Лейкоздар. Лейкоздардың негізінде қан жасушаларын өндіру тіндерінің тұтасқан ауыр гиперплазиялық (миелоидтық, лимфоидтық немесе эритробластық тіндердің) жүйелік бүлінуі жатады. Бұл гиперплазия, лейкоцитоз, анемиялар кездеріндегі гиперплазияларға қарағанда, қайтымсыз және қан жасушаларының жетілуі мен кемелденуі қатты тежелуімен сипатталады. Қан өндіру тіндерінің ошақтары, сүйек кемігінде ғана болмай, сау ересек адамдарда қан өндіруге қатыспайтын ағзаларда (бүйректе, бауырда, өкпе, ішектерде, тері астында, бүйрек үсті бездерінде т. б.) байқалады. Мұны лейкемиялық метаплазия немесе экстрамедулярлық (сүйек кемігінен тыс) қан өндірілу деп атайды. Лейкозға ұшыраған қан өндіретін жасушалар өспе жасушалары сияқты жетілмеген жас түрлерінде болады және сау жасушалардан, құрылымы, қасиеттері бойынша, қатты алшақтанып кетеді. Былайша айтқанда, лейкоздық жасушаларда да, өспе жасушаларына тән, атипиялар (морфологиялық, биохимиялық, антигендік, физикалық-химиялық) байқалады (Өспені қараңыз). Сондықтан лейкоздар қан өндіру ағзаларында өспелер ретінде қарастырылады. Өйткені лейкоз кезінде қан өндіретін жасушалар шексіз өсіп-өнеді, олардың жетіліп-кемелденуі, нақтылануы бұзылады, морфологиялық атипия байқалады. Сонымен қатар, кейбір химиялық өспе туындататын заттардың көмегімен тәжірибелік жануарларда (ақ тышқындарда) лейкоз алуға болады. Этиологиясы. Лейкоздардың этиологиясы әлі толық шешілмеген мәселе. Олардың пайда болуында химиялық әсерлердің, вирустардың, иондағыш сәулелердің маңызы белгілі.
7.Ауыру сезімі,түрлері. Ноцицепциялық, антиноцицепциялық жүйелер туралы түсінік. Ауыз қуысы ауруларындағы ауыру сезімі. Ауыру сезімінің патофизиологиясы. Ауыру адамның өзіндік тұлғалық сезімі. Ауыру деп адамның жандүниесі мен көңіл күйін меңгеретін мидың жоғарғы бөліктері мен ауыру сезімінің арнайы жүйесінің қатысуымен дамитын жанға жайсыз ауыр тұлғалық сезімді айтады. Ол ағзалар мен тіндерді бүліндіретін әсерлер туралы немесе сыртқы орта ықпалдарынан дамыған бүліністер мен дерттер туралы организмге дабыл береді. Ауыруды сезіну жүйесін ноцицепциялық жүйе - деп атайды. Ауыру физиологиялық және патологиялық болады. Әдетте ауыру сезімінің физиологиялық қорғаныстық маңызы бар. Ауыру туындататын тітіркендіргіштерден (ыстық температура, жарақат т.т.) адам немесе жануарлар аяқ-қолын тез тартып алады. Сол арқылы бүліндіргіш әсерлерден сақтанады. Ал туа біткен немесе жүре пайда болған жүйке жүйесі дерттерінің нәтижесінде ауруды сезбейтін адамдар тіндерінің бүліністерін де байқамайды. Содан адамның өміріне қауіп төндіретін ауыр қан кетулер т.б. асқынулар дамуы мүмкін. Патологиялық ауыру ноцицепциялық және оған қарсы жүйелердің арақатынасы өзгеруден дамиды және ол жүрек-қан тамырлары жүйесінде, ішкі ағзаларда, жүйкелік, эндокриндік және иммундық жүйелерде микроциркуляцияның бұзылыс-тарына, дистрофия дамуына, жанның күйзелуіне т.б. құбылыстарға әкеледі. Тым қатты ауыру сезімінің зардабынан организмнің тіршілігіне қатерлі ауыр сілейме (шок) дамуы ықтимал. Антиноцицепциялық жүйе. Ауыру туындату жүйесіне қарсы антиноцицепциялық жүйе бар. Ол жұлында және мидың барлық бөліктерінде орналасқан және патологиялық ауыру сезімін азайтуға немесе мүлде жоғалтуға бағытталған. Оның әсері әлсірегенде тіпті болар- болмас ауыру туындататын ықпал қатты ауыру сезімін 709 туындатады. Антиноцицепциялық жүйенің әлсіздігінде оны күшейтетін қосымша ықпал қажет болады. Сол себептен мидың антиноцицепциялық құрылымдарын электрмен тікелей демеу арқылы ауыр патологиялық ауыру сезімін жоғалтады. Көптеген ауру сезімін азайтатын дәрі-дәрмектер (аналгетиктер), ноцицепциялық нейрондардың синапстары арқылы қозу үрдісінің өтуін бөгеумен қатар, антиноцицепциялық жүйенің белсенділігін көтереді. Антиноцицепциялық жүйенің әрекеті эндогендік жүйкелік пептидтер мен медиаторлардың қатысуымен болады. Олардың ішінде апиындық жүйкелік пептидтердің маңызы өте үлкен. Ауыру сезімінің түрлері. Ауыру сезімі біріншілік және екіншілік болатыны жоғарыда келтірілді. Көптеген дерттер кездерінде ішкі ағзаларда орналасқан ауыру сезімі байқалады. Мұндай ауыру сезімін висцералдық (ағзалық) ауыру деп атайды. Бұл ауыру белгілі бір жерге орналаспай, бүкіл іш қуысына тараған болып келеді және көңіл-күйдің қатты қобалжуымен, адамның тұнжырауымен, дербес жүйке жүйесі әрекеттерінің өзгерістерімен сипатталады.
8.Эндокрин жүйесі қызметі бұзылыстарының жалпы этиологисы.Эндокрин бұзылыстарының негізгі түрлері(гипо-гипер- және дифункционалды эндокринопатиялар;)