1. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін жүргізілетін іс-шаралар



бет16/35
Дата31.08.2023
өлшемі108,25 Kb.
#105720
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
Шұғыл көмек

Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу
Осы Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылды:

    1. Антисептика – емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық үдерістің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, сілемейлі қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы ықтимал қауіпті микрооргнизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою тәсілдерінің жиынтығы;

    2. Антисептиктер – антисептика жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар;

    3. Антибиотиктер – микроорганизмдердің өсуін бәсеңдететін, шығу тегі табиғи немесе жартылай синтетикалық дәрілік препараттар;

    4. Ауруханаішілік инфекция (бұдан әрі – АІИ) – пациенттің денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтерді алуымен байланысты бактериялық, вирустық, паразиттік немесе грибоктен пайда болатын кез келген инфекциялық ауру немесе қызметкердің медициналық ұйымда жұмыс істеуі салдарынан пайда болатын инфекциялық ауру

    5. Дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою бойынша шаралар кешені;

    6. Дезинфекциялық құралдар – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар;

    7. Инфекцияның көзі – микроорганизмдердің жиналуын, өсуін, көбеюін және қоршаған ортаға бөлінуін қамтамасыз ететін олардың өмір сүруінің табиғи ортасы;

    8. Инфекциялық бақылау – ауруханаішілік инфекциялардың туындауының және таралуының алдын алуға бағытталған ұйымдастыру, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүйесі;

    9. Инкубациялық кезең – инфекция қоздырғыштары организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;

    10. Инфекциялық бақылау маманы – АІИ-ның алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыратын, олардың орындалуын бақылайтын, медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау мәселелері бойынша персоналды оқытуды және АІИ-ның мониторингін қамтамасыз ететін дәрігер-эпидемиолог және/немесе арнайы оқытылған мейірбике;

    11. Инфекциялық бақылау стандарттары – инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;

    12. Медициналық ұйымға инфекцияның әкелінуі – стационарға түскенге дейін болған және стационарда пайда болған немесе анықталған инфекциялық аурулар;

    13. Медициналық манипуляциялар жүргізу алгоритмі – ауруханаішілік инфекциялардың дамуы тәуекелін азайту мақсатында емдеу-диагностикалық манипуляциялар және профилактикалық іс-шаралар жүргізу технологиясы;

    14. Тәуекел факторлары – бұл АІИ-ның пайда болуына мүмкіндік беретін қоршаған ортаның немесе организмнің өзінің жағдайы және инфекция қоздырғышын беруге қатысатын қоршаған ортаның элементтері;

    15. Штамм – микроорганизмнің таза өсіріндісі;

    16. Экзогенді инфекция – сырттан енген микроорганизмдерді жұқтырудың нәтижесінде дамитын инфекция;

    17. Эндогенді инфекция – организмнің өз қоздырғыштарының белсенділігі нәтижесінде дамитын инфекция;

    18. Эндометрит – жатырдың сілемейлі қабығының ішкі беткі қабатында қабыну (эндометрия) үдерісін тудыратын ауру;

    19. Эпидемиологиялық қадағалау – медициналық көмектің және инфекциялық аурулардың алдын алудың сапасын жақсарту жөніндегі шараларды қабылдау үшін жауапты адамдарды ақпаратпен қамтамасыз ету және инфекциялар жағдайлары туралы деректерді жүйелі жинау, салыстыру және талдау;

    20. Эпидемиологиялық маңызы бар медициналық манипуляциялар – медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде медициналық манипуляциялардың алгоритмі бұзылған жағдайда, АІИ-ның пайда болуы мүмкін медициналық манипуляциялар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет