5.Феодализм генезисі проблемасындағы теориялар «Феодализм» термині тарих ғылымында ХVІІІ ғасырдан бастап кеңінен қолданыла бастады. Термин орта ғасырлардағы Батыс Еуропа елдеріндегі шартты жер иеліктері атауларын білдіретін латынның «feodum» – феодализм сөзінен шыққан. Феодализмнің пайда болуын тарихнамада əртүрлі түсіндіреді. Кейбір ғалымдар феодализмнің басты ерекшелігі ретінде саяси бытыраңқылықты қарастырса, Монтескье мен Мабли бастаған топ феодализмді феодтар жүйесі жəне феодалдық иерархия ретінде анықтайды. Осындай əртүрлі көзқарастарға байланысты тарихнамада бес теория қалыптасты. Бұл теориялар қалыптасқанға дейін əртүрлі бағытта дами берді. Мысалы, ХVІІ-ХІХ ғасырлар аралығында реакцияшыл-романдық бағыт пайда болды. Оны ұстанушы ғалымдар (Л. Бональд, Л. Мюллер, Г. Лео, Э. Берк) феодализмнің тууы туралы мəселеде көбіне германдық көзқарастарды жақтады. Олар бұл кезеңді «алтын ғасыр» деп көрсетті. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Францияда О.Тьери мен Ф. Гизоның жетекшілігімен қалыптасқан медиевисттер мектебі ағартушылық дəстүрді жалғастырды. Бұл феодализмнің қалыптасуын жаулап алушылықтармен, оның ішінде германдық-романдық мəселемен байланыстырды. Гизо феодализмнің негізгі белгілері ретінде жерге жеке меншіктің шарттылыққа ие болуы деп дəлелдеді. ХІХ ғасырдың 70-90 жылдары неміс медиевистикасы вотчиналық теорияны ойлап тапты. Бұл теория бойынша вотчина ортағасырлық қоғамның қалыптасуы мен дамуына əсер етуші прогрессивті күш болып табылады. Вотчиналық теорияның өкілдері Инама-Штернег, Лампрехт ірі вотчинаның пайда болуы феодализм генезисінің негізгі мазмұны болғандықтан, маркалық ұйымды бірте-бірте ығыстырып шығарды деп есептеді. Германистік бағыт ұстанған Инама-Штернег пен Лампрехт вотчинаның пайда болуы мен таралуын түсіндіріп берді. Вотчиналық теория вотчина иелері мен шаруалар арасындағы қарым-қатынас таптық күреспен емес, экономикалық мүдделердің ортақтығымен сипатталады деген пікірді ұстанды. ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Еуропа медиевистикасында классикалық вотчиналық теориясы кең өріс алды. Лампрехт, Инама Штернегтің ізін қуушылар – К. Бюхер (Германия), Н.Д. Фюстель де Куланж, Э. Глассон, А. Сэ (Франция Т. Роджерс, У. Кеннингель, Ф. Сибом (Англия), М.М. Ковалевский, П.Г. Виноградов, Н.И. Кареев (Ресей). Олар натуралды шаруашылық үстемдік еткен замандағы помещиктік жер иелеріне тəуелді шаруалардың барщиналық еңбегіне негізделген ірі вотчина феодалдық құрылыстың негізін құрайды деп есептеді. Классикалық вотчина теориясының өкілдері феодализмді тек саяси-заңдық тұрғыда ғана емес, əлеуметтік-экономикалық жағынан да сипаттады. Вассалдық-лендік жүйені анықтады, вотчиналық немесе сеньориалдық (Англияда манориялдық) құрылыс жəне шаруалар мен сеньорлардың арасындағы қарым-қатынастарды жəне натуралды шаруашылықты олар соңғы экономикалық жағдайда қарастыра отырып, оны феодализм шеңберінен шығарып тастады. М.М. Ковалевский, П.Г. Виноградов феодализмнің сипаттамасына əлеуметтік-экономикалық белгілерді қосты, бірақ бұл құрылысты бірдей факторлардың жиынтығы ретінде түсіндірді. Классикалық вотчиналық теорияны ұстанушылар феодализмнің генезисін меншіктік қатынастармен қоғамдық əлеуметтік құрылыс емес, натуралды шаруашылық жағдайындағы елдердің əскери күш арқылы мемлекет басындағы билікке біреудің келуі қажет болды деп санайды. ХІХ-ХХ ғасырлар басында медиевистикада сыншыл бағыт пайда болды. Бұл бағыт Маурердің марка теориясын, вотчиналық теорияны қайта қарауды талап етті. Сыншыл ағымның өкілдері феодализмді тек саяси тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Олардың пікірінше, орта ғасырларда саяси билік корольдің немесе вотчина иелерінің қолдарында болғанына қарамастан, бүкіл қоғамның мүддесіне қызмет етті жəне вотчина иелерінің шаруаларды бағындыру құралы болған жоқ дегенге сайды. Сынау ағымының Англиядағы өкілі Ф.В. Мэтланд манориалдық жəне қауымдық теорияларды ревизиялады. Ол феодализмнің экономикалық мəнін мойындамай, оны феодалдық құқық жүйесіне жатқызды. Белгиялық тарихшы Анри Пиренн феодализм генезисі туралы жаңа теория ұсынды. Натуралды шаруашылық үстемдік еткен кездегі феодализм туралы позитивтік көзқарасты жəне тауар-ақша қатынасын тірек етті. А. Пиренн феодализм генезисін тек сыртқы факторлармен, араб жаулап алушылығымен, халықаралық сауданың құлдырауымен байланыстырды. Көптеген халықтар феодализмге ішкі даму жолы арқылы келді деген қорытынды жасауға да болады. Қазіргі кезде тарихнамада талас тудырып отырған келесі мəселе – континуитет жəне дисконтинуитет, яғни эволюциялық немесе секіріс арқылы даму. Сонымен, феодализм генезисіне байланысты пікірталастар тарихнамадағы феодализм теориясының қалыптасуына алып келді. Атап көрсетсек, маркалық, вотчиналық, классикалық вотчиналық теориялар жəне сыншыл бағыт.