1215 жылы “Еркіндіктің Ұлы хартиясына” қол қоюға мәжбүр болды. 1215–жылдың Хартиясы 63 баптан тұрған аса ірі саяси құжаттардың бірі болды. Құжатта негізінен барондар мен дінбасыларының мүдделері қорғалды. “Әдет ғұрыпқа сәйкес” барондар мен рыцарлардың феоды мұралықпен қалдырылды, вассалдық төлемдері азайтылды. Олардың істері айрықша “теңдестер сотында” ғана қаралатын болды (пэрлер соты). Еркіндіктің ұлы хартиясында елде бірде бір еркін адам сотсыз немесе пэрлер үкімінсіз тұтқынға алынбайтын, елден қуылмайтын және дүние мүлкі тәркіленбейтін болды. Хартияда Ұлы король кеңесі құрылып – ол барондар мен рыцарлардан тұрды. Барондардың рұқсатымен ғана король қосымша алым салықтар енгізді. Бұдан бөлек 25 бароннан тұратын айрықша комитет құрылды, егер король хартия баптарынан аутқитын немесе орындамаған жағдайда олардың елді көтеріліске шақыра алатын құқы болды.Хартияның баптарында қалаларға қатысты пунктерде болды. Қалалықтарға еркін ішкі және сыртқы сауда құқы берілді. Қалалық өзін өзі басқару, ешқандай кедергісіз ел ішінде жүріп тұру, өлшем мен салмақ бірлігі қамтамасыз етілді. Ағылшын халқының негізгі бөлігі – вилландарға ешқандай құқ берілген жоқ. Соған қарамастан Ұлы Хартияның прогрессивтік маңызы болды. Ол король өкіметін шектеді. Қалалықтардың мүдделерін қорғауы айрықша маңызды еді. Өйткені, ағылшын қалаларының үшінші сословие ретінде тұңғыш рет саяси күшке айналғаны белгілі болды. Еркіндіктің Ұлы хартиясы өмірде жүзеге асқан жоқ. Рим папасының қолдауына ие болған корль Иоан, барондарды бүлікші деп жариялап талаптарын орындаудан бас тартты, сөйтіп оларға қарсы соғысқа дайындалуға кірісті. Алайда, соғыстың қызған шағында ол қайтыс болып, оның кәмелетке толмаған ұлы Генрих ІІІ – ні барондар король етіпсайлады (1216 – 1272). Елде уақытша барондар олигархиясының үстемдігі орнады.Генрих ІІІ кәмелетке толғаннан кейін де дербес саясат жүргізе алмады. Тұрақсыз, әрі жігерсіз король барондарға қарсы тосқауыл ретінде, папалар мен епископтармен жақындасты. Франциядан әйелінің туыстарын шақыртып жер мен қызмет үлестірді. Алым – салық көбейтілді. Бұл ағылшын барондары мен қалалықтарының наразылығын туғызды. 1258 жылдың көктемінде Генрих ІІІ папаның итермелеуімен Сицилияға жорыққа шығып, оған барондардың қатысуын талап еткенде, елде көтеріліс бұрқ ете қалды.Қарулы барондар тобы король сарайына басып кіріп, саяси реформалар жүргізуді талап етті. Король шегінуге мәжбүр болды. 1258- жылы Оксфордта ірі барондардың кеңесі жиналып, кейіннен ол “құтырған парламент” аталып кетті. Парламентте айрықша конституция – “Оксфорд провизиясы” (“емі,” дәрісі”) қабылданып, ол бойынша корольдар тұрақты түрде барондар бақылауында болатын болды (“барондар олигархиясы”). Алайда, барондардың бақылаусыз үстемдігі рыцарьлар мен қалалықтардың наразылығын туғызды. Корольге қарсы оппозицияның арасында жік пайда болды. 1259 жылы барон Симон де Монфор басқарған оппозиция өкілдері рыцарлар мен қалалықтарды, ауқатты шаруаларды қорғап саяси талаптар қойды. Бұл талаптар жинағы “Вестминистрлер провизиясы” деп аталды.Оппозиция лагерьінде пайда болған жікті пайдаланып, Генрих ІІІ “Оксфорд провизияларының” талаптарын орындаудан бас тартты, сөйтіп 1263- жылы азамат соғысы басталды. Симон де Монфорды тек барондардың бір бөлігі ғана емес, қалалықтар мен рыцарлар, шаруалардың бір бөлігі қолдады. Лондондықтардың өзі Монфорға көмек ретінде 15 мың адамнан тұратын жасақ жіберді. 1264- Льюс түбінде болған шайқаста король әскері талқандалып, король Генрих ІІІ мен оның үлкен ұлы Эдуард қолға түсті. Монфор елдің билеушісіне айналды. Барондарға сенбей ол рыцарлармен, сенімді қалаларға арқа сүйеді. 1265 – жылдың қаңтарында Монфор үлкен жиналыс шақырып, оған аса ірі прелаттар мен барондардан бөлік, әрбір графтықтан екі рыцарь, әрбір үлкен қаладан екі қалалықтан шақырды. Бұл ағылшын парламентінің басы еді.