1. Педагогикалық мамандыктың пайда болуы және қалыптасуы. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны


Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман мұғаліміне қойылатын кәсіби талаптар және оның құқықтары мен міндеттері



бет6/13
Дата10.03.2023
өлшемі128,97 Kb.
#72783
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман мұғаліміне қойылатын кәсіби талаптар және оның құқықтары мен міндеттері.
Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне төмендегідей негізгі қасиеттерді кіргізуге болады: балаға деген шексіз сүйіспеншілік; деонтологиялық парыз, педагогикалық процесті жүйелі жүргізе алуы; бақылаушылдық қабілеттілігі; педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы; педагогикалық рефлексия, педагогикалық ойлаудың қалыптасуы; оңтайлы қарым-қатынас жасай алуы; ұжымшылдық; шығармашылық және т.б.
П.Ф.Каптерев көрсеткендей, педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылады: мақсатқа ұмтылу; табандылық; еңбексүйгіштік; қарапайымдылық және т.б.
Кәсіби педагог үшін ең маңыздысы – оқушының іс-әрекеттерін, тұлғалық өзін-өзі ұйымдастыруын, басқара алуы және қоғамда болып жатқан жағдайды дұрыс түсіне біліп, сол бағытқа сәйкес қызмет ету ( 4-сурет).





Сурет-4. Мұғалімнің маңызды кәсіби қасиеттері

Педагогикалық қызмет – педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеу, дамыту, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет.


Қазіргі таңда заман талабына қарай мұғалімдік қызметтегі адамдарға талаптар да күшейе түсті. ҚР «Білім туралы» Заңында педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған.
Педагог қызметкердің мәртебесі:
1) Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады.
2) Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.
Қазіргі заманғы білім беру жағдайында кәсіби біліктіліктің, құзыреттіліктің бұл құрылымдық компоненті тағы 3 компонентпен толықтырылады:
1) жаңашылдылыққа деген құлшыныс, инновациялық технологияны меңгеруі – шығармашылық білігі;
2) инновациялық тәжірибені үйрену, зерттеу, жинақтау білігі – ізденушілік;
3) кәсіби іс-әрекетке талдау жасай алуы, сындарлы ойлауы – педагогикалық рефлексияға қабілеттілігі.
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері кезеңінде мұғалімге төмендегідей жаңа талаптар қойылады: бәсекеге қабілеттілік; білім сапасының жоғары болуы; кәсіби шеберлілік; табыстылық; креативтілік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет