Қолды өңдеу және қолды антисептикті қолданып өңдеу әдісі екі кезеңнен тұрады: • Қолды өңдеу және қолды антисептикті қолданып өңдеу әдісі екі кезеңнен тұрады: • қолды сабынмен жуу; • қолды тері антисептигімен дезинфекциялау. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеудің қадамдық алгоритмі: Қолды сабынмен және сумен жууды осы әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізу; • білезік буынына 3 мл-ден кем емес мөлшердегі антисептикті жағу және EN-1500 стандарты бойынша қозғалыстар кезектілігін сақтай отырып, толық кепкенге дейін, теріге мұқият үйкелеу (антисептик жаққаннан кейін қолдарды сүртпеу). 51-сұрақ 51 Дезинфекциялық құралдарға қойылатын талаптар Дезинфекциялау құралдарын сақтау және тасымалдау Кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізіледі. Дезқұралдар затбелгіде құралдың атауы, оның тағайындалуы, жарамдылық мерзімін көрсете отырып, өнім берушінің ыдысында(қаптамада) сақталады. Ыдыстың затбелгісі дезқұралды сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.. Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының және Евразиялық экономикалық комиссиясының қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезқұралдар қолданылады. Дезқұралдардың қауіптілігі осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген дезинфекция, дезинсекция дератизация құралдарының қауіптілігін сыныптауға сәйкес белгіленеді. Дезқұралдарды қолдану шарттары олардың қауіптілік дәрежесімен айқындалады: Жабық үй-жайларда аса қауіпті құралдарды пайдалануға рұқсат етілмейді, қолдану ұсынылмайды (1-сынып);
Білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық тамақтану объектілерінде және тұрғын үй-жайларда жоғары қауіпті құралдарды (2-сынып) пайдалануға рұқсат етілмейді. Басқа объектілерде кейіннен міндетті түрде желдету және жинау арқылы тек оқытылған персонал ғана оларда адамдар жоқ кезде қолдануына рұқсат етіледі (2-сынып);
Орташа қауіпті құралдарды (3-сынып) оқытылған персоналдың кез келген типтегі үй-жайларда және тұрғындардың тұрмыста, бірақ қолдану шарттарының міндетті түрдегі регламенттеуімен (препараттың шығыны, желдету режимі, жинау) пайдалануға рұқсат етіледі
қауіптілігі аз құралдарды (4-сынып) қолдану саласын шектемей пайдалануға рұқсат етіледі.Жарамдылық мерзімі аяқталған, жарамсыздық белгілері (түсінің өзгеруі, бөгде элементтердің болуы) бар болған жағдайда дезқұралдар есептен шығарылады және жойылады.
52-сұрақ 52. Залалсыздандырылған үстелді жаю Максаты: ассептика ережесі сакталған жағдайда аспаптар мен танғыш материалдардың үстел үстінде залалсызданған 6 сағат бойы сақтау. Жабдықтар: манипуляциялык үстел; 0, 06 % деохлор ерітіндісін зарарсыздандырушы ерітіндіге арналған 2 сыйымдылық; залалсыздандырылған жайма, танғыш материал, залалсыздандырылған аспаптар Салынған бикстер. Емшараға дайындық 1. Арнайы киімді киеді: халат, телпек, бетперде, қолғап. 2. Зарарсыздандырушы ерітіндіге малынған шүберекпен үстелді екі қайтара өңдейді, сүрткен кезде сүртімді бірінің үстіне бірін жағып, араларында сүртілмеген жер қалмайтындай ету керек. 3. Кебуін күтеді. 4. Қолды хирургиялық деңгейде өңдейді. 5. Залалсыздандырылган халатты киеді. Емшараны орындау 1. Залалсыздандырылган ан бикстен 4 қабатталған жайманы алады. 2. Аспаптарға арналған үстелдің үстіне жайманы шеттері 15-20 см үш жағынан салбырап тұратындар етіп төсейді. 3 :Жайманы үстіңгі екі қабатын жиырып көтереді 4:Жайманын үстіңгі екі қабатының ішкі бетін жоғары қаратып Артқа қарай ашады. Үстелдің үстіне Залалсыздандырылган корнцангтын көмегімен залалсызданған аспаптар мен таңғыш материалдарды топтап бөліп Орналастырады. Жайманын устінгі екі кабатын кыскашпен бекітеді.