1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»


Екінші жəне үшінші крест жорықтары



бет23/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
джт билет

Екінші жəне үшінші крест жорықтары. ХІІ ғасырда, керісінше, мұсылман елдерінің ынтымағы нығайып, күшейе түсті. Олар енді кресшілер мемлекеттерін ығыстыра бастады. 1144 жылы кресшілердің алғашқы мемлекеті – Эдесс құлады. Ол Мосул əмірлігіне қосып алынды. Эдесс графтығын жоғалту кресшілердің Шы- ғыстағы иеліктерінің жағдайын қатты шайқалтты. Католик шіркеуі, оның ішінде Клерво монастырьының аббаты Бернар, батыс еуропалықтарды қайтадан крест жорығына шақыра бастады. Француз королі VІІ Людовик пен неміс императоры ІІІ Конрадтың басшылығымен алдыңғы Азияға екінші крест жорығы (1147-1149) басталды.
Төртінші крест жорығы. Салах-ад-диннің табыстары өте қымбатқа түсті. Үздіксіз соғыс қимылдары, үлкен армияны үнемі жауынгерлік дайындықта ұстау, бекіністер салу, қалалардың қирауы Таяу Шығыстың экономикасына ауыр зарда- бын тигізді. Египеттің қаражаты құлдырады. Бұрынғыдай көлемді соғыстар жүр- гізу мүмкін болмады. Оның үстіне Салах-ад-дин өлген соң (1193) оның мемлекеті билікке таласқан балаларының арасында бөліске түсті. Бұл Еуропада Иерусалим- ді қайтарып алу үмітін тұтатты.
Соңғы крест жорықтары. Қасиетті жерді азат етеміз деген кресшілер алғаш басып алған жерлерінен біртіндеп айырыла берді. Папалар мен корольдер 1217- 1221 жылдары бесінші крест жорығын ұйымдастырды. Оған неміс, ағылшын, гол- ланд жəне венгр кресшілері қатысты. Олар 1219 жылы Египетке енуге мүмкіндік беретін маңызды бекіністі басып алды. Ішкі талас-тартыстар мен басшылықтағы қателіктер көп ұзамай бекіністі қайта тастап шығуға мəжбүр етті.
Крест жорықтарының салдарлары. Крест жорықтары Батыс Еуропа елдері мен католик шіркеуі тарапынан жүргізілген əділетсіз, басқыншылық соғыстар бол- ды. Бұл соғыстар дүниежүзілік өркениеттің дамуына, Еуропа елдерінің ғана емес, Шығыстағы мұсылман елдерінің де шаруашылығына, мəдениетіне орны толмас зиян келтірді. Көптеген өнер туындылары, кітаптар мен құнды деректер жойылып кетті. Палестинаның теңіз жағалық қалаларының көпшілігі ХІІІ ғасырдың аяғына қарай қирап қалды. Олардың төңірегіндегі ормандар да құрып кетті. Сирия мен Па- лестинадағы қолөнер мен сауда құлдырады. Батыс Еуропа феодалдарының жерорта теңізінің шығысындағы əскери-отаршыл қозғалыстарының қорытынды нəтижесі аймақтың өндіргіш күштерін құлдыратып, экономикасын аздырып-тоздыру болды. Крест жорықтары мың жылға жуық өмір сүріп келе жатқан христиандық Византия империясын нығайтудың орнына, керісінше, одан əрі əлсірете түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет