты. Маңызды жолдардың түйісінде орналасқан сауда-саттыққа ыңғайлы жерлер қолайлы жағдайлар туған кезде қала орталықтарына айналып отырды. Батыс Еуропаның жеке аймақтарындағы қалалардың өсуі əртүрлі жылдамдық- пен дамыды. VІІІ-ІХ ғасырларда алғашқылардың бірі болып феодалдақ қалалар Италияда қолөнер мен сауда орталығы ретінде қалыптасты. Мысалы, Венеция, Генуя, Пиза, Бари, Неаполь. Осындай қалалар Х ғасырда Францияның оңтүсті- гінде пайда болды. Бай антикалық дəстүрлері бар осы аймақтарда өзге жерлер- мен салыстырғанда қолөнер жылдамырақ қалыптасып, қалаға сүйенген феодалдық мемлекеттер пайда болды. Итальян жəне оңтүстік француз қалаларының ерте пайда болуы мен өсуіне бұл аймақтарда қалыптасқан Византиямен жəне Шығыспен сауда да өз үлесін қосты.Х-ХІ ғасырларда Рейн мен Дунайдың жоғарғы ағысында Солтүстік Фран- цияда, Нидерландыда, Англия мен Францияда феодалдық қалалар пайда бола бастады. Бұл аймақтардағы Рим қалалары аз болғандықтан қалалар, негізінен, жаңадан пайда болды. ХІІ-ХІІІ ғасырларда Скандинавия елдерінде, Ирландияда, Венгрияда феодалдық қалалар пайда болды. Еуропа территориясы бойынша қа- лалардың орналасуы біртекті болған жоқ. Солтүстік, Орталық Италияда, Фланд- рияда, Брабантта, Рейн жағалауында қалалар көп болды.Қалалардың пайда болуы – жалпы Еуропа дамуына тəн қоғамдық еңбектің бөліну нəтижесі. Əлеуметтік-экономикалық салада қолөнердің егіншіліктен бө- лінуімен, шаруашылықтың əртүрлі салаларындағы тауар өндірісінің дамуы мен айырбас, əлеуметтік-саяси салада мемлекеттік құрылымдардың атрибуттары мен институттарының дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет