17.VІІІ-ІХ ғасырлардағы Италия Саяси дамуы. Еуропадағы варварлар шабуылының ақырғы толқыны Ита лияға келді. VІ ғасырдың соңында Италия территориясының басым бөлігін лангобардтар жаулап алды. Оңтүстік Италия мен Рим дукаты Византия иелігі болып табылды. Жаулап алушылықтың нəтижесінде пайда болған Лангобард корольдігі VІІІ ғасырдың 70-жылдарына дейін өмір сүріп, кейін Ұлы Карл жаулап алды.Лангобардтар тұсында барлық территория герцогтіктерге бөлінді. Бұл жерде əкімшілік, соттық, əскери билік шоғырланды да графтардың жеке позицияларының күшеюіне, сепаратизмге жол бастады. Лангобард корольдері Павия қаласын астана етті. Олар сепаратистік ұмтылыстарды шектеп, Оңтүстік Италияға жорықтар жасады. Лангобард корольдіктері алдарына қойған негізгі мақсаттарының бірі – елді біріктіруге қол жеткізе алмады. Олардың тұрғындарының саяси-құқықтық əртектілігі де бірігуге кедергі келтірді. Лангобардтардың қарапайым құқығы 643 жылы Ротари Эдиктісінде көрініс тапқан.774 жылғы франк жаулап алушылығы Лангобард корольдігін ірі Еуропа мемлекетінің, 800 жылы империяның құрамына енгізді. Бірақ бұл Италияға саяси бірлік əкелген жоқ. Апеннин жартыаралының орталығында 756 жылы Папа мемлекеті немесе папалық аймақ пайда болды. Оңтүстік Италия Византияның қол астында қалды. Ұлы Карл Италиядағы иеліктерінің əкімшілік-территориялық бірліктерін өзгертті. Герцогтіктердің орнына 20 графтық қалыптастырылды, олар франк ақсүйектерінің басқаруына берілді. Графтықтардың қызметін бақылау «император елшілігінің» қолында болды. Каролингтер тұсында бытыраңқылық ұстанымдар күшейді. Иммунитеттік құқықтар кең таратылды, мұндай территориялар графтардың билігінен шығып кетті. Ұлы Карл империясы ыдырағаннан кейін де Италия бытыраңқылығы тоқтатылған жоқ. Верден келісімі бойынша ол тəуелсіз корольдік статусын алды. ІХ ғасырдың соңында Италия королінің титулы франк мұрагерлерінің арасында үнемі талас тудырып отырды. Х ғасырдың ортасында солтүстік жəне орталық Италия герман корольдерінің талас-тартыс аймағына айналды.Италиядағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы VІІІ-ІХ ғасырларда жүрді. Мұнда романдық жəне германдық стильдердің элементтері синтезделді. Лангобард корольдығында феодалдану процесі барынша баяу жүрді. Ортағасырлық Италияның дамуында екі процесс қатар жүрді. Бір жағынан, шаруашылық жүйеде өзгерістер болды, ол серв,колон, либертиндер еңбегіне сүйенді. Екінші жағынан, лангобардтық дəуірде варварлар қоныстанған территорияларда ыдырау сатысындағы рулық-тайпалыққа тəн тəртіптер үстемдік етті. Лангобардтардағы үлкен жанұя – фара, жер иелену құқығын алған ұсақ жанұяларға бөліне бастады. Лангобардтарда аллодтың пайда болуымен VІІІ ғасырда шаруашылық жағдайы бойынша жақын ұсақ жер иеленушілер пайда болды. Олардың арасындағы рим посессорларына жіктеліс ерікті арендаторлардың – либеллалардың пайда болуына алып келді. Кейде либеллалардың саны сервтердің, колондардың есебінен өсіп отырды.ІХ-Х ғасырларда либеллярилер эмфитевтер, прекаристер солтүстік жəне орталық Италияда кіші жер ұстанушылардың қатарын толтырып, ірі жер иелеріне əртүрлі формадағы тəуелділікке түсе бастады. VІІІ-ІХ ғасырларда қалыптасқан феодалдық вотчина домен жерінің аз көлемімен ерекшеленді. Ірі жер иеленушілердің қатарын рим ақсүйектері, лангобардтық жоғарғы топ, франк ақсүйектерінің тобы құрады. Лангобардтық жаулап алушылық жартылай əсер еткен Оңтүстік Италияда феодалдау процесі баяу жүрді. Ерте орта ғасырларда бұл территорияларда кейінгі Рим империясында қалыптасқан шаруашылық тəртіптері үстемдік ете берді. Жұмыс күшінің негізін сервтер мен колондар құрады. Оңтүстік Италияда феодалдық құрылыс Орталық жəне Солтүстік Италиямен салыстырғанда бір ғасыр кейін орнады.Италия тарихының өзге Еуропа елдерімен салыстырғандағы ерекшелігі – қалалардың санының өте көп болуы. VІІІ-ІХ ғасырларда жаңа қала тұрақтары пайда бола бастады. Елдің ішінде ішкі рыноктар қалыптасып, Еуропамен, Африка- мен, Таяу Шығыспен сауда байланыстарының тұрақты түрде дамуына Италияның географиялық жағдайы да əсер ете берді. Тиррен теңізінің жағалауында ірі порттар – Генуя, Пиза, Амальфи пайда болды. Порттардың Испаниямен, Туниспен, Египетпен, Византиямен сауда байланыстары тұрақтанды. Батыс пен Шығыс арасындағы сауданың дамуына делдалдық көрсеткен Оңтүстік Италиядағы Визан тия иелігінің орталығы Бари қаласы болды. ХІ-ХІІІ ғасырларда Италия қалалары ауылшаруашылығының дамуына əсер етіп, елдегі феодалдық қатынастардың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырды. Ерте орта ғасырлардың аяғындағы Италияға тəн сипат урбанизацияның жоғарғы деңгейі еді. Қала санының көбеюі орта ғасырлардағы Италияның саяси тағдырына əсер еткен маңызды фактор болды.