1. Патологиялық физиология пәні. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері. Зерттеу әдістері. Тіс жегісі мен пародонт ауруларын үлгілеу


Несеп сүзілуінің азаюы.Мына жағдайларда несеп сүзілуі азаюы мүмкін



бет21/23
Дата05.05.2023
өлшемі73,56 Kb.
#90215
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
шпор патфиз

Несеп сүзілуінің азаюы.Мына жағдайларда несеп сүзілуі азаюы мүмкін: ● шумақ қылтамырларында қан қысымы (ҚҚ) төмендегенде; ол өз алдына мына себептерден дамиды:♣ сілейме, коллапс, қан айналымы жеткіліксіздігі кездерінде жүйелік артериялық қан қысымы тым қатты төмендегенде; ♣ бүйрек шумақтарына қанның ағып келуі (бүйрек артерияларының артериосклероздық тарылуы, тромбозы кездерінде) азайғанда; ● қанда коллоидтық-осмостық қысым көтерілгенде; ол өз алдына: ♣ организмнің сусыздануы кезінде қанның қоюлануынан; ♣ көп мөлшерде организмге нәруыздық сұйықтар енгізгенде; ♣ гиперпротеинемиямен қабаттасатын аурулар кездерінде байқалады; ● зәр жүретін жолдарының цилиндрлермен, тастармен бітелуі, сыртынан қысылып қалуы (қуық асты безінің аденомасы) нәтижесінде Боумен қапшығы қуысында қысымныңкөтерілуі кезінде; мәселен, Боумен қапшығы ішіндегі қысым с. б. б. 25 мм-ге жеткенде шумақтар арқылы несеп сүзілуі мүлде тоқтап, анурия дамиды; ● диффуздық гломерулонефриттер, нефросклероз кездерінде қызмет атқаратын нефрондар азайғанда нефрон шумақтары арқылы несеп сүзілуі азаяды.

20.Зәр құрамының сапалық өзгерістері.Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия ,патогенезі.
Несеп құрамының өзгерістері.Несеп құрамының өзгерістеріне зәрде нәруыздардың эритроциттердің, лейкоциттердің, цилиндрлердің шамадан тысартық пайда болуы жатады және олар әртүрлі бүйрек ауруларының көрсеткіші болып есептеледі.Қалыпты жағдайда несеппен тәулігіне 0,1 г нәруыз шығарылады. Оның бұдан артық шығарылуын протеинурия дейді. Бұл протеинурия негізінен қан плазмасы нәруыздарының нефрон шумақтары арқылы артық сүзілуінен дамиды және нефрон шумақтарының тіректік мембраналарының өткізгіштігі жоғары-лауын көрсетеді.Бұл протеинурияны шумақтық протеинурия дейді және олгломерулонефриттер кездерінде шамалы деңгейде (тәулігіне 1 г-нан артық) болса, нефроздық синдромдар кездерінде тым үлкен деңгейлерде (тәулігіне 50 г-ға дейін) байқалады.Нефрон шумақтары қылтамырларының эндотелий қабаты, тіректік мембрана мен подоцяттер нәруыздардың несепке сүзілуіне тосқауыл болатыны туралы жоғарыда көрсетілді. Бұл тосқауылдар нәруыздардың теріс электр дәрменіне немесе олардың молекула көлеміне болады. Егер теріс электр дәрмені бар молекулаларды өткізбейтін тосқауыл тетігі жұмыс атқармаса, онда әлбумин несепке көптеп өтеді,

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет