1. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін жүргізілетін іс-шаралар



бет17/35
Дата31.08.2023
өлшемі108,25 Kb.
#105720
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
Шұғыл көмек

40-сұрақ
40.Газбен залалсыздандыру
Бұл әдіс газды, залалсыздандыру камерада өтеді . Негізгінен бұл әдіспен медициналық құралдарды этиленде немесе ОБ ерітіндісінде залалсыздандырады. Заттар: кардиостимуляторлар, оптикалық, резинкелер, шыны ыдыстар, түрлі аппараттардың пластмасты бөліктері .
41-сұрақ
41.Антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу алгоритмі
1.Тамақ өнімдерімен жұмыс істеу, тамақты дайындау және тарату алдында;
2.Тамақ ішу алдында;
3.Дәретханаға барғаннан кейін;
4.Пациентпен тікелей жанасу болмаған кезде (төсек әбзелдерін ауыстыру, үй-жайды жинау және т.б.) пациенттің күтімі бойынша іс-әрекетті жүргізу алдында және жүргізгеннен кейін;Қолды жуу үшін жылы ағын су, дозаторы бар құтыдағы сұйық сабын, бір рет қолданылатын сүлгілер немесе бір рет қолданылатын майлықтар пайдаланылады. Жартылай босаған құтыға сұйық сабынды үстемелеп құюға болмайды.
Қолды жуу кезіндегі іс-әрекеттің жүйелілігі:
1.Су құбыры кранын ашу;
2.Қолды сумен сулау;
3.Ылғал қолға сабынды жағу;
4.)EN-1500 еуропалық стандартқа сәйкес өңдеу жүргізу (осы әдістемелік ұсынымға қосымша);
5.Қолды бір рет қолданылатын сүлгімен немесе бір рет қолданылатын майлықпен құрғату;
6.Сүлгіні қалдықтар жинауға арналған сыйымдылыққа немесе контейнерге тастау.
42-сұрақ
42 .Денсаулық сақтау объектілерінде қалдықтарды сақтауға қойылатын талаптар
Денсаулық сақтау объектілерінде қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Денсаулық сақтау объектілерінен медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, сақтау және әкету Денсаулық сақтау объектісінің басшысы бекіткен қалдықтармен жұмыс істеу бағдарламасына сәйкес орындалады, онда: 1) сыныптар бойынша түзілетін қалдықтардың құрамы; 2) медициналық қалдықтарды жинау тәртібі көзделеді; 3) қалдықтарды зарарсыздандырудың (залалсыздандырудың) және жоюдың қолданылатын тәсілдері; 4) қалдықтармен жұмыс істеу схемасы; 5) қалдықтармен жұмыс істеу кезінде персоналды эпидемиялық қауіпсіздік қағидаларына гигиеналық оқыту. Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру мақсатында Денсаулық сақтау объектісі басшысының бұйрығымен осы Санитариялық қағидалар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жауапты адам тағайындалады. Қалдықтарды жинау үшін бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптар, пакеттер, металл және пластикалық сыйымдылықтар, жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер пайдаланылады. Металл және пластик ыдыстар, қауіпті қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер тығыз жабылады.
43-сұрақ
43 Стерильдеу алдында өңдеу жүргізу
Залалсыздандыру алдындағы тазалау VII кезеңнен тұрады
І кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1% лизоформин (дезинфекциялық ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа салып қоямыз.
ІІ кезең. 1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған судың астында 30 секундтан жуамыз.
ІІІ кезең. Медициналық құрал – саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз.
IV кезең. Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал – саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз.
V кезең. Медициналық құрал – жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып, ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз.
Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды)
VІ кезең. Медициналық құрал саймандардың құрамындағы тұздарды жою мақсатында дистилденген сумен жуып шаямыз.
VIІ кезең. Медициналық құрал саймандарды кептіргіш шкафтың ішінде 85'C салып кептіреміз.
Тазалаудан толық өткізгеннен соң, медициналық құрал- саймандарды крафт пакетке, бөз орамына орап, бикске саламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет