4.Кейінгі орта ғасырлартарихының деректері Кейінгі орта ғасырлар ХV ғасырдан ХVІІ ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде Еуропада феодализм негізінде капиталистік қатынастар қалыптасып келе жатты. Капиталистік қатынастардың алғашқы белгілері ХІV-ХV ғасырлардаИталияменНидерландының ірі сауда өнеркəсіптік қалаларында орыналды. БұлпроцестерЕуропаныңбарлық қалаларында бірдейдеңгейдежүрген жоқ. Кейінгі ортағасырлық деректерде ұлттық тілде жазылған деректер басым сипатта болды. Қала тарихы, саяси билік түрлері баяндалған деректер – «Венеция тарихы», «Флоренция тарихы», «Италия тарихы» жазылды. ХV ғасырда Испания мен Португалия туралы деректер олардың отары болған Америкада жақсы сақталған. Географиялық ашылулар жөніндегі деректер, билік формаларының сипаты кең көрініс алып отырған. Тарихи шығармалардың ішінде ХVІ ғасырда жазылған Себастиан Франктің еңбегін айтуға болады. Мұнда неміс тарихнамасы жəне қоғамдық ойлар көрініс тапқан. 1-тарау. Ортағасырлық деректер (ІV-ХV ғасырлар) 15 Өндіргіш күштердің өсуі, қалалардың дамуы, орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы, мəдениет пен тарихтың дамуындағы жаңа сатының қалыптасуы кейінгі орта ғасырлар тарихы деректерінің сипатына да əсер етті. Деректердің саны көбейді, жаңа түрлері пайда болды, құрылымы күрделенді. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, тауар-ақша қатынастарының дамуы келісімдер мен іс-шаралардың заңдық жағынан терең талдануын қажет етті. Басқару аппаратының жетілуі, қызметінің кеңеюі іс-қағаздарға да өз əсерін тигізді. Актілік құжаттар жалпы жəне жеке деп бөлінді. Жалпы актілерге императорлардың, корольдердің, жеке құқығы бар феодалдардың, сонымен бірге шіркеу басшылары – Рим папалары, патриархтар мен епископтардың грамоталары, дипломдары жатады. Мысалы, Византияда алтын мөрі бар грамота «хрисовул» деп аталса, Папа канцеляриясындағы қорғасын мөрлер «булла» деп аталды. Арнайы заңдық білімі бар, ерекше статусты иеленген адамдар қалыптастырған құжаттар жеке актілерге жатты. Нотариустар құжатты арнайы үлгі бойынша дайындады. Нотариалдық актілер бізге көшірме түрінде жəне картикулярлардың құрамындағы қысқаша жазбалар ретінде жетті. Еуропа қалаларының ішінде Италияда актілер жинағы мол. Жерорта жағалауының елдерінде нотариат институты ХІІ-ХV ғасырларда кең дамыды. ХІV ғасырдың соңында нотариалдық актілерді жеке жазбалар ығыстырып шығара бастады, олардың заңдық күші болған жоқ. ХІV ғасырдың ортасынан сол уақыттың жетілген бухгалтериялық жүйесіне негізделген құжаттарды итальян республикалары – Флоренция, Генуя, Венеция жəне басқа да Батыс Еуропа мемлекетері өз тəжірибесінде пайдаланды. Күрделі коммерция əлемінде бағыт-бағдар болуы үшін саудаға байланысты жетекші құжаттар пайда болды. Олардың арасындағы танымалы – ХІV ғасырдың бірінші жартысында жазылған флоренциялық Франческо Балдуччи Пеголоттидің «Сауда тəжірибесі» атты еңбегі. Шаруашылыққа байланысты маңызды деректерге жер опистері, кадастрлар жатады. Византиядағы жер санағы «практиктер» деп аталды. Негізінен, монастырьлік практиктер көп сақталған. Дамыған феодализм кезеңіндегі деректер өзінің заңдық ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Қалалардың гүлденуі, қаланың өзін-өзі басқаруының қалыптасуы қала мен феодалдық сеньорлардың арасындағы қарым-қатынасты заңдық тұрғыда реттеуді талап етті. Мұндай келісімдер қала хартиялары мен статуттарында көрініс тапқан. Хартиялардың арасындағы ең көнесі ХІІ ғасырдағы француз королі Людовиг VІ Лорис (Орлеанэ) берген хартия болып табылады. Осы хартияның негізінде король домені территориясындағы қалалардың құқықтық жағдайы анықталды. Итальян қалаларының статуты – бірнеше ғасырлар бойы жинақтаған заңдар жинағы. Мысалы, «Генуэз Республикасының құқықтар кітабы». Қала статуттарынан басқа цехтардың, сауда корпорацияларының, университеттердің, монастырьлердің статуттары да болды. Алғашқы еуропалық цехтық статут – «Эпарх кітабы» Х ғасырда жазылған жəне Константинопольдегі сауда-қолөнер коллегиясына қатысты қаулылар жинағы болып табылады. «Эпарх кітабының» басты мақсаты шаруашылық тəуелсіздігі жоқ коллегиялардың жұмысын реттеу болды.