1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»


-11 ғасырдағы Батыс Еуропаның феодалдық құрылысының негізгі белгілері.Феодалдық иерархия.Инвеститура.Оммаж



бет14/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
джт билет

14. 9-11 ғасырдағы Батыс Еуропаның феодалдық құрылысының негізгі белгілері.Феодалдық иерархия.Инвеститура.Оммаж
ІХ-ХІ ғасырлар аралығында феодализм Батыс Еуропаның көптеген елдерінде орнығып болды.
Каролинг империясы құлағаннан кейін 843 жылғы Верден шартының нəтижесінде іргесі бекіген үш мемлекеттен келесі ғасырларда Франция мен Германия ғана одан əрі өмір сүрді. Саяси жəне этникалық тұтастығы жоқ, Лотарь мемлекетінің тағдыры басқаша қалыптасты. Бұл мемлекет Лотарь өлгеннен кейін ыдырады да, оның орнына жаңадан үш корольдік пайда болды: Италия (Солтүстік жəне орта Италияны қоса есептегенде), Прованс (Рона алқабы мен Жерорта теңізі жағалауында) жəне Лотарьдың ұлы – ІІ Лотарьдың есімімен аталған Лотарингия. 870 жылы Мерсен біті- мі бойынша Франция королі (Батыс Франк корольдігі) мен Герма- ния королі (Шығыс Франк корольдігі) Лотарингияны өзара бөлісіп алды. Германия солтүстік жəне оңтүстік-шығыс бөлігін иемденіп, Францияға оңтүстік-батыс бөлігі қосылды. Бұдан кейінгі уақыт- тарда Лотарингия немесе оның жеке аймақтары біресе Германия, біресе Франция қолына көшіп отырды, сөйтіп, екі ел арасындағы күрестің негізгі аренасына айналды. Х ғасырдың басында (925) Лотарингия Германияның құрамына кірді де, 959 жылы екі герцог- тікке бөлінді, жоғарғы Лотарингия (кіші Лотарингия аты сақталып қалған Мозель өзені ағысы бойындағы аймақ) жəне төменгі Лотарингия (кейін Брабант, Геннегау, Люксембург, Кельн архиепископтығы жəне бас- қа да бірнеше феодалдық иеліктерден құрылған Шельда, Маас, Рейн арасындағы аймақ).
Еуропаның солтүстігінде ІХ-ХІ ғасырларда Скандинавия елдері – Дания, Норвегия, Швеция феодалдық даму жолына түсті. Бұл елдерде алғашқы феодалдық мемлекеттердің қалыптасу процесі Батыс Еуропаның басқа елдеріне қарағанда əлдеқайда кейін басталды. VІІІ ғасырда дат корольдігі құрылды, ІХ ғасырда Норвегия корольдігі, ал ХІ ғасырда Швеция корольдігі қалыптаса бастады.
Батыс Еуропаның көптеген елдерінде феодалдық қатынастардың қалыптасу процесі ІХ-ХІ ғасырларда аяқталды. Италияда, Францияда феодалдық құрылым, негізінен, Х ғасырда аяқталса, Англия мен Византияда бұл процесс ХІ ғасырдың аяғында, ал Германияда тек ХІІ ғасырдың басында орнықты. Скандинавия елдерінде феодалдану процесі мүлде баяу жүрді. Ұсақ жеке жер иеленулермен қатар феодалдық вотчина үстемдік етті. Шаруалардың басым бөлігі жер иеленушіге бағынышты болды. Экономикадан тыс қанау феодалдық рента ретінде көрініс берді. Ерікті селолық қауым тəуелділікке түскен қауымға айналды. Феодализмнің ал- ғашқы сатысында натуралды шаруашылық үстемдік етті, айырбас, сауда байланыстары жеткіліксіз дамыды. Батыс Еуропа елдерінің ірі поместьелерінде еңбекпен өтеу рентасы жəне шаруашылықтың барщиналық жүйесі болды. Алғашқы қала тұрақтары, рыноктық орталықтар, Оңтүстік жəне Солтүстік Еуропада теңіз саудасы үшін порттар қалыптаса бастады. Əлеуметтік-саяси қатынастарға тəнсипат жерге феодалдық меншік пен феодалдың саяси билігі еді. Ірі вотчина тек шаруашылық бірлік қана емес, тəуелсіз мемлекет-сеньорияға айналды. Өз иелігіндегі тұрғындарға байланысты феодал тек жер иеленуші ғана емес, қолына соттық, əкімшілік билік, əскери-саяси күштерді жинақтаған сеньор болды. Қоғамның осындай ұйымы Х-ХІ ғасырларда Еуропада саяси бытыраңқылықтың қалыптас- уына алып келді.
Шаруалар өз қожайынына жеке басы жəне саяси тұрғыда бағынышты еді. Батыс Еуропа елдеріндегі феодалдар арасындағы қатынас феодалдық иерархия принципі бойынша қалыптасты. Иерархияның басында король тұрды. Ол феодалдардың сеньоры, феодалдық иерархияның басшысы еді. Сатының корольден ке- йінгі баспалдағын ірі ақсүйек жəне діни феодалдар иеленді де жерді көп жағдайда корольден алып отырды. Бұлар титулданған ақсүйектер: герцогтер, графтар, ар- хиепископтар, епископтар жəне ірі монастырьлардың аббаттары еді. Формальді түрде корольге вассал ретінде бағынғанымен, іс жүзінде тəуелсіз еді. Себебі соғыс жүргізді, ақша шығарды, кейбір жағдайларда өз иеліктерінде жоғарғы соттық би- лікті де атқарды. Олардың вассалдары, əдетте ірі жер иеленуші барондар бір саты төмен тұрғанымен, өз иеліктерінде саяси билікті қолына жинақтады. Барондардан төменгі сатыда ұсақ феодалдар – рыцарьлар тұрды. Рыцарьлар үстемдік етуші топтың төменгі сатысын иеленгендіктен, көбіне вассалдары болған жоқ. Вассал- дар тек тікелей өз сеньорына ғана бағынды. Англиядан басқа Батыс Еуропа елде- рінде «Менің вассалымның вассалы менің вассалым емес» деген қағида іске асты. Шіркеу феодалдарының арасында өзіндік иерархия болды.
Вассалдық қатынастардың негізін феодалдық жер иелену – «феод», немісше «лен» құрады. Вассалға феодты беру, иелікке ену «инвеститура» деп аталды. Инвеститура қабылдау сəтінде салтанатты шеру жасалды. Вассалдық бағыныштылыққа түскен адам «оммаж» əкелді. Француздарда бұл процесс «фуа» деп аталды. Х-ХІ ға- сырларда Еуропада бекіністер көптеп пайда болды. Ол феодалдың саяси, соттық, əкімшілік, əскери билігінің орталығы болды. Х ғасыр бойы бекіністер екі қабатты ағаш мұнаралар еді. Мұнараның жоғарғы қабатын феодал иеленсе, төменгі қабатын жасақ пен қызметшілер иеленді. ХІ ғасырдың басынан бекініс тастан қаланып са- лына бастады. Орталығында көп қабатты мұнара «донжон» болды. Мұнаралардың ең төменгі қабаты түрменің рөлін атқарды. Шаруалар əскери қызметтен толық боса- тылды. Бекініс пен деревня арасындағы қарым-қатынас күрделі болды.
ІХ-ХІ ғасырларда Еуропада феодалдық бекіністер қаптап кетті. Бекініс – фео- далдың əдеттегі тұрағы, сыртқы жаулардан, көрші феодалдардан, көтеріліске шыққан шаруалардан қорғанатын қамалы болды. Бекініс феодалға жақын маңдағы округтерге үстемдік жүргізіп, тұрғындарын бағыныштылықта ұстауға мүмкіндік берді. Көптеген бекіністер арабтардың, нормандардың, венгрлердің шапқыншы- лықтарына байланысты салынды. Бекіністер, əдетте орманды төбелерге, төңіректі бақылауға мүмкіндік беретін жəне дұшпаннан қорғануға жеңіл өзендердің биік жағалауына тұрғызылды. Х ғасырдың аяғына дейін бекіністер көбіне ағаштан са- лынып, екі қабатты мұнараға ұқсас етіп тұрғызылды. Жоғарғы қабатта феодал, төменде жасақшылар мен қызметшілер тұрды. Бекіністі айнала дуалдар соғылып, су толтырылған ор қазылды. Ор үстіне көтерме көпір салынды. ХІ ғасырдың басында феодалдар екі немесе үш биік тас дуалдармен қоршалған, бұрыштарына жауынгерлер мен бақылау мұнаралары қойылған тастан бекіністер сала бастады. Ортасында бұрынғыша көп қабатты мұнара – феодал мен оның семьясының қа- шып тығылатын орны болды. Соғыс техникасының сол кездегі дəрежесінде мұн- дай тас бекіністерді шабуылмен алу өте қиын еді. Əдетте, бекініс көп күндік қор- шаудан кейін ғана жауға берілетін.
Х-ХІ ғасырларда Еуропадағы əскердің негізгі түрі атты əскер болды. Əр- бір феодал сеньорға атты əскер қатарында қызмет етуге міндетті болды. Барлық феодал-жауынгерлердің арасында «рыцарь» – салт атты жауынгер сөзі осыдан шыққан. Бұл кездегі рыцарьлардың негізгі қаруы семсер мен ұзын найза болды. Сауыт пен қалқан қорғаныс үшін қызмет етті. Кейінірек ХІІ-ХІІІ ғасырларда ры- царь сауыттары пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет