1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»


Меровингтер корольдігі.Хлодвиг кезеңіндегі Франк корольдігінің құрылуы



бет5/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
джт билет

6. Меровингтер корольдігі.Хлодвиг кезеңіндегі Франк корольдігінің құрылуы
476 жылы Рим империясы құлады. Франктердің басында, Франк патшалығының негізін қалаған Меровей руынан шыққан Хлодвиг тұрды. Хлодвиг əкесі Хильдерик өлгеннен кейін орнына келген мұрагер еді. (Хильд-Рик ескі франктерше «қуатты соғысушы» деген мағынаны білдірсе, Хлод-Виг «соғыста даңқы шыққан» дегенді білдіреді). Батыс Рим империясының орнына пайда болған Франк мемлекеті ерте ортағасырлық Еуропа территориясындағы ірі мемлекеттердің бірі болды. Өз дамуының шарықтау шегінде оның құрамына қазіргі Францияның, Белгияның, Люксембургтің барлық террито33 34 Орта ғасырлар тарихы риясы жəне Нидерланды, ГФР, Италия, Испания территорияларының аймақтары кірді. Франк мемлекетінің 400 жылдық тарихы қазіргі Батыс Еуропа елдерінің тарихының алғышарты іспеттес. 486 жылы Суассон түбіндегі ұрыста Галлиядағы ақырғы Рим наместнигі Сиагрий франктерден жеңілді. Франктердің басында Меровингтер руының ақсүйегі 19 жасар Хлодвиг тұрды. Франк көсемдерін ығыстыра отырып, Хлодвиг галл мемлекетінде тəртіп орнатуды көздеді. Франктер Рим территорясында империя құлағанға дейін пайда болды жəне императорға қызметке тұрып, олардың ішкі ісіне араласа бастады. Меровей руының ұрпағы басқарғандықтан, франктер əулеті V ғасырдың бірінші жартысы мен VІІІ ғасырдың аралығын «Меровингтер патшалығы» деп атады. Бұл əулеттің патшалары салт-дəстүр бойынша ұзын шаш өсірді. Ол наным-сенімге байланысты болды. Хлодвиг – франк патшаларының арасында бірінші болып шоқынған адам. Григорий Турский франк патшаларының қулығын, қатігездігін суреттейді. Салий франктерінің тайпалары батыс герман тайпаларының үлкен тобына жатады. ІV ғасырдан бастап Рейннің төменгі ағысына Рим федераттары құқығында орналасты. V ғасырда Сомм өзеніне дейін өздеріне тиесілі территорияның аймағын кеңейтті. Əскери жорықтардың нəтижесінде салий франктерінің билігі нығайып , беделі өсті. V ғасырда барлық франк корольдері Меровинг руына жатты. Корольдік билік мұра бойынша қалдырылғанымен, əскери демократияның белгілері де сақталды. Суассон түбіндегі ұрыстан 22 жыл өткен соң Хлодвиг Галлияның басым бөлігін иеленген еді. Хлодвигтің билігін Византия императоры Анастасия мойындап, өз елшілерін жіберді. Хлодвигтің ұлдарының тұсында VІ ғасырдың аяғында Франк мемлекеті Пиренейден Жерорта теңізіне дейінгі баварлар мен тюрингтер қоныстанған Рейннің оңжағалауын иеленген ұлан-ғайыр территория болды. Франк территориясының басым бөлігі V ғасыр бойы Рим билігінің қолында болды. Сондықтан Галлия өмірінің барлық қырына Рим əсері болды. Хлодвигтің тұсында Аквитания (507), оның ұрпақтары тұсында Бургундия (534) жауланып алынды. 536 жылы остготтардан Прованс тартып алынды. VІ ғасырдың ортасында франк патшалығы Галлиядағы Рим провинциясының барлық территориясын құрамына қосты. Рейннің жағалауындағы біршама герман тайпаларын да өзіне бағындырды. Алемандар, баварлар, сакстер франктерге жыл сайын салық төлеп тұрды. Франк патшалығы Еуропа құрлығындағы барлық варварлық мемлекеттердің ішінде ұзақ өмір сүрді жəне құрамына көптеген территорияларды қосып алды. Франк державасының тарихы феодалдық қатынастардың пайда болу кезеңінен, Каролингтік империядағы оның гүлденуіне дейінгі феодалдық үрдістен көрініс береді. Бұл жердегі феодалдану үрдісі кейінгі рим жəне германдық рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы нəтижесіндегі синтезден пайда болды. Галлияны жаулап алғаннан кейін мемлекеттің даму жолын реттеу қажеттілігі туды. Осы мақсатта «Салика заңы» жазылды. «Салика заңы» 65 баптан тұрады. Франктердің герман диалектісінде жазылған. Галлияның жергілікті тұрғындарының латын тілінде сөйлегеніне қармастан «Салий заңында» латын тілі тек ақшалай бірлікте ғана қолданылған. «Салика заңы» – феодализм генезисінің күрделі дəуіріне жататын қызықты деректердің бірі жəне ол кіріспеден, 65 тараудан, қорытындыдан тұрады. Шама- 3-тарау. Франк державасындағы феодализмнің дамуы 35 мен баптарды төмендегідей топтарға бөлуге болады: 1. Сот жəне сот ісі. 2. Қылмыстық құқық, оның өзі бірнеше тарауларға жіктеледі: а) кісі өлтіру туралы баптар – жарақаттау, балағаттау, өтірік айту, т.б. ə) меншікке қарсы қылмыс – ұрлық, талан-тараж. 3. Азаматтық құқық: а) рейпустар, ə) қоныс аударушылар, б) мүлікті жалға беру, в) туысқандықтан бас тарту. Заң екі бөлімнен тұрады. 486-596 жылдары жазылған негізгі бөлім жəне Ұлы Карл тұсындағы «Қосымшалар». «Салика заңының» ерте германдық деректерден жəне Рим заңгерлері құрастырған заңдардан ерекшелігі бар. Заңда қылмыскер мен ұрыға қандай жаза қолданылатындығы ашып айтылмаған. Кісі өлтіргені үшін вергельд төлеуі қажет, бірақ олардың құны əртүрлі. Мысалы, ерікті франкке қарағанда галло римдікке аз мөлшерде айып төленген. Құлдар мен тəуелді адамдардың қылмыстары бөлек қаралады. «Салика заңы», сонымен бірге өз заманының тұрмыс-тіршілігінен де мəлімет береді. Мысалы, «Салика заңы» бойынша франктердің шаруашылығы германдықтарға қарағанда анағұрлым жоғары болғандығын байқауға болады. «Салика заңы» салий франктеріне арнап шығарылған. Салий франктерінің өзі кейін Батыс аралды жəне Токсандрияны мекендеген (бұрын Иссельд өзенінің жағасын мекен еткен) Хавка тайпаларынан шыққан. VІІ ғасырда франктердің ең негізгі кəсібі егіншілік болды. Жерді қос танаптылықпен алмастыру басым болды. Егіндік жəне шабындық үлестер мұрагерлік жеке пайдалануларда болды. Жанұяның кіші жанұяға бөлініп кетуін «Салика заңы», «Аллодтар туралы» LІХ тарауының мазмұны толық дəлелдейді. Бұл тарауға сəйкес жер мұралану салты бойынша емін-еркін атадан балаға көшіріліп отыруға немесе сыйлыққа тартылуға тиіс болды (тек еркек жынысына ғана). Патша Хильпериктің (561-584) өзгертуі бойынша, туған қызы, апа-сіңлісі де иелене алды. Ерікті франктің жер үлесі «аллод» деп аталды. Хлодвигтің тұсындағы негізгі əскер жаяу əскер болды. Хлодвиг əскері туралы мəліметті Г. Турскийден алуға болады. Хлодвиг 511 жылы 27 қарашада қайтыс болады. Оны өтініші бойынша «Қасиетті Женевева» моласының жанына жерледі. Хлодвиг өлгеннен кейін Тьерни, Хлодомир, Хильдебер жəне Клотар атты балалары патшалық мұраны өзара бөлісіп алды. Меровингтік франк патшалығында меншіктік иелікті үлеске бөлуге болатындығын жəне мұраға беретіндігі көрінді. Нəтижесінде Хлодвиг ұрпақтары тұсында патшалық бөліне бастады, ал мұрагерлер арасында күрес өршіді. VІІІ ғасырдың басында Меровингтердің ішкі қырқыстан əлсіреген мемлекетіне жаңа қауіп төнді: бүкіл солтүстік Африкадан Гибралтарға дейін жүріп өтіп, Пиреней жарты аралын жаулап алған араб мұсылмандары Галлия қарамағына келіп тұрақты түрде қоныстанды. Мемлекетке төнген қауіпті қайтару үшін үлкен күш жəне терең қоғамдық, саяси тəртіпті қайта құру қажет болды. Франк мемлекеті VІІ ғасырда құлдырауды басынан өткерді, ел бірнеше бөліктерге бөлініп кетті, олар – Нейстрия, Австразия, Бургундия жəне Аквитания. Меровиг əулетінің жерді таратуы корольден тəуелсіз ірі меншік иелерінің пайда болуына алып келді. Хлодвиг тұсындағы «март алаңы» оның өлімінен кейін (511) тарап кетті. Бұл дəстүр тек Австразияда ғана тоқтатылған жоқ. Жыл сайын март айында бүкіл франк халқы король алдында қаруларын тексеру үшін жиналуға міндетті болды. Бұл көктемдік жиын «март алаңы» деп атала бастады. 36 Орта ғасырлар тарихы Меровинг руынан шыққан корольдердің орнына майордомдар билікке келеді (VІІ ғасыр). Майордомдар алғашқы кезде франктер ауласында қызмет ететін үй басқарушылары еді. Ақырғы жылдары бұлар жалпы мемлекеттік саяси билікке араласып, биліктің барлық салаларын қолдарына шоғырландыра бастады.
Хлодвиг мирасқорларының тұсында мемлекеттің бөлшектенуі. Ірі жер иеленудің жəне ірі жер иелерінің жеке биліктерінің өсуі Хлодвигтің ұлдарының тұсында король өкіметінің əлсіреуіне əкелді. Жерді үлестіріп берудің нəтижесінде корольдің домендік жер иеліктері табыстарының, едəуір бөлігінен айырылып қалу салдарынан, франк корольдері ірі жер иелерінің сепаратизмін тоқтата алған жоқ. VІ ғасырдың аяғында Франк мемлекетінің құрамында үш дербес аймақтың оқшаулануы байқалды. Нейстрия аймағы – орталығы Париж болған солтүстікбатыс Галлия; Австразия аймағы – Франк мемлекетінің солтүстік-шығыс бөлігі. Бұған Рейн мен Маастың екі жағалауындағы ежелгі франк аймақтары кірді. Бургундия аймағы – Франк мемлекетінің құрамына енген бұрынғы бургунд корольдігінің территориялары. VІІ ғасырдың аяғында Нейстрия аймағының құрамынан оның оңтүстік бөлігі Аквитания бөлініп шықты. Франк мемлекетінің негізін құрған төрт аймақтың араларында халықтарының этникалық құрамы мен əлеуметтік құрылысының ерекшеліктері жəне ең алдымен феодалдандыру дəрежесі жағынан да елеулі айырмашылықтары болды. Нейстрия аймағында франктердің жаулап алу қарсаңында романдану процесі жоғары деңгейде болды жəне жауланып алынғаннан кейін халықтың ең күрделі бөлігі болып табылған галло-римдіктер корольдіктің басқа аймақтарымен салыстырғанда франктермен араласып, сіңісіп кетті. VІ ғасырдың аяғына қарай ірі шіркеулік жəне ақсүйектік жер иеленушілік үлкен маңыз алып, ерікті шаруалардың жойылу үрдісі тездетілді. Халықтың негізгі көпшілігі франктерден жəне басқа да бағынышты герман тайпаларынан құралып, галло-римдік тəртіптердің ықпалы əлсіздеу болған Австразия аймағында VІІІ ғасырдың басына дейін қарапайым қоғамдық құрылыс сақталып келді. Қауым марка өте баяу ыдырады. Қауым марканың құрамына енген жəне əскери жасақтың негізін құраған ұсақ ерікті жер иелері – аллодшылар бұрынғысынша үлкен рөл атқара берді. Феодалдар тобының негізін ұсақ жəне орта феодалдар құрады. Олар орталық өкіметтің саясатының негізгі тірегі болып табылды. Шіркеулік жер иелену Нейстрия аймағына қарағанда шамалы болды. Галло-римдік халық германдықтармен араласып кеткен Бургундия мен Аквитанияда да ұсақ ерікті шаруашылық жəне орташа поместьелі жер иеленушілік ұзақ сақталды. Сонымен қатар ірі жер иеліктері, əсіресе шіркеулік иеліктер болды, ал ерікті қауым VІ ғасырда барлық жерде жойылып бітті. Бұл аймақтардағы феодал- 40 Орта ғасырлар тарихы дық қатынастардың даму дəрежесіндегі айырмашылықтар, экономикалық қарымқатынастардың нашарлығы, сол кезде үстемдік еткен натуралды шаруашылықтар бір мемлекет ішінде бірігіп бас қосуларына бөгет жасады жəне олардың билеп төстеушілерінің арасында соғыстардың жүргізілуіне негіз жасады. Төрт аймақтың бəрінде ірі жер иелерінің саяси ықпалының күшеюі VІІ ғасырдың аяғында мемлекеттегі өкімет билігінің майордомдардың қолына өтуге алып келді. Алғашқыда, бұлар корольдің ауласын басқарушылар еді. Кейін майордомдар ірі жер иелеріне айналды. Корольдік аймағының басқару жұмысының бəрі майордомның қолында шоғырланды. Франк корольдігінің төрт аймағының əрқайсысында майордом жергілікті аристократияның жеңілдіктерін қорғаушы көсемі жəне əскери қолбасшысы болып саналды. Майордомдардың қолдарында алымсалықты жинау ісі де шоғырланды. Меровингердің əулетінен шыққан корольдер нақты өкімет билігінен айырылып, тек корольдік титулды ғана сақтап қалды. Франк ақсүйектерінің арасындағы ұзаққа созылған күрестен кейін 687 жылы Австразияның майордомы Пипин Геристальский бүкіл Франк мемлекетінің майордомы болды. Франк мемлекетінің Австразия майордомының басқаруымен қайтадан бірігуі осы аймақтағы əлеуметтік құрылыстың ерекшелігімен түсіндіріледі. Корольдікті феодалдандыру процесінде Австразия майордомдары ұсақ жəне орта феодалдарға, ерікті аллодтарға сүйенді. Австразия майордомдары Франк мемлекетін өз қол астына жинап, бағындырып, қайтадан біріктірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет