1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»


-7 ғ франк қауымы және оның эволюциясы.Рулық байланыстардың ыдырауы



бет7/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
джт билет

8.5-7 ғ франк қауымы және оның эволюциясы.Рулық байланыстардың ыдырауы
«Салика заңы» мəліметтері бойынша франктердің жүргізген шаруашылығы. «Салика заңы» – франктердің шаруашылық жағынан даму дəрежесі, біздің заманымыздың ІІ ғасырының аяғында Тацит сипаттаған ежелгі германдықтардың шаруашылық дəрежесімен салыстырғанда анағұрлым жоғары болған. VІ ғасырда франктердің ең негізгі кəсібі болған егіншілікте, сірə, жердің неғұрлым қарапайым жатып тыңайған жүйесін қос танаптылықпен алмастыру үстем болса керек. Егістік жерді мезгіл-мезгіл қайта бөлісу тоқтатылды, өйткені егіншілік кəсібінің неғұрлым интенсивті түрде дамуын қиындата берді. Дəнді дақылдардан – қара бидай мен бидайдан, сұлы мен арпадан басқа, франктер бұршақ тұқымдастар мен жөкелерді екті, бақша мен бау-бақшаларды жəне жүзімдіктерді егіп өсіре бастады. Франктерде егістік жерді жақсылап қопсытатын темір түренді соқаны пайдалану ісі кең таралды. Ауылшаруашылық жұмыстарында, негізінен, өгіздер, аттар, қашырлар мен есектерді пайдаланды. Егістік жерді өңдеп ұқсату, баптау əдістері де жақсартылды: жерді екі немесе үш рет айдап, оны тырмалау, жерге көң төгіп тыңайту, егіннің арам шөптерін отап тазарту жəне астықты шынжыр көмегімен бастыру сияқты жұмыстар əдетке айналды; жай қол диірменнің орнына су диірменін пайдалану кең етек алды. Франктердің шаруашылығында үлкен рөл атқаруға айналған малшаруашылығы анағұрлым өркендеп дами түсті. Франктер ірі қара мен ұсақ малдарды – қой мен ешкіні, əсіресе шошқаны, сондай-ақ үй құстарының əр түрлерін мейлінше көп өсірді. Сонымен бірге франктер аңшылық, балық аулау жəне ара шаруашылығымен де айналысты. Шаруашылықтағы алға жылжушылықтар франк қоғамының тек ішкі дамуының нəтижесі ғана емес, сонымен қатар жаулап алынған римдік территориядағы ауылшаруашылығының ең жетілген əдістерін франктердің пайдалана білуінің нəтижесі болды. Франк қауымы «Салика заңы» бойынша. «Салика заңы» бойынша, астық пен малды құстар мен қайықтарды жəне ауларды ұрлағаны үшін салынатын айыптар сол дəуірдің өзінде франктерде жылжымалы мүлікке жеке меншіктің бар болғандығын жəне оны заңның қатал қорғағандығының айғағы. «Салика заңы» əлі де болса жерге жеке меншікті білмейтін еді. Əрбір деревняның шеңберінде тұрғындардың ұжымы – қауымның негізін құрушы егіншілер сол жердің меншік иелері болып табылатын. «Салика заңы» көне замандағы мəтінде көрсетілгендей Галлияны жаулап алғаннан кейінгі алғашқы дəуірдің тұсында франк қауымдары көлемі жағынан əртүрлі жəне өзара бір-бірімен жақын туыс жанұялардан құралған қоныстар болып табылады. Бұлар көбінесе туысқан үш ұрпақтың – əкесінің жəне балаларының бірлесіп шаруашылық жүргізіп отырған үлкен жанұя болды. Мұнымен қатар «Салика заңы» франктердің арасында шағын дара жанұяның пайда бола бастағанын да дəлелдейді: мысалы, тұрғын үйлер мен үй маңындағы жер бөліктері сол кездің өзінде ақ жеке-жеке үлкен жəне кіші жанұяның жеке меншігінде, ал егістік жəне шабындық үлестер олардың мұрагерлік жеке пайдаланула- 3-тарау. Франк державасындағы феодализмнің дамуы 37 рында болған. Əдетте бұл үлестерді қоршаумен қорғап, оларға бөтен біреулердің кіруінен, зорлық-зомбылық жасауынан айыптар салумен қорғап отырған. Мұрагерлік үлестерге емін-еркін иелік құқығы жеке жанұяға емес, қауымның барлық мүшелеріне берілді. Франктердің жерге жеке меншігі V ғасырдың аяғында үлкен жанұяның ыдырап, олардан кіші жанұяның бөлініп шығуларының нəтижесінде пайда болды. Мұны «Салика заңының» «Аллодтар туралы» тарауының мазмұны толық дəлелдейді. Бұл тарауға сəйкес жылжымалы мүлікке қарағанда жер мұралану салты бойынша атадан балаға көшіп отыруға немесе сыйлыққа тартылуға тиісті болды. Өлген қожайынның ұлдары болмаған күнде оның жері қауымның билігіне көшіп отырды. Мұны король Хильбериктің «Салика заңының» жоғарыда аталған тарауына өзгерту енгізу жөніндегі эдиктісінен айқын көруге болады. Бұл өзгерту бойынша өлген қожайынның ұлдары болмаған күнде оның жерін туған қызы немесе өлген адамның аға-інісі, апа-қарындасы мұраға алуға тиісті болды. Мұнымен қатар қауымның өз меншігіндегі емес, мүшелерінің жеке пайдалануларындағы жəне өзінің бақылауына жататын жерлерге де бірқатар құқықтары болды. Деректерге қарағанда франктердің егіншілік кəсібінде «ашық танап жүйесі» болса керек. Егінді жинап алғаннан кейінгі барлық егістік үлестер жəне шабындық үлестер ортақ жайылымға айналдырылды жəне бұл уақытта оларды қоршаған шарбақтар алынып тасталынды. Парға арналған жерлер де ортақ жайылым ретінде пайдаланылды. Мұндай тəртіп қауымның барлық мүшелері үшін ауыспалы егістің болуын аңғартады. Үй маңындағы шаруашылық пен егістік жəне шабындық үлестерге кірмейтін жерлердің бəрі де ортақ иелікте қала берді. Қауымның əрбір мүшесінің осы пайдаланатын жерлерден алатын тең үлестері болды. «Салика заңының» кепілдігіне қарағанда франк қоғамының шаруашылық жəне əлеуметтік ұйымының негізі болған қауым V-VІ ғасырларда егіншілік қауымнан, көршілес қауым – маркаға өткен. Бұл қауым маркада енді шағын жанұялардың үлестік жерге жеке меншіктігі үстемдік етті, ал орман-тоғаймен бос жатқан жерлерге жайылымдарға қауымдық меншік сақталып қала берді. Галлияны жаулап алғанға дейін франктерде жердің жеке меншік иесі жеке-жеке үлкен жанұяларға ыдырап, бөліне бастаған ру болған еді. Мүліктік жəне əлеуметтік жіктелудің басталуы франктердің рулық қарым-қатынасын əлсіретіп, үлкен жанұялардың ыдырап жəне олардан дара кішкене жанұялардың шығуларын даярлады. Жаулап алу кезеңіндегі жорықтармен жаңа территорияға бытырап қоныстанушылық рулық қарым-қатынастарды əлсіретіп, жаңа территориялық қарым-қатынастардың қалыптасу үрдісін тездетті. Осы жаңа территорияларда көршілер қауымы – марка қалыптасып орнықты. Аллод жəне қауым-марка. VІ ғасырдың аяғында ерікті франктердің мұралық үлестері толық жер меншігіне айналдырылды. Бұл «аллод» деп атала бастады. Бұрын «Салика заңында» мұра біткеннің бəрі осы терминмен аталған еді. Жылжымалы мүлікке үйлестіріп қарау жағынан аллод меншік ұғымында, ал жерге үйлестіру жағынан тек қауым мүшесінің мұралық үлесі ретінде ғана қаралды. Бірақ бұл үлеске қауым емін-еркін қожалық ете алмады. Король Хильдериктің жоғарыда көрсетілген эдиктісі қауымдастардың мұрагерлік құқығын ұлғайту арқылы іс жүзінде қауымның өз мүшелерінің үлесіндегі жерге қожалық ету құқы- 38 Орта ғасырлар тарихы ғын жойды. Бұл жер бұдан былай өсиет етіп қалдыруға, сыйға тартуға, біртіндеп сатып жіберу-сатып алу объектісі болуға айналды, яғни қауым мүшесінің жеке меншігіне айнала бастады. Аллодтың пайда болуына байланысты егінші қауымның көршілік қауым-маркаға, территориялық қауымға айналу үрдісі аяқталды. Қауым-марка енді руластардан емес, көршілерден құралды. Қауым-марка мүшесінің əрқайсысы шағын жанұяның иесі болып табылды жəне өзінің жер үлесі аллодтың толық иесі болып саналды. Қауымның құқығы марканың тек əлі бөлінбей жатқан жерлеріне ғана жүретін еді. Бұл жерлер бұрынғыдай қауым мүшелерінің пайдалануларында қала берді. VІ ғасырдың аяғына таман кейбір шалғындық жерлер мен орман учаскелері жеке қауымдастардың аллодтық меншігіне көше бастады. VІ ғасырдың аяғында франктерде қалыптасқан қауым-марка қауымдық жер иеленудің ең соңғы түрі болып табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет