1. Педагогикалық мамандыктың пайда болуы және қалыптасуы. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны



бет9/13
Дата10.03.2023
өлшемі128,97 Kb.
#72783
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Ұйымдастырушылық іс-әрекеті бір мезгілде мұғалім жобаларын практикада жүзеге асыру және әлдеқайда нақты жобалаудың шарты болып табылады. Мұғалімнің бұл іс-әрекетін ұйымдастыру (баяндау, тапсырмалар жүйесі); өз мінез-құлқын ұйымдастыру (іс-әрекеттің нақты жағдайларындағы педагогикалық әрекеттер); балалар іс-әрекетін ұйымдастыру (ұжымдық, топтық және жекеше); оқушылар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра білуі (белсенділермен, ата-анамен жұмыс жасай білуі).
Коммуникативтік іс-әрекет мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының саласын қамтиды. Педагогикалық іс-әрекет өзінің табиғаты бойынша оқушылар мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеті. Оның табыстылығы олардың арасындағы өзара қарым-қатынастың қалай қалыптасатындығына байланысты.
Гностикалық іс-әрекет мұғалімнің төмендегілерді зерделеуін қамтиды: өз іс-әрекетінің объектісі; яғни оқушылар көмегімен бұл іс-әрекет жүзеге асатын мазмұн, құралдар, нысандар мен әдістер; өз тұлғасын саналы жетілдіру мақсатында өз іс-әрекетінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Педагогикалық іс-әрекетке сәйкес мұғалім мамандығына тән педагогикалық қабілеттер анықталады.
Дидактикалық қабілет. Оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізу, олардың білім дәрежесі, іскерлігі мен дағдысын дұрыс анықтай білу, пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дамыту.
Академиялық қабілет. Мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, биология, әдебиет және т.б.) сәйкестігі. Мұндай мұғалім өз пәнін өскелең өмір талабына сай біледі, қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Перцептивті қабілет. Оқушының ішкі дүниесін тани білу. Қабілетті мұғалім оқушыларда ауық-ауық болатын психологиялық жағдайды (ренжу, қобалжу және т.б.) бірден байқайды.
Экспрессивті (сөйлеу) қабілеті. Тілдің көмегімен өз ойын, сезімін нақты және түсінікті етіп жеткізу.
Қолданбалы қабілет. Мұғалім өз мамандығына тікелей қатысы жоқ іс-әрекет түрі – спорт, шахмат ойындарымен, көркемөнер, бейнелеу өнері туындыларымен айналысып, оқушыларды қызықтыра білуі (7-сурет).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет