1. Педагогикалық мамандыктың пайда болуы және қалыптасуы. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны


Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты



бет2/13
Дата10.03.2023
өлшемі128,97 Kb.
#72783
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты.
Мұғалім мамандығы – елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін, өмірге ізгілік нұрын себуші, жауапкершілігі мол киелі мамандық. Жақсы мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті зор тұлға. Ол – оқытудың инновациялық технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның зиялы қауымының өкілі.
Мұғалім мамандығы – табиғаты жағынан гуманистік сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, әлеуметтік-мәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуметтік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты – оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі – жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.

Мұғалім еңбегінің профессиограммасы мұғалім тұлғасының моделі ретінде.
Мұғалім – оқушының интеллектуалдық негізін және рухани дүниесінің қалыптасуына жауапты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық әлеуеті мол тұлға.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды кәсіби тұрғыда Н.В.Кузмина, В.А.Сластенин, Қ.Жарықбаев, Н.Намазбаева, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин, В.Г.Ковалев, Л.Ф.Спирин, Н.Д.Хмель, М.Н.Сарыбеков, т.б. зерттеген.
В.А.Сластенин бойынша, мұғалім профессиограммасы мамандықтың құжаты ретінде оның біліктілік сипаттамаларын, яғии қоғамдық-саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген өзара қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдылар жүйесін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет