22.11-15ғғ Франция Х ғасырда Франция дамыған феодализм дəуіріне аяқ басты. Оның негізгі ерекшелігі елдің болашақ тағдырында аса зор ықпа- лы болған батыс еуропалық феодализмнің өзіндік үлгісін жасаған- дығы еді. Франция ІХ-Х ғасырларда жеке мемлекет ретінде өмір сүрді. Х ғасырда «Галлия» жəне «Батыс Франция» атауы біртіндеп жойылып, мемлекет Франция деп атала бастады. Мемлекеттің қа- лыптасуы феодалдық бытыраңқылық дəуірімен сай келді, көптеген феодалдық иеліктерге бөлінді. Француз корольдігінің ұсақталуы мен саяси бытыраңқылығы екі кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде Х ға- сырда ірі иеліктер пайда болса, ХІ ғасырда олардың кішігірім тер- риторияларға тарамдалуы жүзеге асты. ХІ ғасырдың соңына қарай, қоғамдағы феодалдық таптардың негізгі қалыптасуы аяқталды. ХІ ғасырдың аяғында феодалдар табы саны жағынан өсіп, бірнеше əлеуметтік сатыларды құрады. Каролинг əулеті ұрпақтарынан та- райтын, ірі сеньорлардан тарамдалған, орта дəрежедегі феодалдар тобы бөлініп шықты. Корольдердің вассалдары мен қызметшіле- рінен, ірі ақсүйектерден құралған ұсақ феодалдар саны жағынан басым болды.
ХІ ғасырдың басында феодалдар өкілдері басқа əлеуметтік топтардан бөлініп, мұралық негізде қалыптастырылған, сипаты жағынан томаға-тұйық тапқа айналды. Феодалдар жерге деген бүкіл меншікті өз қолдарына жинақтап, қоғамда «сеньорсыз жер жоқ» деген құқықтық қағиданың үстем болуын қалыптастырды. Сеньорлардың баналитеттік құқығы қалыптасты, бұрын қауымның меншігінде көпшілік болып пайдаланылатын жеке меншік түрі қа- лыптасты. Феодалдық қатынастар аяқталды, əлеуметтік сатыдағы өзгерістер нақтыланды. Төменгі сатыда «жалғыз қалқанды» вас- салы жоқ рыцарьлардан бастап, олардан 3-4 саты жоғары тұратын ауқатты феодалдар, ірі территориялардың – Нормандия, Бретань, Бургундия, Аквитания герцогтерімен, Шампань графтықтарының қожайыны болды. Феодалдық иерархияның «Менің вассалымның вассалы, менің вассалым емес», – деген құқықтық қағида қалыптасты. Ол магнаттардың үстем- дігінен, орталық өкіметті қол сұғудан қорғай отырып, ішкі бірлікті сақтап қалуға мүмкіндік берді. Жерге деген үстемдікті жүзеге асырғаннан кейін феодалдар табы Францияда саяси билікте басымдылыққа ие болды.Жалпы алғанда, Францияда Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда феода- лизмнің аяқталуы жылдам жəне аяқталған түрде өтті, тəуелді шаруалардың қа- лыптасуы ХІ ғасырдың соңында аяқталды. ХІ ғасырда шаруалардың негізгі кате- гориясы жеке басы тəуелді «сервтер» болды.