Эндокриндік бездердің қызметтерінің бұзылыстары. Эндокриндік бездердің қызметі төмендеуін гипофункциясы, жоғарлауын гиперфункциясы дейді. Бірақ, кейбір эндокриндік бездер бірнеше гормондар өндіреді. Меселен, гипофиз бірнеше троптық гормондар (АКТГ, СТГ, ТТГ, ГТГ т.б.), бүйрек үсті бездері глюкокортикоидтық, минералокортикоидтық, және жыныстық гормондар өндіреді. Осыған байланысты кейбір эндокриндік аурулар бездің барлық гормондары өндірілуі бұзылыстарымен көрінеді. Мәселен, аденогипофиздің некрозы, қабыну немесе қан құйылу нәтижесінде байқалады және оның барлық гормондарының өндірілуі тоқталады. Содан аденогипофиздің толық жеткіліксіздігі дамиды. Осындай ауруды Симмондс ауруы дейді. Бұл кезде бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатының, қалқаншабездің, жыныстық бездердің қызметтері бұзылады, гипокортицизм, гипотиреоз, гипогонадизм дамиды. Өсу гормоны өндірілуі болмауынан зат алмасуларының бұзылыстары байқалады. Басқа эндокриндік бұзылыстарда жекелеген гормонның өндіріліп шығарылуы бұзылады. Мұндай жағдайды эндокриндік бездің үлестік гиперфункциясы немесе гипофункциясы деп атайды. Мәселен, аденогипофизде тек өсу гормонының өндірілуі жетіспеуінен балалардың бойы өсуі баяулайды, ергежейлілік дамиды. Сонымен қатар, эндокринопатиялар кездерінде бездердің дисфункциясы байқалады. Мәселен, туа біткен адреногениталдық синдром кезінде бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатында, стероидтар түзілуіне қажетті ферменттердің тежелуінен, кортизол өндірілуі қатты бұзылып, жыныстық гормондардың өндірілуі артып кетеді. Бездердің гипофункциясы мына жағдайларда байқалады: ● орталық реттелулерінің бұзылыстарынан; ● гормон өндіріліп шығарылуы азаюдан; ● гормондардың безден тыс жеткіліксіздігінен; ● нысана-тіндердің гормонға сезімталдығы азаюынан (жоғарыдан қараңыз). Бездердің гиперфункциясы мына жағдайларда дамиды: ● гормонның немесе оның белсенді аралық өнімдерінің тым артық өндірілуінен; ол өз алдына: ♣ безде өспе өсуінен; ♣ кері байланыс негізінде бездердің өзін-өзі реттеу тетіктері жеткіліксіздігінен; (мәселен, ұйқыбездің β- жасушаларының қандағы глюкозаның деңгейіне немесе гипоталамус нейрондарының глюкокортикодтарға, кортикотропинге сезімталдығы төмен болуы мүмкін); Ішке сөлденістік бездердің бұзылыстарын эндокринопатиялар дейді.Олар бір бездік (моногландулярлық)немесе көп бездік (плюригландулярлық) болып ажыратылады. Көп бездік эндокринопатиялар: ● гипоталамустық-гипофиздік; ● аутоиммундық; ● рецепторлық; ● тұқым қуатын болып ажыратылады.
9.Тиретоксикоз,микседема.Аддисон ауруы,Иценко-Кушинг ауруы кезінде ауыз қуысындағы өзгерістер.